Конкурсын дайындау және өткізу ережесі Жалпы ережелер



Дата05.07.2016
өлшемі112.26 Kb.
#179722
түріКонкурс


«Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау» жеке қорының қамқоршылық кеңесі шешімімен бекітілді

2016 жылғы «22» ақпан

(№ 03 хаттамасы)
Астана қаласында өтетін ІІІ Халықаралық балет әртістерінің

конкурсын дайындау және өткізу ережесі


  1. Жалпы ережелер




  1. Астана қаласында ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау» жеке қорының қамқоршылық кеңесі шешіміне сәйкес өткізіледі.

  2. «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау» жеке қоры Конкурстың құрылтайшысы болып табылады.

  3. Конкурс «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратында «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау» жеке қорының ұйымдастыруымен, 2016 жылғы қыркүйек айының 11-17 аралығында өтеді.


2.Конкурстың мақсаты мен міндеттері


  1. Мақсаттары мен міндеттері:

1) Қазақстандағы классикалық балет өнерін насихаттау;

2) дәстүрлі классикалық балет өнерін сақтау және дамыту;



3) талантты әрі дарынды балет әртістерін анықтау және ынталандыру, жалпы Қазақстанның мәдени келбетін арттыру.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары


  1. Конкурсқа 17-26 жас аралығындағы Қазақстанның және шет мемлекеттердің балет мектептерінің оқушылары мен балет әртістері катыса алады.

  2. Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттарды ұсыну керек:

    1. Астана қаласында ІІІ Халықаралық балет әртістерінің конкурсын дайындау және өткізу ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 1-ші қосымшасына сәйкес өтініш;

    2. Ереженің 2-ші қосымшасына сәйкес, орындау бағдарламасы;

    3. Жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

    4. соңғы 6 ай көлемінде түскен, өлшемі 3х4 пен 9х12 (2 дана) және 1 дана (рөлде жалғыз өзі) фотосурет;

    5. шығармашылық өмірбаян (түйіндеме);

    6. хореографиялық білімі туралы құжаттың көшірмесі.

Конкурсқа қатысу туралы өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар
2016 жылдың 31 шілдесіне дейін (осы күнмен қоса саналады) мына электрондық пошта мекен-жайына жіберілуі тиіс: info@astana-ibc.com.

  1. Ұйымдастыру комитеті Конкурстың басталуына күнтізбелік 30 күн қалғанда қатысушыларға шақыру жібереді.

  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушінің қол қойған өтініші - қатысушының осы Ереженің талаптарымен келісетінін білдіреді.

  3. Конкурс қатысушылары мен олардың жұптары Ұйымдастыру комитеті шақыруда көрсеткен мерзімде Конкурсқа келеді. Конкурсқа қатысушылардың келу шығындары осы Ереженің 32-34 тармағына сәйкес жүзеге асады.

  4. Қазақстан Республикасының азаматы саналмайтын қатысушылар Конкурсқа қатысу үшін, ресми шақыру негізінде, визалары мен төлқұжаттарын өздері рәсімдейді.

  5. Конкурсқа қатысудан бас тартқан жағдайда қатысушыларға Ереженің 6 тармағында көрсетілген құжаттар қайтарылмайды.

  6. Конкурсқа солистер (қыздар, ер балалар және жұптар) қатысады. Жеке немесе жұппен өнер көрсеткеніне қарамастан, әрбір қатысушы жеке бағаланады. Қатысушылар, Конкурсқа қатыспайтын серіктерімен өнер көрсете алады.

  7. Конкурсқа қатысушылардың орындау бағдарламасы және бірінші турдың міндетті бағдарламасы Ереженің 3 және 4 қосымшаларында көрсетілген.

  8. Конкурс үш турдан тұрады.

  9. І, ІІ, ІІІ турда өнер көрсетудің тәртібі жеребе арқылы белгіленеді және Конкурстың соңына дейін өзгермейді.

  10. Турдың бірінде орындалған шығармалар екіншісінде қайталанбауы тиіс.

  11. Барлық шығармалар көпшіліктің алдында көрсетіледі.

  12. Конкурсқа қатысушылар әр турдағы орындау бағдарламасын келген күні нақтылайды және оны Конкурс барысында ауыстыра алмайды.

  13. Қатысушылар Конкурсқа концертмейстерлерімен қатар (концертмейстерлердің барлық нота материалдары өздерімен болуы тиіс) келген болса, Ұйымдастыру комитетіне ұсынылған фонограммаларды пайдалануға құқылы. Конкурсқа қатысушылар әр турдағы әрбір нөмірі үшін фонограмма беруі тиіс.

  14. Фонограмма салынған қораптарда орындаушының тегі, номердің атауы және Конкурстың қай турында пайдаланатыны нақты көрсетілуі қажет. Жазба кәсіби аппаратурада жасалған болуы керек.

  15. Барлық жеңімпаздар үшін қорытынды гала-концертке қатысу міндеттеледі.

  16. Гала-концертте қатысушылар, қазылар алқасы бекіткен бағдарламаларға сәйкес, тегін өнер көрсетеді.



4. Кіру жарнасы


  1. Конкурсқа қатысушылардың мүшелікке кіру жарнасы Қазақстан қатысушылары үшін 20 АҚШ долларын (жарна төлеу күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен теңге бағамы бойынша), шетелдік қатысушылар үшін 100 АҚШ долларын (жарна төлеу күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен теңге бағамы бойынша) құрайды.

  2. Жарна Конкурсқа келіп тіркелген кезде төленеді.

  3. Қатысушыларды тіркеу «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында 2016 жылғы 11 қыркүйекте өтеді.


5. Ұйымдастыру комитеті


  1. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің

құрамы (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау» жеке қоры атқарушы директорының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз қызметін қоғамдық бастама негізінде жүзеге асырады.

  2. Ұйымдастыру комитеті мүдделі ұйымдармен Конкурсты дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара әрекет етеді.

  3. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.

  4. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

  5. Заңды және жеке тұлғалар Конкурстың Ұйымдастыру комитетінің келісімі бойынша арнайы сыйлықтар тағайындай алады.

  6. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға Конкурсқа қатысу шығындарын (қонақ үйде тұру ақысын) тек қана Конкурсқа қатысқан уақыт аралығында төлейді. Қатысушыларды баспанамен (Астана қаласындағы қонақ үй) қамтамасыз етеді. Яғни, Конкурс басталар күннен бастап қана оған қатысушылардың шығыны өтелмек.

  7. Шақыруда көрсетілген мерзімнен бұрын Астана қаласына келген Конкурсқа қатысушылар Ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімге дейін өздерінің шығындарын өздері көтереді.

  8. Ұйымдастыру комитеті қатысушылармен еріп келген концертмейстерлер мен әріптестерінің шығындарын өтемейді.

  9. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға дайындық кластарын пайдалануға береді.

  10. Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға қосымша қаламақы төлеместен, үш күнге созылатын Конкурсты радио, теледидар арқылы көрсету және кейінгі уақытта тарату құқығына ие.


6. Қазылар алқасы және номинациялар


  1. Конкурс қатысушыларының өнерін бағалау, сондай-ақ, қорытынды шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау» жеке қоры атқарушы директорының бұйрығымен бекітіледі.

  2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделіп, оған барлық мүшелері қол қояды.

  3. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

  4. Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитетімен белгіленген жүлделі орындарды (Бас жүлдеден басқа) бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.

  5. Конкурс барысында қазылар алқасы мүшелерінің қатысушыларды жаттықтыруға және өздерінің оқушыларын бағалауға құқықтары жоқ.

  6. Конкурс құрылтайшысы төмендегідей сыйақы тағайындап отыр:

– Бас жүлде – 10 000 (он мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

– Әйелдер арасында І орын – 7 000 (жеті мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

– Ерлер арасында І орын – 7 000 (жеті мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

– Әйелдер арасында ІІ орын – 5 000 (бес мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

– Ерлер арасында ІІ орын – 5 000 (бес мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

– Әйелдер арасында ІІІ орын – 3 000 (үш мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы;

– Ерлер арасында ІІІ орын – 3 000 (үш мың) АҚШ доллары, Конкурс лауреатының дипломы.

– Конкурстың дипломанттары (екі ер және екі әйел) – 1 000 (бір мың) АҚШ доллары;

– Қазақстанның көрнекті бишілері жүлдесі – 1 000 (бір мың) АҚШ доллары;

– «Үздік дуэт» жүлдесі – 1 000 (бір мың) АҚШ доллары;

– «Үкілі үміт» жүлдесі - 1 000 (бір мың) АҚШ доллары;

– Заманауи хореография жүлдесі – 1 000 (бір мың) АҚШ доллары.



  1. Сыйақылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағамы бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық түрлері алына отырып, теңгемен беріледі.


7. Қорытынды ереже

  1. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.

________________________
Астана қаласында өтетін

ІІІ Халықаралық балет

әртістерінің конкурсын

дайындау және өткізу

ережесіне 1-қосымша
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ҰСЫНЫС ҚАҒАЗЫ /ЗАЯВОЧНЫЙ ЛИСТ УЧАСТНИКА/ /APPLICATION FORM OF THE PARTICIPANT




Аты-жөні/ Фамилия, имя/Name, Surname




Категориясы: дуэт немее жеке орындаушы /Категория: дуэт или солист / Category: couple or soloist




Туған күні және туған жері/Дата и место рождения/Date and place of birth/




Азаматтығы/Гражданство/Citizenship/




Конкурсқа қай мемлекеттің атынан келдім /На конкурсе представляю страну/At the competition I represent /




Мекен-жайы, телефон, факс, e-mail/ адрес фактического места жительства, телефон, факс, e-mail/ Permanent address, тelephone, fax, e-mail/




Жұмыс орны немесе оқу орны / Место работы или учебы/Place of work or studies/




Ұстаздың аты-жөні/Фамилия, имя педагога/Surname, name of the professor/




Ұстаз-репетитордың аты-жөні/ Фамилия, имя, отчество педагога-репетитора/ Surname and Name of the coach/




Серігінің аты-жөні/Фамилия, имя, отчество партнера/ Surname and Name of the partner)



Қандай оқу орнын және қашан бітірді /Какое учебное заведение окончено и когда/ When and what music college or conservatoire did the contestant graduate from/




Конкурстың ережелермен келісемін және толығымен орындаймын/

С условиями конкурса согласен, обязуюсь их выполнять/

I agree with the Competition Rules and shall observe them.
Мерзімі/ Дата/ /Date/ «____»________________2016____________

Астана қаласында өтетін

ІІІ Халықаралық балет

әртістерінің конкурсын

дайындау және өткізу

ережесіне 2-қосымша


ОРЫНДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

PROGRAMME TO BE PERFORMED
Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (Surname and Name)_________________________

__________________________________________________________________________


I тур (Round I)

Классикалық хореография (Classical choreography)

Нөмірдің атауы___________________________________________________________

Name of work _________________________________________________________



Ұзақтығы________________________________________________________________

Performance time



Композитор_____________________________________________________________

Composer


Хореограф_______________________________________________________________

Choreographer


II тур (Round II)

а) Классикалық хореография (Classical choreography)

Нөмірдің атауы___________________________________________________________

Name of work _________________________________________________________



Ұзақтығы________________________________________________________________

Performance time



Композитор_____________________________________________________________

Composer


Хореограф_______________________________________________________________

Choreographer


б) заманауи хореография (Contemporary choreography)

Нөмірдің атауы (Name of work) _____________________________________________

Ұзақтығы (Performance time) ________________________

Композитор(Composer) ____________________________________________________

Хореограф (Choreographer) _________________________________________________

Нөмір ___________жылы қойылған The work staged in __________year



Конкурсқа арнайы жазылғанИя, Жоқ Specially for competition – Yes, No

(қажет емесін сызып тастаңыз) (delete the useless)



III тур (Round III)

Классикалық хореография (Classical choreography)

Нөмірдің атауы ___________________________________________________________

Name of work _________________________________________________________

Ұзақтығы _______________________________________________________

Performance time

Композитор______________________________________________________________

Composer


Хореограф______________________________________________________________

Choreographer

Қолы___________________________ Датасы_________________________

Астана қаласында өтетін

ІІІ Халықаралық балет

әртістерінің конкурсын

дайындау және өткізу

ережесіне 3-қосымша


Қатысушылардың орындау бағдарламасы:

Солистер: 

І турда: 
а) конкурс бағдарламасына сәйкес классикалық балеттің екі нұсқасын орындайды.

ІІ турда: 
а) классикалық балеттің бір нұсқасын орындайды.

б) заманауи немесе 2009 жылдан бері қойылған балеттен үзінді. Ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. 


ІІІ турда: 
классикалық балеттің екі нұсқасы. 

Жұптар үшін:

І турда:
Конкурсдың міндетті бағдарламасына сәйкес классикалық балеттен бір pas de deux.

ІІ турда: 
а) классикалық балеттен бір pas de deux;

б) заманауи нөмір немесе 2009 жылдан бері қойылған балеттен үзінді


Қатысушылардың ІІ турда орындайтын заманауи нөмірі (немесе балеттен үзінді) дуэт түріңде де, жеке орындаушы ретінде де қабылдана береді. Дуэт ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс. Заманауи нөмірді жеке орындаудағы ұзақтығы 5 минуттан аспауы қажет. 
Әр нөмір тек бір турда орындалады.

III турда:  
классикалық балеттен бір pas de deux. 

Астана қаласында өтетін

ІІІ Халықаралық балет

әртістерінің конкурсын

дайындау және өткізу

ережесіне 4-қосымша



І турға арналған міндетті репертуар: 
Әйелдер (соло):

Ч. Пуньи – «Эсмеральда». Диана және Актеон II актінен Диананың Рas de deux нұсқасы. А. Ваганованың хореографиясы (вариация музыкасын жазған Р. Дриго) 


Х. Левенсхольд – «Сильфида». Сильфиданың II  актінен вариациясы. А.Бурнонвильдің хореографиясы. 
А. Адан – «Жизель».  Жизельдің I актінен вариация. М. Петипаның хореографиясы (нұсқа музыкасын жазған Л. Минкуса) 
Л. Минкус – «Баядерка». «Көлеңкелер» картинасының үш нұсқасының бірі.
М. Петипаның хореографиясы.
Л. Минкус – «Дон Кихот». Китридің IV актінен нұсқа. М. Петипа., А. Горский хореографиясы. 
П.Чайковский – «Аққу көлі». Одеттаның II актінен нұсқа. Л. Ивановтың хореографиясы. 
П.Чайковский  - «Спящая красавица». Бриллиант перісінің III актінен нұсқа. М. Петипаның хореографиясы.  
П.Чайковский – «Классическое pas de deux». Әйел нұсқасы. Дж. Баланчиннің хореографиясы. 
А. Глазунов – «Раймонда». Раймондо I актінен нұсқа. М. Петипаның хореографиясы. 
М. Равель – «Печальная птица». К. Голейзовскийдің хореографиясы.  
  
Ерлер (соло):

Х. Левенсхольд – «Сильфида». Джеймстің II актінен нұсқа. А. Бурнонвильдің хореографиясы. 


Л. Минкус – «Баядерка». Cолор варициясы. М. Петипа, В.Чабукианидің хореографиясы. 
Л. Минкус – «Дон Кихот». Базильдың IV актінен нұсқа. М. Петипа, А. Горскийдің хореографиясы. 
Ч. Пуньи – «Эсмеральда». Актеонның IV актінен нұсқа. А. Ваганованың хореографиясы.
П.Чайковский – «Спящая красавица». Көк құстың III актінен нұсқа. М. Петипаның хореографиясы. 
П.Чайковский – «Щелкунчик». Ханзаданың III актінен нұсқа. В. Вайнонен хореографиясы. 
П.Чайковский – «Классическое pas de deux», Ер адам нұсқасы. Дж. Баланчинаның хореографиясы.  
С. Балансян – «Ләйлә - Мәжнүн». Мәжнүннің III актінен нұсқа. К. Голейзовскийдің хореографиясы.

Дуэттер: 

Б. Асафьев – «Пламя Парижа». Жанна мен Филипптің IV актінен рas de deux. В. Вайнoнен хореографиясы. 


А. Адан – «Жизель». Жизель мен Альберттің II актінен үлкен pas de deux. Ж. Перро,
Ж. Коралли, М. Петипа хореографиясы. 
Л. Обер – «Большое классическое pas» В. Голейзовский хореографиясы. 
П. Чайковский – «Лебединое озеро». Одиллия мен Зигфрид ханзаданың III  актінен рas de deux. М. Петипа хореографиясы. 
П. Чайковский – «Спящая красавица». Аврора мен Дезире ханзаданың III актінен рas de deux. М. Петипа,  К. Сергеев хореографиясы.  
А. Адан – «Корсар». Медора мен Рабтың II актінен рas de deux. М. Петипа хореографиясы (Рas de deux музыкасын жазған Р. Дриго) 
Э. Хельстед – «Фестиваль цветов в Дженцано». Pas de deux. А. Бурнонвильдің хореографиясы. 
А. Скpябин – «Драматическая поэма». К. Голейзовский хореографиясы.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет