Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық



бет1/9
Дата17.07.2016
өлшемі351.5 Kb.
#206416
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы»

РМҚК директорының

2013 жылғы 25 сәуірдегі

№81-ОД бұйрығымен бекітілген

(2015 жылдың 19 ақпанында

№ 66-НҚ өзгертулер енгізілген)


Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер





  1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:

    1. «ҰБТ өткізу пунктінің» деректер базасын қалыптастыру;

    2. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру;

    3. тестілеуді өткізуге дайындық;

    4. тестілеуді өткізу;

    5. апелляцияны өткізу;

    6. сертификаттарды басу және тарату;

    7. жұмыс бойынша есеп дайындау.

  2. Осы нұсқаулық ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:

  1. Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);

  2. мемлекетік комиссияның;

  3. ҰТО филиалының (ҰБТ-ны өткізу пунктінің) жетекшісінің (бұдан әрі – ҰБТ-ны өткізу пунктінің жетекшісі);

  4. ҰТО филиалының (ҰБТ-ны өткізу пунктінің) инженерінің (бұдан әрі – ҰБТ-ны өткізу пунктінің инженері);

  5. мектеп бойынша жауаптының (бұдан әрі – техникалық хатшы);

  6. Білім және ғылым министрлігі өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);

  7. Білім және ғылым министрлігінің программисінің (бұдан әрі - Министрлік программисі);

  8. апелляциялық комиссияның төрағасының;

  9. Білім және ғылым министрлігі өкілдері тобының жетекшісінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері тобының жетекшісі);

  10. аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі – кезекші);

  11. ағымдағы жылғы мектеп бітірушілердің (бұдан әрі - бітіруші).

  1. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7367 нөмірімен тіркелген) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын (бұдан әрі - Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.



2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу





  1. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - БҒСБК), Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (бұдан әрі - ҰҚКД), ҰТО, ҰБТ-ны өткізу пунктінің (бұдан әрі – ҰБТӨП) жетекшісі мен инженері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің (бұдан әрі - жергілікті білім беру органының), мемлекеттік комиссияның, Білім саласындағы бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - БСБД) бірлесе отырып атқаратын жұмыстарын қарастырады.

  2. БҒСБК ҰТО-мен бірлесе отырып, Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелеріне ҰБТ өткізу технологиясы бойынша оқыту семинарларын өткізеді.

  3. ҰТО тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес келесі автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және оны электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді:

«ҰБТӨП базасы» АЖО-сы аудиториялық қор және олардың жабдықталуы, оқушылар саны, ҰБТӨП-ке бекітілген оқу орындары, мектептен ҰБТӨП-ке дейінгі арақашықтық, бітірушілерді ҰБТӨП-ке тасымалдау тәсілі, мектептерді лектер бойынша бөлу жөніндегі мәліметтерді қамтиды;

«Бітіруші» АЖО-сы ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген мектеп бітірушілердің жеке мәліметтерін (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), білім беру ұйымы туралы, оқыту тілі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)) жинақтау, осы нұсқаулықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес бітірушілерді тіркеу туралы анықтама мен рұқсаттамаларды беру, бітірушілерді аудитория бойынша бөлу үшін қызмет етеді;

«Сканерді тексеру» АЖО-сы сканердің жұмыс істеу қабілетін тексеру үшін берілген арнайы жауап парақтарын сканерлеу;

«Министрлік программисі» АЖО-сы тестілеу нәтижелерін өңдеу; апелляцияға өтініштерді және олардың шешімін енгізу, Ереженің 4, 5- қосымшаларына сәйкес апелляция қорытындысын есепке алынбаған және алынған кездегі емтихан ведомостарын шығару үшін қызмет етеді;



«Сертификат» АЖО-сы бітірушінің аты-жөнін, пән бойынша жинаған балдарын және сертификаттың сериясы мен нөмірін көрсете отырып ҰБТ нәтижесі туралы сертификаттарды ресімдеу үшін қызмет етеді.

  1. ҰБТӨП-те осы нұсқаулықтың 13 тарауына сәйкес «ҰБТӨП базасы» АЖО-сын орнату және толтыру жүзеге асырылады.

  1. ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО-сы орнатылады және ҰБТӨП жетекшісімен тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.

  2. Техникалық хатшы бітірушілерден өтініштерді қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді.

  3. Ағымдағы жылғы мектеп бітіруші ҰБТ-ға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылдың 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 нөмірімен тіркелген) үлгідегі бланкіде өтініш береді.

  4. ҰБТӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкісі) сканерлеу жүргізіледі.

  5. ҰБТӨП инженері ҰБТӨП бойынша тестілеуге өтініштерді қабылдау барысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-ге дейін ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады. ҰТО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады.

  6. Ережеде белгіленген мерзімде жұмыс күнінің аяқталуына дейін (жергілікті уақыт бойынша 18.00) ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО-сы мен осы нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес өтініштерді тіркеу журналын жабу жұмысы жүргізіледі.

  7. «Бітіруші» ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді аудиториялар бойынша бөлу жұмысы жүргізіледі және осы нұсқаулықтың 2, 4 қосымшаларына сәйкес мектепте ресімделіп, бітірушілерге берілетін емтиханға кіру рұқсаттамалары мен рұқсаттамаларды тарату тізілімі басылып шығарылады.

  8. Ережеде белгіленген мерзімде тестілеуге қатысушылардың барлығымен бірлесе отырып ҰБТ өткізіледі. ҰБТӨП-те ҰБТ-ны өткізу кезінде Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия төрағасынан басқа қатысушыларға ұялы байланыс телефондарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

  9. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және Ереженің 3, 4 қосымшаларына сәйкес дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады.

  10. Апелляцияға өтініштерді қабылдау Ереженің 45 тармағына сәйкес жүргізіледі.

  11. Апелляция аяқталғаннан кейін Ереженің 5 қосымшасына сәйкес апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ-ның емтихан ведомосы беріледі.

  12. ҰБТ өту кезеңінде ҰТО-ға мәліметтерді күн сайын телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.

  13. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша осы нұсқаулықтың 38 тарауына сәйкес сертификаттарды дайындау және беру жүзеге асырылады.

  14. Министрлік өкілдері атқарылған жұмыстары жөнінде осы нұсқаулықтың 5, 6 қосымшаларына сәйкес нұсқада есептерін қағаз және электрондық тасымалдағышта ҰТО-ға тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет