Аудан әкімі Н. Мұсабаевтың Арал ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және



бет1/3
Дата27.06.2016
өлшемі382.71 Kb.
#161192
  1   2   3



Аудан әкімі Н.Мұсабаевтың «Арал ауданының 2012 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және

2013 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасының

ЖЕЛІСІ

Қадірменді қауым!

Ардақты аудан тұрғындары!
Өткен, 2011 жылдың аяғында аудандағы барлық деңгейдегі әкімдердің жергілікті тұрғындар алдындағы есепті кездесулерін өткізіп, халықтың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін, сын-ескертпелерін тыңдап, көтерілген түйінді мәселелердің тізбесін жасап, оларды жүзеге асырудың іс-шараларын белгілеп, орындалуын қатаң бақылауға алдық. Нәтижесінде жыл көлемінде солардың басым көпшілігі шешімін тауып, іске асырылды. Елеусіз, ескерусіз қалғаны болған жоқ. 2012 жылды да біз әдеттегідей жергілікті халықпен кездесе, кеңесе, қоян-қолтық араласа отырып, аудан үшін өсу, өркендеу кезеңі ретінде тарихта қалдыру мақсатында жемісті еңбек жолдарын жалғастыра түстік.

2012 жыл елімізде үлкен саяси науқанмен басталды. Қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы болып өтті. Бұл сайлауда да аудан халқы саяси сауаттылық танытып, елді басқару ісіне жауапкершілікпен қарайтындықтарын көрсетіп, үлкен ұйымшылдық байқатты.

Әрине, есепті жылдың міндеттерін жүзеге асыруға аудан жұртшылығын жұмылдыра түскен, 2012 жылдың 27 қаңтарында жария етілген, Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауы болды. Жолдау алдағы онжылдықтағы дамуымыздың басым бағыттарын айқындап, елдің экономикалық қуатын еселейтін, халықтың табысын арттырып, тұрмыстық деңгейін көтеруді көздейтін жүйелі жұмыстардың жобасын белгілеп берді. Ел халқын елең еткізіп, көптің көңілінен шыққан екінші бір тапсырма Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық сөзі болды. Бұл да Ұлттық экономикамыздың өркендей түсуіне жаңа серпіліс беретін жасампаз 20 тапсырма ретінде қоғамымызда қолдау тапты. Осылай біздің алдағы бағытымыз белгіленіп, міндетіміз айқындалды. Сондықтан 2012 жылдың 2-ші ақпанында аудан әкімінің № 16 қаулысымен ауданда жолдауды насихаттайтын он бір ақпараттық – насихаттық топ құрылды.

Жыл көлемінде республикалық, облыстық және аудандық насихаттық топтар мүшелерінің қатысуымен елді мекендерде 9-кездесу, 4-дөңгелек үстел, бір пікір- сайыс, бір әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылып өткізілді. Жергілікті «Толқын» газетінде: «Президент Жолдауына халықтың қолдауы» атты арнайы айдар ашылып, 58 мақала жарияланды. Жолдаудың басым бағыттарын насихаттау мақсатында аудан, кент, ауылдық округ орталықтарына 36 көрнекі үгіт-насихат құралдары ( 31 билборд, 5 керме ) ілінді.

Үлкен саяси науқанмен басталған 2012 жыл еліміздің ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ететін Елбасының екінші Жолдауымен қортындыланды. Өздеріңізге белгілі, Егеменді еліміздің 21 жылдық тәуелсіздік тойы қарсаңында Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бөлігінің мерзімінен бұрын іске асырылғандығын нақты деректермен дәлелдей отырып, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жаңа жолдауын мәлім етті. Жолдау 19 желтоқсан күні өткен аудан активтерінің үлкен жиынында қызу қолдау тапты. Қазір бүкіл аудан тұрғындары Елбасы белгілеп берген жаңа саяси бағытты іске асыру шараларына кірісіп те кетті.

Елбасы атап айтқандай, 2012-2015 жылдар Қазақстан үшін үлкен белестерге көтерілу кезеңі болатын болса бұл кезең, біздің Арал ауданы үшін де өсу, өркендеу, даму кезеңі болып тарихта қалмақшы. Олай дейтін себебім биылғы жылы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына Үкімет, облыс тарапынан көптеген қаржылар бөлініп, қолдаулар көрсетілді. Ауданға қомақты көлемде инвестиция тартылды.

2013 жылдың 1-қаңтарына қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға (оның ішінде құрылысқа) салынған, игерілген барлық инвестиция көлемі 13288,7 млн. теңгені құрап, ауданда әлеуметтік маңызы бар құрылыс жұмыстары қарқынды жалғастырылды. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда есепті мерзімде игерілген инвестиция көлемі 2,8 есе өсті.

Атап айтқанда, республикалық бюджет қаржысы есебінен Арал қаласында жоба-сметалық құны 431634,0 мың теңге болатын 280 орындық балабақша, Абай елді мекенінен жоба-сметалық құны 243378,0 мың теңгелік 600 орындық орта мектеп ғимараттары салынды.

Сондай-ақ облыстық бюджет қаржысы есебінен 82660,0 мың теңге бөлініп Сексеуіл кентінен жалғастырылған 150 орындық мектептің құрылысы аяқталып, жоба-сметалық құны 111087,0 мың теңге болатын 150 орындық клуб құрылысы басталды.

Аралқұм елді мекеніндегі 250 орындық, төтенше жағдайларға қаралған қаржылар есебінен Ақбасты елді мекеніндегі жоба-сметалық құны 306000,0 мың теңгені құрайтын 50 орындық орта мектеппен 20 орындық балабақша құрылыстары салынып пайдалануға берілді.

Арал қаласындағы салынып жатырған №64-ші орта мектептің, Аманөткел елді мекеніндегі №73-ші, Қаратерең елді мекеніндегі №82 орта мектептердің құрылыс жұмыстары жалғастырылды.

Қаладағы бұрынғы өнер мектебінің ғимаратын 90 орындық балабақшаға бейімдеуге 35447,0 мың теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілсе, аудандық бюджеттен 36921,0 мың теңге бөлініп бұрыңғы аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты толық жөндеуден өткізіліп аудандық өнер мектебі болып қайта шаңырақ көтерді.

Жергілікті бюджет есебінен 50,0 млн теңгеге жасанды төсеніші бар, әмбебап 10 спорт алаңы салынды. Жас мамандарға арналған жалпы құны 40,0 млн теңге тұратын 8 тұрғын үйдің, «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық бюджет қаржысы есебінен салынып жатырған 14 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның қолдауымен 55,0 млн теңгеге қаламыздағы «Арал теңізі» стансасының темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өткізіліп, «Бекбауыл», «Қамыстыбас», «Аралқұм», «Сапақ» стансаларының вокзал ғимараттары жаңадан салынды.

Республикалық бюджеттен 7,7 млрд.теңге бөлініп Қосаманнан - Әйтеке би кентіне (Қазалы ауданы) дейінгі жалпы ұзындығы 192825 метр болатын жаңа негізгі су құбырының, жалпы жоба-сметалық құны 455936,0 мың теңгені құрайтын Жақсықылыш кентінің ішкі су жүйелерінің қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Ауданымыздың оңтүстігі мен солтүстігін түгел басып өтетін, аудан көлеміндегі ұзындығы 213 шақырымды құрайтын күре жол – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізін салу, «Бозой - Шымкент» газ құбырын тарту жұмыстары жалғастырылды. Ауданның жерін көлденеңінен көктей өтетін, ғасыр құрылысы деп бағалауға тұрарлық «Жезғазған-Сексеуіл» теміржолының құрылысы басталды. Ұзындығы 517 шақырымды құрайтын болат жолдың бойынан 13 станса, 30 темір жол бекеті бой көтеріп, көптеген инфрақұрылымдар салынып, өндіріс пен бизнес құрылымдарының дамуына қолайлы жағдай жасалатын болады. Сексеуіл кенті ірі тораптық стансаға айналады. Қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам осы құрылысқа жұмылдырылып отыр. Жол пайдалануға берілген кезде бұл бағытта 3 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, еңбек ете алады. Экономиканың күре тамыры саналатын бұл құрылыстардың салынуы келешекте ауданымыздың экономикасының дамуына өз үлесін қосатынына менің сенімім мол.


Қадірменді қауым!

Өздеріңіз байқаған боларсыздар, 2012 жылға арналған Елбасының жолдауында маңызды деген он міндеттің ішінен халықты жұмыспен қамту мәселесі бірінші кезекке қойылған болатын. Бұл мәселеге жаңа жолдауда да жаңа серпіліс беру жүктелген. Демек, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы біз үшін ерекше болып қала бермек. Негізінен төрт бағытта жұмыс жасайтын бұл бағдарламаның 3-і ең алдымен ауылдық елді мекен тұрғындарын еңбекпен қамту мәселесін шешуге бағытталған. Осы бағдарламаның бірінші – жұмыссыз және аз қамтылған халықты оқыту және жұмыспен қамтуға ықпал ету бағытында ауданда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 2012 жылға 50367,0 мың теңге қаржы бөлінген болса, жыл көлемінде бөлінген қаржы толығымен игеріліп, келісім-шарт негізінде жолдамамен 288 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Жастар тәжірибесі аясында еңбекке орналастыру ісіне бөлінген 27789,0 мың теңге толық игеріліп, жыл көлемінде тиісті оқу орындарын бітірген 199 адам жолдамамен тәжірибе жинақтады. Солардың ішінен 44 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қыркүйек айында 75 адам кәсіби даярлау курстарына (10 айлық) жіберілді. Сонымен қатар жыл көлемінде 100 адамды қажетті мамандықтарға қайта даярлау курстарынан өткізу жоспарланған болса, осы бағыт бойынша жолдама алғандардың 92-сі тиісті оқуларын бітіріп, олардың 17-сі тұрақты жұмысқа, 2 адамы қоғамдық жұмыстарға тартылып отыр.

Екінші бағыт- жеңілдік шарт негізінде шағын несиелендіру, арқылы ауылдық жерлердегі бизнес құрылымдарын дамыту. Биылғы жылы аудан бойынша 157,5 млн теңге несие беру жоспарланған болатын. Несие алуға ниет білдірген 454 адамның өтініштері мен тиісті құжаттары дайындалып, 6 лот бойынша өткізілген ашық конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған «Ерке-Ел 2030», «Көгіс» шағын несие ұйымдары және «Жаңарған-2020» несие серіктестігі арқылы 73 адамға жалпы сомасы 157,5 млн. теңге несие беріліп, бұл жұмыс толық іске асырылды. Қазір несие алған кәсіпкерлер 110 жаңа жұмыс орнын ашып қалаған кәсіптермен айналысуда.

Үшінші- экономикалық әлеуеті төмен елді мекеннен даму орталықтарына көшіру арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға 6 елді мекеннен 25 отбасы қоныс аударуға ниет білдірген болатын. Осы бағытта жыл көлемінде 11 отбасы облыс орталығы, Қызылорда қаласына қоныс аударды. Қалған, аудан орталығына қоныс аударуға ниет білдірген 14 отбасына арнап Арал қаласынан 14 қызметтік үй салынып пайдалануға берілді.

Төртінші – бағыт бойынша, өңірлерді дамыту мақсатында, Жақсықылыш кентінің жолдарын орташа жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 72 031,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Қазір тендер жеңімпазы «Арал жолдары» ЖШС межеленген жұмысты аяқтап, 17 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылып отыр.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2012 жылы ауылдық жерлерге қызметке барған 25 жас маманға (әрқайсысына 113260 теңгеден) жалпы сомасы 2831,5 мың теңге (бір жолғы) қаржылай көмектер беріліп, 12 жас маманның тұрғын үй сатып алуына жалпы сомасы 24782,0 мың теңге қаржы төленді.


Қадірменді қауым!
Нарықтық экономика кезеңінде халықты еңбекпен қамту мәселесін шешудегі біздің басты бағытымыз қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу болмақ. Бұл дегеніңіз кезінде Елбасының тапсырмасымен жасалған индустрияландыру картасына жаңа жобалар ұсыну жұмыстарын жалғастыру және кәсіпкерлікті дамыту деген сөз.

«Үдемелі индустриалды – инновациялық даму» бағдарламасына сәйкес 2011 жылы аймақтық Үйлестіру Кеңесіне 21 жоба ұсынған болатынбыз.

Солардың бірі «Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясымен», «Камбала балық» ЖШС-імен бірлесе отырып 2009 жылы бұрынғы Арал балық комбинатының мұздатқыш цехына сметалық құны 108 млн теңге тұратын қосымша құрылыстар салу арқылы 192 млн теңгеге бағаланған «Арал» сервистік дайындау орталығы болатын. Орталық 2010 жылғы қазан айында өткізген тендір бойынша Сырдария өзенінің ұзындығы 90 шақырым (№24 участок) бөлігін иемденіп, квота бойынша жылына 123 тоннаға дейін балық аулауға рұқсат алған еді. 2010 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастаған орталық облыс әкімінің қолдауымен «Оңтүстік қаржы компаниясынан» қаржылық лизингке 17,0 млн теңгеге 5 мұздатқыш агрегатын, 7,2 млн теңгеге автокөліктер алуға қол жеткізді. Орталықта бұл күндері 26 жұмысшы-қызметкер тәулігіне 14,4 тонна балық өнімдерін, соның ішінде 2,1 тонна әшекейлеп мұздатылған балық филесін шығаруда. Орталық қазіргі заман талабына сай аналитикалық лабораториямен жабдықталған. Балық өндеу кешені 2011 жылдың 16 шілдесінде балық өнімдерін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне еніп Ресей, Беларус елдеріне өнім шығару құқығына ие болды. Қазір ауданымыздағы «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі мен осы «Арал» сервистік дайындау орталығы тиісті ветеринариялық – санитарлық тексеруден өтіп, Евро Одақ елдеріне әшекейлеп мұздатылған балық филесін экспорттауға мүмкіндік беретін «Еврокод» алған облыстағы алғашқы мекемелер атанып отыр.

Екінші қиыршық тас, құм, цемент қоспаларынан 7 түрлі құрылыс-бетон бұйымдарын шығаратын «Арал құрылыс» ЖШС-і. Толық қуатына енген жағдайда тәулігіне 160 шаршы метр темір-бетонын шығара алатын серіктестік 2011 жылы «Банк центр кредит» арқылы 35 млн теңге алып, өз қаражаты есебінен 11 888 950 теңге жұмсап, жалпы құны 45 888 950 теңгеге түрлі техникалар алып жаңадан жарақтандырылды. Серіктестікте 25 адам тұрақты, ал жазғы маусымда сұранысқа қарай 60 адамға дейін жұмыс істеп келеді. Қазір «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша алынған несие қаражатын субсидиялауға жұмыс жасалуда.

Аталған бағдарламаға сәйкес 2012 жылы аудан бойынша 6 жоба дайындалып, аймақтық Үйлестіру Кеңесіне ұсынылды. Жобалардың жалпы құны 399,0 млн теңгеге, оның ішінде өз қаражаты есебінен 72,0 млн теңге, сұраным қаржысы 337,0 млн теңге. Жобалар іске асырылған жағдайда 247 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Бұл индустияландыру картасына ұсынылған жобалар қатарында «Органикалық (табиғи) тыңайтқыш өндіру зауыты мен жылыжай салу», «Тұз шығару зауыты» тәрізді ірі-ірі жобалармен қатар жеке кәсіпкерлердің «Медициналық аспаптарды залалсыздандыру», «Мал сою, бордақылау пункті», «Наубайхана салу», «Бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобалары бар. «Органикалық (табиғи) тыңайтқыш өндіру зауыты мен жылыжай салу» бойынша құрылыс салуға «Жан Росс ХХІ-ғасыр» өндірістік кооперативі Арал қаласының шығыс бетінен бір гектар жер телімін алды. Жобаның жалпы құны 120 млн теңге. Зауыт жұмыс жасаған кезде 60 адам, «Тұз шығару зауыты» жобасының жалпы құны 150 млн.теңге. жоба толық іске асырылған жағдайда 150 адамға дейін жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Енді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау жолымен жеңілдетілген несиеге қол жеткізгендерге келсек, жеке кәсіпкер Ж.Бодықов «Нан және ұн өнімдері өндірісі» жобасына БТА Банк АҚ-нан 5 жыл мерзімге 8,4 млн теңге несие алды. Алынған несиеге кәсіпкер нан тасымалдайтын арнайы Газ 3302-1288 маркалы автокөлігін және АN-01 маркалы дизельді электростанциясын сатып алып отыр. Бұл 11 пайызбен алған несиенің 4 пайызын жеке кәсіпкердің өзі төлесе, 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақысыз бизнесті жүргізуде сервистік қолдауға «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС, «Арал құрылысы» ЖШС, «Ранар» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС өтінімдері жолданды.

Кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, бизнесті табысты құру және табысты басқарудың дағдыларын жетілдіру мақсатында «Арал құрылысы» ЖШС –нің директоры М. Кульмырзаев, «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-нің директоры Ш. Абдуалиев, «Ранар» ЖШС-нің директоры А. Шуйіншалиевтер «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес мектебінің базасында арнайы бизнес курсынан өтіп келді.

Индустрияландыруға байланысты ірі жобаларды іске асырумен қатар ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де жете назар аударылуда. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, ауданда 2011 жылы 2228 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2423-ке жетті, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда олардың жалпы саны 195 бірлікке артты.

Тіркелген субъектілердің ішінде жеке кәсіпкерлер саны 195 бірлікке, немесе 2 пайызға, ал шаруа қожалықтары 4 бірлікке, немесе бір пайызға өсіп отыр. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 2012 жылы 3733 адам жұмыспен қамтылып, олардан 301,0 миллион теңге салық түсімі алынды. Яғни, өткен 2011 жылмен салыстырмалы кезеңде жұмыспен қамтылғандардың саны 2012 жылы 75 адамға көбейіп, салық түсімі 56,5 миллион теңгеге, немесе 122 пайызға өсті.

Аудандағы белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 135 бірлікті құрады.

Бүгінгі таңда ауданда 1561 халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орталығы (сауда нүктелері, тамақтандыру орындары, монша, шаштараз т.б.) қалыпты жұмыс істеп келеді. Өткен 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы аудандағы сауда нүктелері 113 пайызға, немесе 109 бірлікке, халыққа қызмет көрсету орталықтары 115 пайызға, немесе 67 бірлікке көбейіп отыр.

2012 жылы кәсіпкерлік саласында 310 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, жыл көлемінде 311 жеке кәсіпкерлік субъектісі заңды тіркеуден өтіп, жаңа жұмыс орындары ашылды. Немесе, жоспар 103 пайызға орындалды.

Ауданда нарық заңдылығына сәйкес жеке кәсіп көзін ашып, заман талабына сай тіршілік жасаймын деп талап қылғандарға несиелер беріп, қаржылай қолдау көрсетіп жіберу жағы да ойластырылған. Қазір ауданда қалыпты жұмыс істеп тұрған 22 шағын несиелік құрылым бар. 2012 жылы осы шағын несиелендіру құрылымдары арқылы 2744 адамға 1658856,9 мың теңге несие берілді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп семинар- кеңестер өткізіліп тұрады. Биылғы жылдың сәуір айында аудан прокуроры мен қаржы полициясының басшылары, кәсіпкерлердің қатысуымен «Шенеунік және кәсіпкер» тақырыбына дөңгелек үстел, тамыз айында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқу-тренинг өткізілді.

Ардақты ағайындар!

Біздің ауданымыз облыстағы Қызылорда қаласынан кейінгі, бірден-бір өнеркәсібі дамыған өндірісті аудан болып саналады. Өйткені аудан көлемінде «Аралтұз» акционерлік қоғамы, «Арал вагон» ЖШС-гі, «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі, «Арал» сервистік дайындау орталығы ЖШС-гі, «Қамқор локомотив» ЖШС-гі, Сексеуіл жол пайдалану депосы, «Латон-Маркет» ЖШС-гі тәрізді аудан экономикасының негізі болып саналатын ірі-ірі өндіріс орындары орналасқан.

2012 жылдың есепті мерзімінде ауданның өндіріс орындарында өндірілген барлық өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі ағымдағы бағамен 4983,3 млн.теңгені құрады. Ал, өңделген өнім түрлерінен нақты деректер келтіретін болсақ: 75397 тонна йодталған тұз, 1040 тонна балық өнімдері, 63 тонна ет өнімдері, 648 тонна нан өнімдері өңделді. Сонымен қатар аталған кезеңде 367,5 локомотив (тепловоз) жөнделіп, 216449 тонна тұз және таза натрий хлорид және 71,8 мың текше метр кварц құмы өндірілді. 1766,6 мың текше метр су, 44782,0 мың КВт/сағат электро энергиясы таратылды.

Қырды малы жайлаған, Сырда балығы тулаған ауданның ауылшаруашылық саласы да жыл санап дами түсуде. Ежелден ел ырысы болып, аудан тұрғындарының ата кәсібіне айналған мал өсіру және балық аулаумен қазір бір акционерлік қоғам, бір өндірістік кооператив, бір ТОО, төрт ЖШС, бір мемлекеттік мекеме және 333 шаруа қожалығы айналысады.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына аудандағы барлық нысандағы (жеке секторларды қоса есептегенде) ауыл шаруашылығы құрылымдарында 39914 бас мүйізді ірі қара, 101835 бас қой мен ешкі, 16746 бас жылқы және 18826 бас түйе малы бағылып, күтілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 52 басқа, жылқы 649 басқа, түйе 24 басқа көбейіп отыр. Аудан бойынша қолда бар мүйізді ірі қараның 99,9 пайызы, қой мен ешкінің 99,5 пайызы, жылқының 99,8 пайызы және түйе малының 100 пайызы жеке тұлғалардың үлесінде.

Мал басының көбеюі олардан өндірілетін өнім көлемінің ұлғая түсуіне мүмкіндік беруде. Жыл көлемінде сала бойынша 3748,0 тонна ет (тірілей салмақта), 9045,0 тонна сүт, 216,2 тонна (146,4 тонна қой, 69,7 тонна түйе, 0,1 тонна ешкі жүні) жүн және 140,6 мың дана жұмыртқа дайындалды.

Қазіргі уақытта ауданның 7 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Атап айтқанда: «Құланды» ЖШС-гі жылқының «Мұғалжар» асыл тұқымын және асыл тұқымды қазақтың айыр өркеш түйе тұқымын; «Көктем» шаруа қожалығымен «Байдәулет» шаруа қожалығы – асыл тұқымды қазақ жылқысын; «Қарақұм» және К» ТС-гі асыл тұқымды қаракөл қойын; «Берекет», «Ықылас», «Несібе» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қара малының асыл тұқымды «Қазақтың ақ бас сиырын» өсірумен айналысуда.

Бүгінгі күнге, яғни 2013 жылдың 1 қаңтарына бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды 1991 бас жылқы, 936 бас түйе, 285 бас қаракөл қойы және 727 бас мүйізді ірі қара малы күтімге алынып, бағылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2319 қаулысына сәйкес облыстық бюджеттен асыл тұқымды жылқы малының аналығын күтімге алғаны үшін «Құланды» ЖШС-гі 7595,7 мың теңге, асыл тұқымды түйе малының аналығы үшін 6332,9 мың теңге; асыл тұқымды жылқы малының аналығы үшін «Көктем» шаруа қожалығы 1869,9 мың теңге; «Байдаулет» шаруа қожалығы 1612,0 мың теңге; асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналығы үшін «Берекет» шаруа қожалығы 4524,9 мың теңге; «Несібе» шаруа қожалығы 2181,7 мың теңге және «Ықылас» шаруа қожалығы 2639,5 мың теңге субсидия алуға қол жеткізді. Қарамағындағы малдарын асылдандыру мақсатында аудандағы 4 шаруа қожалығы 2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 23,5 млн теңге қаржы алуға қол жеткізіп, оған 112 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналығын және 10 бас бұқа сатып алды. Бұған қосымша қазіргі таңда, ауданда мал басын асылдандыру бағытында 5 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеп тұр.

Мал басын аман сақтау мақсатына 2012 жыл көлемінде «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу қызметі бойынша» жоспарланған 48365,0 мың теңге және «Қырым-Конго қанды безгегіне қарсы іс-шаралар жүргізуге» жоспарланған 2000,0 мың теңге қаржылар толығымен игеріліп, аудандық ветеринария бөлімі арқылы малдарға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, аса қауіпті деген ауруларға қарсы вакцинациялау, егу жұмыстары жүргізілді. Жыл көлемінде 12901 бас жылқы, 4070 бас мүйізді ірі қара бірдейлендірілді.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында мал өнімдерін өңдеумен «Қамқор тұтыну» ЖШС-гі-сүт өнімдерін, «Дастан» шаруа қожалығы-мал союмен айналысса, балық өнімдерін өңдеумен «Ақнұр», «Камбала балық» балықшылар өндірістік орталығы» ЖШС-гі, «Қамыстыбас балық питомнигі» РМК, «СДО Арал» ЖШС-гі «Атамекен балық өнеркәсібі» ЖШС-гі және жеке кәсіпкер «Қарасай-Қази» айналысады. Осы аталған кәсіпорындар есепті мерзімде 1289,25 тонна өнім өңдеп, олардың жалпы құны 163837,0 мың теңгені құрады. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда өңделген өнім көлемі 199,1 тоннаға көбейіп, жалпы өңделген өнімнің құны 67951,3 мың теңгеге артты.

Жыл сайын, ел ырысы – балық қорын қорғау және көбейту, су айдындарын балықтандыру арқылы балық шаруашылығын дамыту шараларына да баса назар аударылып келеді.

Су айдындарындағы балық қорын қорғау ісімен Арал балық инспекциясы айналысады. Он бір мемлекеттік инспектор тұрақты қызмет істейтін инспекция қазіргі таңда 9 дана автокөлікпен, 5 мото көлікпен, 3 басқылау шағын кемесімен, 5 моторлы жүрдек қайықпен және 3 үрлемелі моторлы қайықпен жабдықталған.

Жыл көлемінде инспекция табиғат пайдаланушылар торапынан жасалған 442 құқық бұзушылықты анықтап хаттама жасады. Нәтижесінде 38 адамның ісі сотқа жолданып, олардан 1085,6 килограмм балық тәркіленді. 402 адамға 1977796 теңге айыппұл салынып өндірілді.

Аудан негізінен мал, балық шаруашылығына бейімделгенімен жыл санап егіс көлемін де ұлғайтып келеді. Ауданда егін «Басықара», «Қараарық» каналдары мен К-1 қашыртқысының бойына, көлдер жағасына жеке қожалықтардың күшімен егіліп, жиналады. 2012 жылы аудан жоспар негізінде 15 га жерге картоп; 27 га жерге көкөніс; 112 га жерге бақша дақылдары және 20 га жерге; жаңа және, 59 га жерге көне жоңышқа, барлығы 233 гектар жерге егін егіп, картоптан 118,5 тонна, көкөністен 197,1 тонна, бақша өнімдерінен 1198,4 тонна, жоңышқадан 103 тонна өнім жинады. Егін шаруашылығын субсидиялау туралы Үкімет қаулысына сәйкес 2012 жылы Ақирек ауылдық округіндегі «Нұрдана», «Алтай» шаруа қожалықтары 12 гектар жерге бақша дақылдарын еккені үшін, әрқайсысы 54 мың теңгеден, барлығы 108 мың теңге қосымша көмек қаржысын алуға қол жеткізді.

2012 жыл басынан аудандағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында негізгі азық-түлік өнімдерін сататын 10 кәсіпкермен жыл аяғына дейін меморандумға отырылды.

Жыл көлемінде кент, ауылдық округтердің ұйымдастыруымен аудан орталығында 4 рет, облыс орталығы, Қызылорда қаласында 1 рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оларда 30 тоннаға жуық әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдері; 50 бас қой, 70 бас тоқты, 60 бас үйітілген қой және тоңазытылған, ысталған балық түрлері сатылды. Сатылған өнімдердің жалпы құны 15103,0 мың теңгені құрады.

Нарықтағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мақсатында облыстық ауылшаруашылығы басқармасымен меморандумға отыру арқылы жыл көлемінде ауданға 18 вагон ұн жеткізіліп, жеке кәсіпкерлер А.Жалғасбаев, Н.Қамысбаевтар арқылы ұнның 1 килограмының 53 теңгеден, нанның 1 бөлкесінің тұрақты 45 теңгеден сатылуы қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ «Қызылорда ӘКК» АҚ-ның «Қызылорда қаржы компаниясы» ЖШС-гі арқылы 103 тонна картоп, 32 тонна жуа, 10 тонна сәбізді Арал қаласына дейін жеткізіліп аудандық жеке кәсіпкер С.Саянов пен келісім шарт негізінде өткен жылы картоп пен жуаны килограмын 55 теңгеден, сәбіздің килограмын 65 теңгеден аудан тұрғындарына сату ұйымдастырылды. Жақсы бастаманы жалғастыру мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер С.Саяновқа жалпы сомасы 3,2 млн.теңге несие беріліп, қазір ол 400 тонналық көкөніс қоймасын әзірлеу үстінде.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет