Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары



Дата17.07.2016
өлшемі72.65 Kb.
#205308
түріКонкурс
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты бойынша: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

С-R-4 санаты бойынша: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.



*Ескерту: Осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:


Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-О-5

83282,08

112430,81

С-R-4

73288,23

99105,68


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. 160011, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, № 87.

Анықтама үшін телефондары: (8 7252) 99-75-43 ішкі (0201, 0202), (8 7252) 99-75-42 электронды пошта: 725-0202@sud.kz; 725-0201@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі бойынша:
1.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы (С-О-5) - 3 бірлік (оның ішінде 1-бірлік негізгі қызметкердің 02.05.2017 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне):

Функционалдық міндеттері: Соттар қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу, жергілікті соттарының судьялары мен кеңсе қызметкерлерінің жұмыс жүктемесін анықтау, нақты жұмыс көлемінің орындалуына шолу жасау, жергілікті соттарды нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етуге, заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз-шағымдары бойынша тексеріс жүргізу, соттарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс жүргізу, ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен сот мәселелері бойынша жұмыс ұйымдастыру, берілген міндеттемелерді уақытылы және сапалы орындау, еңбек тәртібін сақтау, жергілікті соттарда сот статистикасын жүргізілуін қадағалау, ҚР ратификацияланған халықаралық шарттар мен конвенцияларға сай құжаттардың заңға сай толтырылуын қадағалау, өз құзіреті шегінде басқа сұрақтар бойынша шешім қабылдау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
1. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4, 14 бірлік): Шымкент қаласының Абай аудандық соты- 1 бірлік; Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты-3 бірлік (негізгі қызметкерлердің балаға күтім жасау демалыстары кезеңіне, 1-бірлік-01.06.2017 жылға дейін, 1-бірлік- 09.03.2018 жылға дейін); Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты-1 бірлік; Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты- 1 бірлік; Мақтаарал ауданы №2 аудандық соты-1 бірлік; Мақтаарал ауданы №3 аудандық соты-1 бірлік; Созақ аудандық соты-2 бірлік (негізгі қызметкерлердің балаға күтім жасау демалыстары кезеңіне, 1 бірлік - 22.09.2016 жылға дейін, 1 бірлік - 18.09.2016 жылға дейін); Кентау қалалық соты-1 бірлік (негізгі қызметкердің 15.12.2016 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Ордабасы аудандық соты-2 бірлік (оның ішінде 1-бірлік негізгі қызметкердің 01.05.2016 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Бәйдібек аудандық соты -1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

2. Бас маман (С-R-4, 5 бірлік): Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты-1 бірлік; Шымкент қаласының Абай аудандық соты-1 бірлік; Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты-1 бірлік; Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты -1 бірлік; Кентау қалалық соты-1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Кіріс және шығыс хат хабарларды тіркеу, кіріс хат-хабарлардың тіркеу журналын жүргізу және судьяларға, мамандарға істерді уақытылы тапсыру, нарядтарды, арыздардың тіркеу журналын жүргізу, хат-хабарламаларды жолдау, статистикалық есептер мен қаралған істер бойынша талдау жүргізу, автоматты түрде істерді бөлу; мұрағат жұмыстарын жүргізу; соттың оқу орталығының жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

3. Аға сот приставы (С-R-4, 4 бірлік): Сайрам аудандық соты-1 бірлік; Мақтаарал ауданы №2 аудандық соты-1 бірлік, Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты-1 бірлік; Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты-1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру, сот отырыстарын өткізуге арналған залдардың дайын болуын бақылау, ережеге сәйкес сот ғимаратына кіру режимін жеке өзі ұйымдастырады және қадағалау, сот ғимаратында және сот отырысы залында азаматтардың белгіленген тәртіпті сақтауын бақылау, Сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асыру, қамауда отырған адамдарды күзету және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша айдауылдау қызметі қызметкерлерімен өзара әрекет жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет