Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 мамырдағы
№ А-6/229 қаулысымен
бекітілді
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау
конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының аудандық, Көкшетау және Степногорск қалалық білім бөлімдерімен, Ақмола облысының білім басқармасымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Өтінішті қабылдау нөмірі, күні және уақыты көрсетілген барлық құжаттарды қабылдау туралы қолхат мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету
тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 қаулысымен бекітілген «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 20 минут. Нәтижесі – кеңсеге құжаттарды тіркеу үшін жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді – 10 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің қабылдау нөмірі, күні мен уақыты көрсетілген барлық құжаттарды алғаны туралы қолхатты беру.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің)
өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
-
жауапты орындаушы;
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс- қимылдың) кезеңділігін сипаттау:
1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдауды, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 20 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді – 10 минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру процесінде көрсетілетін қызметті беруші рәсімдерінің (іс-қимылдарының), құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) кезеңділігін толық сипаттау, осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет берудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне қосымша
«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет
берудің бизнес-процесінің анықтамалығы
*ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің);
- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
-
көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ҚФБ рәсімінің (әрекетінің) атауы;
- келесі рәсімге (әрекетке) ауысу.
Достарыңызбен бөлісу: |