Конкурс шеңберінде ток-шоу форматында сабақты «Шақырылған қонақтар»



Дата05.07.2016
өлшемі30 Kb.
#179260
түріКонкурс
Үнемі педагогикалық ізденісте

Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі және шеберліктерін арттыру мақсатында, сондай-ақ, балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту үшін Екібастұз қаласы «Үміт» балалар үйінде 2013 жылғы 22 қаңтардан бастап «Педагогикалық ізденіс» ашық іс-шаралардың байқау-конкурсы жарияланды. Конкурс қатысушылары балалар үйі жанындағы жасөспірімдер үйі, балалар үйлерінің педагогтары болып табылады. Конкурс «Жас педагогтың үздік сабағы», «Қазақ тілін насихаттау, тіл мәдениеті, сөйлеуді дамыту және байытудың үздік шаралары», «Интерактивті әдістер мен технологияларды пайдалану бойынша үздік іс-шаралар», «Балалар үйі және жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру бойынша үздік іс-шаралар» номинациялары бойынша өткізіледі.



Байқау-конкурстың ашық іс-шараларының жоспары педагогтарға өз шеберліктерін көрсетуге және балалармен жұмыс істеуде шығармашылық әдіс-тәсілдерге мүмкіндік береді.
Конкурс шеңберінде ток-шоу форматында сабақты «Шақырылған қонақтар» клубының жетекшісі Ж.У. Каримова өткізді, онда Екібастұз қаласы ЖҚТБ орталығы, СӨС орталығының мамандары қатысты. Балалармен жыныстық қатынас мәдениеті арқылы жасөспірімдерді әлеуметтендіру мәселелері талқыланған болатын.
Конкурс эстафетасын «Мен адамдар әлеміндемін. Қасымнан табылатын адамдар» іс-шарасымен «Мұрагер» тобының жетекшісі А.С. Сарсенова жалғастырды. Аталған іс-шараның айтар уәжі өзіне, қоршаған адамдарға, әлем туралы ой және табиғаттағы адамдардың рөліне қатысты оң пікірлерді қалыптастыру болып табылады.
Музыка үйірмесінің жетекшісі Н.В. Климова балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Музыкалық КТО» өткізді. Балалар іс-шараларда өз шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді. Балалардың сахнаға әр шығуы юмор, тамаша музыкалық номерлермен толықтырылып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет