Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-4 - санаты үшін Жоғары білім, жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
|
Теңгеден
|
Теңгеге дейін
|
Е-4
|
77453
|
104936
|
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихат аппараты
(080600, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі № 147 үй, кабинеттер №30, №31. Телефон/факс 8(72642)2-12-31, 8(72642)2-47-59, электрондық пошта maslihat_7@mail.ru) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
Мойынқұм ауданы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы (санаты Е-4), 1 бірлік (кадрлық коды №01-05).
Функционалдық міндеттері:
Аудандық мәслихат хатшысы, аппарат басшысы, бөлім басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Аудандық мәслихаттың шешімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалары бар шешімдерді әділет органынан мемлекеттік тіркеуден өткізеді, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді, аудандық мәслихаттың шешімдерін, аудандық мәслихат хатшысының өкімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулыларының заң талаптарына сай рәсімделуін қамтамасыз етеді, аудандық мәслихат аппаратында заңнамалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, қажет болған жағдайда сот процесстеріне қатысады, аппаратта құқықтық оқулар жүргізеді;
Мәслихат аппаратының іс жоспарына сай іс шаралардың орындалуын жүзеге асырады, аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелер бойынша материалдарын жинақтап, дайындайды, мазмұны мен сапасын зерделейді, бақылауға алынған жинақтау папкілерінің ішіндегі құжаттардың дұрыстығын зерделейді, сессиясына ұсынылатын мәселелер бойынша материалдарын жинақтап, дайындайды.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларының құжаттарын және сессия хаттамаларын рәсімдейді. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін алмастырып жұмысын жүргізеді және бөлім басшысы тарапынан берілген қызметтік тапсырманы тікелей орындайды. Бөлім басшысы жұмыста болмаған кезде оның міндетін Заңға сәйкес уақытша атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе құқық саласындағы.
Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақсан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқытық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Үшінші бағдарлама Е-4 санатына арналған және келесіні қамтиды: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Мойынқұм аудандық мәслихаты аппаратына тапсырылуы тиіс.
Конкурстық комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азматтар берілген құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі №147 мекен жайында орналасқан Мойынқұм аудандық мәслихаты аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығымен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді
Конкурсқа қатысушылармен кандидаттар конкурс комиссия шешімімен келіспеген жағдайда шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |