Конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата09.06.2016
өлшемі66.88 Kb.
#126102
Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы



Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде



теңгеден

теңгеден

1

D-O-3

109 932

148 242


«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №06-01.

Функционалдық міндеттері: білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, кәсіптік білім беру мен кадрлар дайындау саласындағы мемлекеттік нысаналы бағдарламаларының жүзеге асырылуына, жастарды кәсіптік оқытудың және кадрлар дайындаудың өңірлік, салалық бағдарламарының орындалуына басшылық жасайды.Білім мекемелеріндегі техникалық және кәсіптік білім білім берудегі кәсіптік оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуына жетекшілік етеді.Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын белгіленген тәртіпте бекітілуін құрайды, енгізеді.Білім басқармасының алқа мәжілісінде, техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар дайындау мәселелері бойынша басшының қатысуымен өтетін жиналыстарға материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Басқарманың алқа мәжілісінің шешімдері мен басқарма бұйрықтарының, жоғары органдардың құжаттары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында.Мамандығы - білім саласында (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе халықаралық қатынастар немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» «Неке және отбасы туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасы «Еңбек кодексін» және нормативтік құқықтық актілерді, осы санатқа нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2.Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мониторинг бөлімінің басшысы- мемлекеттік еңбек инспекторы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №04-1-15.

Функционалдық міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша облыс ұйымдарда меншік түріне қарамастан еңбек қатынастарын реттеп отыратын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және нормативтік құқықтық актілердің орындалуына тексеру және зерттеу арқылы мемлекеттік бақылауды жүргізу. Мекемелер мен ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтау, жалпылау, жүйелеу және талдау жүргізу, еңбек инспекциясы бойынша 1-ЖМ, 2-МЕИ, 2-МЕИЖ үлгілеріндегі айлық, тоқсандық және жылдық есептердің сапалы және уақытылы дайындалуы мен өткізілуін, сонымен қатар салынған әкімшілік айыппұлдарға талдау жүргізу. Жалақы қарызы бойынша, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде ұйымдардың мониторингін қорытындалау жұмыстырына бақылау жасау. Бөлімнің мамандарының жұмысын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында немесе құқық саласында. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін білуі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыру-құжаттамалық және қаржы бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №05-1-17.

Функционалдық міндеттері: басқарманың бухгалтерлік есебін, қаржылық қызмет есебін, бухгалтерлік және басқа қаржылық–экономикалық құжаттарын орындауды және ресімдеуді ұйымдастыру. Басқармада мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу. Басқарманың іс-шараларын ұйымдастыру.Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Қолдағы бар мүлікті және оның қозғалысына, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануға, несиегерлермен, бюджетпен, несие және зайымдық қаржы банктері бойынша бюджеттен тыс қорлармен уақтылы есеп айырылысуды бақылау. Қаржы-шаруашылық және құжаттама бақылау бөлімінің жұмысын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: есеп және аудит немесе қаржы немесе экономика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерін білу.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет