Конкурстың жалпы сипаттамасы



Дата23.02.2016
өлшемі98.02 Kb.
#10583
түріКонкурс
«Бекітемін»

П. Чайковский атындағы Алматы

музыкалық колледждің диркеторы

А.Ж.Қалиева __________________

«_22_» қантар_2012ж
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 80 жылдығына арналған жас музыканттардың ІІ қалалық «Жас талант» атты конкурстың

Ережесі

Алматы 2012



Ұйымдастырушылар:

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

Алматы қаласының Алмалы аудан Әкімшілігі

Ахмет Жұбанов атындағы Қор


Конкурстың жалпы сипаттамасы.

1. Екінші қалалық жас музыканттардың «Жас талант» атты конкурсы 2012ж. 12-13 мамыр аралығында Алматы қаласындағы П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде өтеді.

Конкурс «Фортепиано», «Ішекті аспаптары», «Халық аспаптары», «Үрмелі және соқпалы аспаптары» номинациялары бойынша, және теориялық пәндерінен Олимпиада өткізіледі.

2. Конкурсқа 7 жылдық музыкалық және өнер мектептерінің, эстетикалық гимназиялардың, балалар шығармашылық Үйлерінің жанынан ұйымдастырылған үйірмелерге қатысатын оқушылар мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады.




Конкурстың мақсаты:

  1. Жас талант иелерін іріктеу.

  2. Оқушылардың шығармашылығын көпшілікке танытып, әлеуетті мүмкіндіктерін арттыру.

  3. Жас ұрпақтың музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттыру.

4. Жастар мен балалардың кәсіби дарынын бағдарлау.

5.Оқушылар мен оқытушылардың тәжірибе алмасуда кәсіби шеберлігін шыңдай түсу.



Конкурстың уақыт тәртібі (Регламент )

1. Конкурсқа 7 - 17 жас аралығындағы жас музыканттар шақырылады.

2. Конкурс қатысушылардың жасын 3 санатқа бөліп өткізеді:

7-10 жас аралығындағы оқушылар бір кезеңде;

11-13 жас аралығындағы оқушылар бір кезеңде;

14-17 жас аралығындағы оқушылар екі кезеңде жарысады.

3. Конкурсқа қатысушының орындаушылық кезегі Жеребе бойынша анықталып, бірінші кезеңнің алдында белгіленген кезек байқаудың соңына дейін сақталады.
4. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау, лауреаттардың концерті 2012 ж. 13 мамыр күні П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледждің Үлкен залында өтеді. Жеңімпаздар мен лауреаттар міндетті түрде конкурстың жабылу салтанатына қатысып, гала-концертте өнер көрсетеді.

5. Конкурсты ұйымдастырушылар суретке түсіруге, конкурстың түсірілімдерін қамтамасыз етуге және де өткізілетін осы іс-шара бойынша әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығаруға құқығы бар.

6. Кез-келген мекеме, фирмалар мен жекелеген адамдар ұйымдастырушы комитетпен кеңесе отырып, өз тарапынан даярлаған сыйлықтары мен сыйақыларын өз қалауы бойынша лайық деп тапқан конкурсқа қатысушыға тапсырып, қолдау көрсете алады.
Конкурсқа қатысушылар 2012 жылдың 5 мамырға дейін көрсетілген мекен-жайға тапсырыс беруі тиіс.

050008 Алматы қаласы, Манас көшесі 13, каб. № 25

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледж:



(Абай көшесінен төмен 2 -ші үй).

Т/факс: 379-92-25.

Сайт http://music-college.kz

e-mail: muzcollege@mail.ru

Конкурсқа қатысушыларды тыңдау ақылы :

5000 тенге – кіші және орта буындағы топтар;

7500 тенге – ересектер тобы.

Біздің реквизиттер:

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледж РМҚК Банктің ағымдағы есеп шоты:

KZ816010131000142339, РНН 600700130032



КБЕ 16,

БИН 990340006340

БИК HSBKKZKX

АҚ Қазахстан Халық Банкі

Өтінімнің үлгісі қоса беріледі.

11). Байқауға қатысушылар 25 сәуірге дейін байқаудың тыңдауға төленетін ақшаны П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледждің есепшотына салуы тиіс.



Өтінім төленген түбіртек арқылы қабылданады.
Марапаттау:

Лауреаттарға бағалы силықтар беріліп, дипломдармен марапатталады.

Дипломанттарға құрмет дипломдары беріледі.

Конкурсқа қатысушыларына қатысқандары үшін мадақтамалар табысталады.

Лауреаттардың педагогтары мен концертмейстерлері құрмет мадақтамалармен марапатталады.

Қазылар алқасының жүлделі орындары түгелімен бермеуге, немесе бір орынды қатсушыларға өзара бөліп беруг құқығы бар.

Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралуға жатпайды.
Конкурстың өткізілу кестесі:

12 мамыр

9.00 – П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледждің Үлкен залында конкурстың салтанатты ашылуы мен АМК халықаспаптар бөлімі студенттерінің концерті.

9.30 – Жеребе бойынша конкурсқа қатысушының орындаушылық кезегін анықтау;

10.30 – Тыңдау: 10.30 – 12.00 ересектер тобы – I кезең; 12.30 – кіші топ.

18.00 - Қабырғада ересек топтың ІІ кезеңге өткендігі туралы хабарлама ілініп қойылады.

13 мамыр.

9.00 – Конкурсқа қатысушы орта буын топтарын тыңдау.

11.30 – Конкурсқа қатысушы ересек топтарды тыңдау– II кезең.

18.00 – Конкуртың салтанатты жабылуы, жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау және лауреаттардың концерті.


Байланыс телефон: 379 -92 -25. Директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары: Д.С.Омарова, әдіскер А.А. Ашмахунова.

Орындаушы: И.В.Лебедева . 8-705-624-36-52



ӨТІНІМ



Аты, жөні:




Туған жылы:




Оқу орны:




Сыныбы:




Мұғалімінің аты, жөні:




Концертмейстерінің аты, жөні:




Мекенжайы , телефон, мобильный:




Түрлі түсті фотосурет аспабымен:



Туу туралы куәлігінің көшірмесі:







Бағдарлама: 1 кезең

1



2






2 кезең

1



2


Қолы: «_____»__________2012ж


Басылым әріптермен толтырылады
Домбыра

7-10 жас - кіші буындағы топ



        1. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (қалауы бойынша).

        2. Төкпе күй (қалауы бойынша).

        3. Бір күй (қалауы бойынша).


11- 13 жас - орта буындағы топ

1. Фортепиано сүйемелдеуімен бір шығарма (қалауы бойынша).

2. Төкпе күй (қалауы бойынша).

3. Шертпе күй (қалауы бойынша).


14-17 жас - ересектер тобы

I кезең

1. Қазақ композиторларының бір шығармасы (мүмкін болса, А. Жұбанов немесе, Ғ.Жұбанова).

2. Төкпе күй (қалауы бойынша).

3. Шертпе күй (қалауы бойынша).


II кезең

  1. Шетел композиторлары шығармасы (қалауы бойынша).

  2. Бір күй (қалауы бойынша).


Қобыз

7-10 жас кіші буындағы топ
І кезең

1. Шетел композиторларының шығармасы.

2. Қазақстан композиторларының шығармасы (тандаүы бойынша).

11-13 жас орта буындағы топ
І кезең


  1. Қазақстан композиторларының бір шығармасы (мүмкін болса, А. Жұбанов немесе, Ғ.Жұбанова).

  2. Шетел композиторларының бір шығармасы.

  3. Халық композиторларының шығармаларының өңделген түрі.



14-17 жас ересектер тобы
І кезең

  1. Шетел композиторларының шығармасы (қалауы бойынша).

  2. Қазақстан композиторларының бір шығармасы (мүмкін болса, А. Жұбанов немесе, Ғ.Жұбанова).

  3. ІІ кезең

  1. Күрделі кұрылымдағы шығарма (қалауы бойынша).

  2. Халық композиторларының бір шығармасы (өңделген түрі).


Классикалық гитара
Кіші және орта буындағы топтар бір кезеңде жарысады.
1. Сонатиналар, сонаталар, екі – үш бөлімді XVIII-XIX ғасырлардың классик композиторлардың шыгармаларынан (И.С. Бах, Л. Вайс, Г. Гендель, М. Джулиани, Ф. Карулли, М. Каркасси, Ф. Сора, Н. Паганини т. б.).
2. Гитараға өңделген қазақ халық әуендері, немесе қазақ композиторларының гитараға арналған әуендері.
3. Асқан шеберлік мінезіндегі шығарма, конкурсанттың қалауы бойынша (3-5 минут).
Ересектер тобы екі кезеңде жарысады.

I кезең

  1. XVII-XX ғасырлардың классик композиторларының полифониялық шығармалар (сонаталар вариациялар, фантазиялар, концерттік пьесалар).

  2. Қазақстан композиторларының қазақ халық әуендерінің өңдеулері, Ахмет Жұбанов немесе Ғазиза Жұбанованың туындыларынан қалау жақсы болар еді.

II тур

  1. Асқан шеберліктегі, немесе полифониялық шығарма, конкурсанттың қалауы бойынша, (5-10 минут).


Баян, аккордеон

Кіші буындағы топ (1-3 сынып, 9-12 жас)



  1. Асқан шеберліктегі пьеса

  2. Қазақ халық әнінің немесе күйдің өңдеуі.

Ересектер тобы (4-5 сынып, 13-16 жас)

1 кезең


  1. Полифониялық шығарма

  2. Орыс халық әнінің өңдеуі

  3. Қазақ халық әнінің өңдеуі

2 кезең


  1. Күрделі құрылымдағы шығарма (вариация, соната немесе сонатина)

Үрмелі және соқпалы аспаптар

Кіші буындағы топ, 9 жастағы ішке ала:

  1. Екі әртүрлі сипаттағы пьесалар, біреуі қазақстан композиторының.

Орта буындағы топ, 10 жастан 13 жастағы ішке ала:

  1. Күрделі құрылымдағы шығарма (концерттін немесе сонатаның бөлімі )

  2. Қазақстан композиторының шығармасы, Ахмет Жұбанов немесе Ғазиза Жұбанованың туындыларынан қалау жақсы болар еді.

Ересектер тобы – 14 жастан 17 жастағы ішке ала:

  1. Күрделі құрылымдағы шығарма (концерттін немесе сонатаның бөлімі )

  2. Қазақстан композиторының шығармасы, Ахмет Жұбанов немесе Ғазиза Жұбанованың туындыларынан қалау жақсы болар еді.

  3. Асқан шеберліктегі пьеса, орындаушының қалауы бойынша

Скрипка және виолончель

Кіші буындағы топ 7-9 жас

  1. Асқан шеберліктегі пьеса, қалауы бойынша.

  2. Қазақ композиторының пьесасы.

Орта буындағы топ, 10-11 жас

  1. Қалауы бойынша концерт

  2. Қазақстан композиторының шығармасы, Ахмет Жұбанов немесе Ғазиза Жұбанованың туындыларынан қалау жақсы болар еді.

Ересектер тобы, 12-17 жас

I кезең

  1. Асқан шеберліктегі пьеса, қалауы бойынша.

  2. Қазақстан композиторының шығармасы, Ахмет Жұбанов немесе Ғазиза Жұбанованың туындыларынан қалау жақсы болар еді.

II кезең

  1. Концерт қалауы бойынша.


Фортепиано
Кіші буындағы топ (3, 4 сыныптар):
1). Келесі композиторлардың сонатасының немесе сонатинасының 1 бөлімі:

Д .Кулау


М. Клементи

Д. Чимароза

И. Гайдн
2). Асқан шеберліктегі шығарма (этюд немесе пьеса, орындаушының қалауы бойынша).
3). Қазақстан композиторының шығармасы, (орындаушының қалауы бойынша)

Бағдарламаны орындау уақыты 15 – 20 минуттан аспауы керек.




Ересектер тобы (5, 6, 7 сыныптар):
1). И.С. Бах 3-дауысты инвенция немесе прелюдия мен фуга ЖТК ден (орындаушының қалауы бойынша).
2). И. Гайдн сонатасының 1 бөлімі (сонаталық Allegro – орындаушының қалауы бойынша).
3). Асқан шеберлікті шығарма (этюд немесе пьеса орындаушының қалауы бойынша).

4). А. Жубанов немесе Ғ. Жубанованың шығармасы, орындаушының қалауы бойынша.



Бағдарламаны орындау уақыты 25 – 30 минуттан аспауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет