«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 129 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы»;
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері бекітілсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:
4) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері»;
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерін айқындайды.»;
2. Осы Ереже мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикавы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – мектеп) дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) грантты тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – грантты тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);
4) жұмыс органы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы.»;
7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жұмыс органы белгілейтін нысан бойынша толтырылған сауалнама;»;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орнын, сондай-ақ конкурстың бірінші кезеңі өткізілетін мерзімді жұмыс органы айқындайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
9. Конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.
Бірінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша үміткерлерді кешенді тестілеу жүргізіледі. Кешенді тестілеу екінші кезеңге іріктеу болып табылады. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.
Екінші кезеңде мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Конкурстың қорытындылары комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.».
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Достарыңызбен бөлісу: |