Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы хаттама
Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу
жөніндегі қызметі
(конкурстың атауы)
Орналасқан жері: «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мына мекен-жай бойынша: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1 үй.
Уақыты мен күні: сағат 15.00 мин, 21шілде 2014 жыл
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1 үй, «Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатжүргізу» жөніндегі қызметін мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.
2. Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген сома:
№1 лот «Қармақшы ауданы бойынша газет арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» - 1394000 теңге;
№2 лот «2014 жылға арналған аудан әкімі, әкімдіктердің және аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау құқығын алу»-200000 теңге.
3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Айдаровтың 15.07.2014 жылғы №36 бұйрығы.
4. Өнім берушілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі:
№1 лот бойынша «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді (баға ұсынысы – 1394000 (бір миллион үш жүз тоқсан төрт мың) тг;
№2 лот бойынша «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді (баға ұсынысы – 200000 (екі жүз мың) тг.
5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы:
№1 лот бойынша Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс н/з «Сыр медиа»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 1394000 (бір миллион үш жүз тоқсан төрт мың) тг;
№2 лот бойынша Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс н/з «Сыр медиа»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 200000 (екі жүз мың) тг;
6. Сарапшылар тартылған жоқ.
7. «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) №1, 2 лоттары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс н/з «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сатып алынсын.
2) «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт Ата көшесі №1 үй:
№1,2 лоттар бойынша Қызылорда облысы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс н/з «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2014 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалсын.
3) «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы хаттаманың мәтінін www.karmakshy.gov.kzинтернет-ресурсына жіберсін.
Бөлімнің бас маманы А.Жусупова
Келісемін: бөлім басшысы С.Айдаров
Достарыңызбен бөлісу: |