2016 жылғы 04 наурыздағы «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурсында ішкі конкурс туралы хабарландыру орналастырылды
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ
Қызылжар ауданы жергілікті орындаушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.
1. «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының орынбасары, ауданның бас агрономы.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
АӨК даму бағдарламаларына сәйкес аймақтық қамтамасыз ету және мемлкеттік ресурстарына сатып алу үшін қажет өсімдік шаруашылық өнімінің көлемін өсіруге бағытталған жер өңдеудің бірыңғай технологиялық саясатын жүргізу. Ауданның аграрлық секторының даму бағдарламасы негізінде егістік көлемінің құрылымын жасауды жүргізеді.
Қалыпты ауа-райы жағдайлары мен сауда-саттық конъюктурасын есепке ала отырып астық өндіру құрылымын жандандыруды, астықты сақтау, сату және өндіру технологияларын жетілдіруін ұйымдастыру Аграрлық сектор дамуының алдағы жоспарларын жасауға қатысады. Ауыл шаруашылық компанияларын өткізу бойынша өндірістік бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын әзірлеу. Минералдық тыңайтқыштар (органикалықты қоспағанда) және тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасын жүргізуге қатысу,субсидия төлеуге өтінімдерді қабылдау және тексеруді жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдары» (агрономия) бейіні бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
2. «Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ ауданның коммуналдық меншігін басқару және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-R-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Коммуналдық меншікке меншік құқығын анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Коммуналдық меншікке жеке негіздер бойынша түскен жылжымайтын мүлікке құқығын анықтаушы құжаттардың ресімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Коммуналдық меншікке жеке негіздер бойынша түскен жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммуналдық меншікті жалға алу шарттарын ресімдеу, мүліктік жалға берілген үй-жайлардың өлшемдерін жүзеге асыру. Мүліктік жалдаудың шарттарын орындау және жалға берудің заңдылық мәселелері бойынша рейдтер жүргізу. Экономика және қаржы бөлімінің бұйрықтарын және қаулыларды әзірлеген кезде қолданыстағы заңдарды және нормативтік-құқықтық актілерді қолдануына бақылауды жүзеге асыру. Экономика және қаржы бөлімінің мүдделерін сотта, құқық қорғау және фискалды органдарда ұсыну. Сот үдерісіне, жауап алу істеріне қатысу. Бөлім қызметкерлерінің арасында құқықтық жаппай оқуларды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алуды өткізу заңдылығына бақылау жасау. Мемлекеттік кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге, серіктестіктерге және мемлекет үлесінің қатысуымен акционерлік қоғамдарға, өз құзырлылығы шегінде анықтамалар беру. Жергілікті бюджетпен бекітілген көрсеткіштер негізінде қалыптасқан тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алудың ашық конкурстарға жоспарларын және мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың ұсынылған жылдық жоспарларын құру және оларды бюджеттің орындалуы бойынша жоғары тұрған уәкілетті органға беру. Бөлім басшысының нұсқауы бойынша басқа да өкілеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг), немесе «құқық» (құқықтану) бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ және уәкілетті органның интернет-ресурсында мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегрлендірілген ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |