Презентация Тақырыбы: Тіл мәдениеті Орындаған: Рахматулла Г. Қабылдаған: Қайырбекова Ұ. Жоспар - Мәдениеттің тілге қатысы.
- Баспасөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір табыстарының жиынтығы да, тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалык, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксиста, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы. Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді: баспасөз тілінің мәдениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті. Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде баспасөздің сөйлеу тіліне тигізетін әсері күшті. Баспасөз тіл мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің сапасы қандай екендігіне өлшем бола алады. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір табыстарының жиынтығы да, тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалык, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксиста, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы. Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді: баспасөз тілінің мәдениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті. Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде баспасөздің сөйлеу тіліне тигізетін әсері күшті. Баспасөз тіл мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің сапасы қандай екендігіне өлшем бола алады. Баспасөз тілі мәдениеті Тіл мәдениетінің ішінде «баспасөз тілі мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің де сөйлеу тілінің де сапасы қандай екендігіне өлшем бола алады». Баспасөзді «Әдеби тіл мәдениетінің айнасы» (М.Балақаев) деп текке айтпаған болар, кезінде М.Әуезов газет-журналдардың рөліне үлкен мән берген болатын: «Анық өскелең сапаға ие болған өнерлі әдебиет-сөз жұртының тіл өнері жөніндегі тәрбиешісі, көмекшісі. Әрбір жеке ірі шығарма тәрізді жеке баспа орны да өз оқушы жұртшылығын тіл өнеріне тәрбиелейді. Біздің газетіміз ойдағыдай сапалы тілмен шығып тұрса, оқушы мен жас жазушыларымызды шешендікке, орамды тіл шеберлікке баулиды» деп айтқаны тек емес.
Достарыңызбен бөлісу: |