Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
| Е-R-4 |
73288
|
94108
|
Түпқараған ауданы «Түпқараған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130500, Форт-Шевченко қ., Досан Тәжіұлы көшесі, № 13 ғимарат, 2 -қабат, 25 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (72938) 22601, тел/факс: 22462, e-mail: u.uteshova@mangystau.dov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Түпқараған аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын әзірлеу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
Ветеринариялық талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; Жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру және қайта өңдеу; Жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін,алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
-эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
-эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
-мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру,салу, пайдалануға беру кезінде, оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс шаралар өткізуді ұйымдастырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру; Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру; Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу оларды ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну; Ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау; Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау және қадағалау; Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылау және қадағалау.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын әзірлеу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
Ветеринариялық талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; Жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру; Жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру және қайта өңдеу; Жануарлардың және адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін,алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
-эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
-эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
-мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру,салу, пайдалануға беру кезінде, оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс шаралар өткізуді ұйымдастырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру; Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру; Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу оларды ҚР-ның ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну; Ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау және бақылау; Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылау және қадағалау; Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жүргізілуін бақылау және қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Ветеринария саласы (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария).
2. «Түпқараған аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Аудан көлеміндегі ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруға және аграрлық кешенінің даму жоспарын жасауға қатысады, ауыл шаруашылығы саласындағы шаруашылықтардың жұмысына мониторинг жүргізеді. Мал санағы мен асыл тұқымды малды есепке алу, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия алушылардың құжаттарының уақтылы жасақталуын және қабылдап, аудандық ведомствоаралық комиссияда қаралуын, облыстық басқармаға жіберілуін қамтамасыз етеді. Ауданның шаруа қожалықтары мен тұтыну кооперативтерінің жұмысына бақылау жүргізеді. Лизинг жолымен техника, мал алушыларға аудан әкімі атынан ұсыныстар әзірлейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өнімдерінің аудан, облыс көлемінде сатылуын қадағалайды. Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жұмысын ұйымдастыруға ықпал жасайды. Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулыларымен егіншілерге берілетін субсидиялардың құжаттарын жасақтайды, уақытында облыстық ауыл шаруашылық басқармасына жолдануын қамтамасыз етеді. Табиғи мал азығын өндірушілердің жұмысына бақылау жасап, апта сайын ақпарат беріп отырады.
Аудан әкімдігінен, облыстық мекемелерден келген тапсырмалардың орындалуын, уақытында жауап қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде қызмет көрсетушілердің ай сайынғы жұмыс қорытындысы есебін жүргізіп, уақытында тиісті орынға тапсыруды қамтамасыз етеді.
Жыл аяғында ауыл шаруашылығы саласының жұмысын қорытындылап, аудан әкімінің жылдық есебіне материалдар әзірлейді, көрсеткіштер тақтасын жасақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Ветеринария саласы (ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария). Ауыл шаруашылық ғылымдар саласы (агрономия, аграрлық техника және технология).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
-
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
-
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
-
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді
Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн Түпқараған ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Түпқараған ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |