Конкурстық ҚҰжаттама «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері»



Дата19.06.2016
өлшемі345.88 Kb.
#148056
түріКонкурс
Бекітемін:

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ

Н.С.Табылдинова_____________

2014 жылғы "19" қыркүйек

Бүйрық № 4-4/77 Ө
                                         

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын үкіметтік емес үйымдардан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында конкурстық тәсілмен сатып алуға дайындау.
Мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушісі және ұйымдастырушысы «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, пошталық мекен-жайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 БИН 131240023232, БИК KKMFKZ2A, ИИК KZ11070102KSN0601000 ҚР ҚМ Қазынышылық комитеті ММ.

Тапсырыс берушінің өкілі «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы Назира Сәрсенбайқызы Табылдинова тел: 54-82-59, aktobe_kultura@mail.ru

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ, пошталық мекен-жайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 БИН 131240023232, БИК KKMFKZ2A, ИИК KZ11070102KSN0601000 ҚР ҚМ Қазынышылық комитеті ММ.

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысының өкілі Усенгалиева Динара Маратовна тел: 54-82-59, aktobe_kultura@mail.ru

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.


  1. Жалпы ережелер

1.«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын үкіметтік емес үйымдардан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында конкурстық тәсілмен сатып алуға дайындау.

       2. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома ҚҚС есепке алмағанда, 1 339 285,71 теңгені құрайды (бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңгені жетпісбір тиынды құрайды.



Конкурстық өтінімді қолдану мерзімі
Конкурстық өтінімді қолдану мерзімі кемінде 35 күнтізбелік күнде белгіленеді.

Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа көрсетілген конкурстық өтiнiм кейiнге қалдырылады.

      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

     1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;

  2) осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;

      3) осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

      4) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
      5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін;

      6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетуі қажет.



2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2014 жылдың "13" қазаны сағ.10.00-ден кешіктірмей хабарласуға құқылы. конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет:030010, г.Актобе, проспект Абилкайыр хана, 40, бөлме 643.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
      1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсын дажариялау ғаміндетті.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2014 жылдың "18" қазанының сағ.10-00 минуттан кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (нем есе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында www.madeniet.aktobe.gov.kz жариялайды.


3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтінім

6. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

7. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға қызметті жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;

лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;

3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;


      осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.

Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.     

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық құжаттамада мынадай критерийлерді көздеуге міндетті:

1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;
      2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;
      3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;
      4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;
      5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;
      6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;

      7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;

     8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;
    9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;
      10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.

1) – 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды;

      10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия  0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды;

     Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

8. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

9.Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

10.Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

11. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың дәл атауы көрсету қажет) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" 2014 жылғы



24 қазанының сағат 12-00-ге дейін ашуға болмайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: пошталық мекен-жайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Абылқайырхан даңғылы, 40, № 643 бөлме, Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ конкурс комиссиясының хатшысы-Усенгалиева Динара Маратқызына 2014 жылдың 24 қазанына дейін жергілікті уақытпен сағат 10-00 минутқа дейін қабылданады.

13. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

 14. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

  15. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

16. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      17. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бастартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

  19. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.



4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді. 2014 жылдың 24 қазанында сағат 12-00 жергілікті уақытпен Ақтөбе қаласы, Абылқайырхан даңғылы, 40, № 643 бөлме конкурс комиссиясының хатшысы- Усенгалиева Динара Маратқызы.

Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
        Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс. Абылқайырхан даңғылы,40, № 643 бөлме Абилкайыр хана 40, конкурс комиссиясының хатшысы-Усенгалиева Динара Маратқызы 2014 жылдың 24 қазанында дейін жергілікті уақытпен сағат 11-50 минуттан кешікпей.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
       23. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
      әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілер менкездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

 2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

 3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесінала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

 Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.

 Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.




5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.


      25. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне айланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.      

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкескелтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

26. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілікталаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының)біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;     

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Ереженің 87-1 және 87-2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп ануғажол берiлмейдi.

27. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

  3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

  Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

  28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
      1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

    2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің проценттік мәнін қолданады;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

  29. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады www.madeniet.aktobe.gov.kz. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

      
6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

  30. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді: «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын үкіметтік емес үйымдардан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында конкурстық тәсілмен сатып алуға дайындау.

  1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

  2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

31. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері » атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын дайындау. конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет 24 қазан жергілікті уақыт сағат 12-00 ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ".

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.


7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау 
32. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

  Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

  конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

33. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

34. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

35. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

36. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.


     37. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.

38. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.




8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

     39. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді. В подпункт 2 внесены изменения в соответствии с постановлением Правительства РК от 31.12.08 г. № 1356 (см. стар. ред.)

40. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.

41. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

42. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
      43. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
      

                                                   

                                                

1-қосымша

конкурстық


                                                       құжаттама
Сатып алынатын қызметтердің тізімі

2014 жылға үкіметтік емес ұйыммен әлеуметтік маңызы бар жобаны орындауға байланысты мемлекеттік сатып алу бойынша байқау

«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын дайындау




Тапсырыс берушінің атауы

Қызмет атауы

Өлшем бірлігі

саны, көлемі

Қызмет көрсету шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Қызметті орындау мерзімі

Қызметті орындау орны


Аванстық төлемнің көлемі %

Байқау әдісімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома (№ лоты бойынша), теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ


«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын дайындау

Қызмет

1

Техникалық ерекшелікке сәйкес (№2 қосымша)

Қыркүйек-желтоқсан 2014

Ақтөбе қ.,

0

1 339 285,71



2-қосымша

конкурстық


                                                       құжаттама
«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын дайындау.

Байқау өтінішінің құрамдас бөлігі болып табылатын және көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапалық және техникалық сипатын көрсететін құжаттарда келесі ақпарат болуы қажет:

1. Ұйымның міндетіне (мақсатына, құрылтайшы құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің негізгі бағыттарына) сатып алынатын қызметтің сәйкестігіне негіздеме.

2. Лот номері және 1-қосымшадағы қызметтің атауы: «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомның электрондық нұсқасын дайындау ескерткіштердің бекітімен тізіміне сәйкес.






Қызметтің атауы

Мақсаты

Өткізу мерзімі

қызметті жасау орны

1

2

3

4

5




«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық

нұсқасын дайындау.



Ақтөбе облысының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау

Қыркүйек- желтоқсан 2014 ж.



3. Ұйымның байқауға қатысу мақсаты: «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын) кітап-альбомының электрондық нұсқасын дайындау (жалпы көлемі – 10 баспатабақ немесе 160 бет).

4. Қызметтің тиімді көрсетілуін қамтамасыз ету үшін мақсаттылығы негізделген жұмыстың әдістері мен формалары, оның ішінде оларды қолданудағы ұйымның (қатысушы мамандардың) тәжірибесі, олардың жетістіктері туралы мысалдар: жобаны ғылыми далалық зерттеулерде тәжірибесі мол, Ақтөбе облысының тарихи және табиғи ескерткіштерін тікелей зерттеген, осы салада ғылыми жұмыстары (диссертациялық зерттеулер, монографиялар, ғылыми мақалалар, ғылыми есептер) бар тарихшылар, этнографтар, этноархеологтар, ескерткіштанушылар, биологтар, ботаниктер, филологтар жүзеге асыруы керек, орындаушылардың 50% магистр, ғылым кандидаты және докторы ғылыми атақтары болуы қажет.

Қызмет техникалық тапсырмаға сәйкес көрсетіледі;

Тапсырыс берушімен көрсетілген мерзімде;

мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде.

Ескерткіштердің сипаттамасы, форматы, фотосуреттері бір стильде болуы қажет.

Мердігер электронды кітап-альбомның бір нұсқасын басып шығарылған түрінде және DVD диск түрінде 5 көшірмесін ұсынады.



Есеп беруге қойылатын талаптар:

Мердігер бекітілген сметаға сәйкес Тапсырыс берушіге бюджет баптары бойынша барлық шығындарды көрсете отырып, қаржылық есепті, барлық қаржылық құжаттардың көшірмелерін (шот фактура, жөнелтпе құжаттар, орындалған жұмыстар актісі, келісім-шарт көшірмелері және т.б.) беруі қажет.

Қаржы есебіне басшы мен бухгалтер қол қойып, мөр басылу қажет.

Жобаны жүзеге асыру кезінде келелі мәселелер туындаған жағдайда Мердігер бұл туралы Тапсырыс берушіні уақытылы хабарлау, Тапсырыс берушіге жобаны кедергісіз жүзеге асыру үшін қолданатын іс-әрекеттер мен шешімдерді ұсыну керек.


Бекітемін:

«Ақтөбе облысының мәдениет,

мұрағаттар және құжаттама

басқармасы» ММ басшысы

___________ Н.Табылдинова

«Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет өнерінің ескерткіштері» атты кітап-альбомға енгізілетін ескерткіштер тізімі

р/с

Ескерткіштің атауы


Ескерткіштің

түрі


Орналасқан жері


1

2

3

4

Алға ауданы



1

Есет батыр Көкіұлының

мавзолей-кешені

1667-1749 ж.ж.


қала құрылысы және сәулет

Бестамақ ауылынан

3 км. шығыста



Әйтеке би ауданы



2

Әбілқайыр хан жерленген орын «Хан моласы» қорымы

ХVІІІ-ХХ ғ.ғ.



қала құрылысы

және сәулет



Толыбай ауылынан 90 км. шығыста, Қабырға өзенінің Өлкейек өзеніне құяр сағасынан 4 км. батыста.

Байғанин ауданы



3

Дәуімшар қорымы: мавзолей, сағанатам, құлпытастар ХVІІ-ХХ ғ.ғ.

Ансамбль

Жарқамыс ауылынан 37 км. оңтүстік-батыста



4

Қарасақал қорымы: мавзолей, сағанатам, құлпытастар

ХVІІ-ХХ ғ.ғ.



Ансамбль

Жарқамыс ауылынан 60 км. оңтүстік-батыста



5

Асан-Қожа қорымы: сағанатам, құлпытастар ХVІІ-ХХ ғ.ғ.

Ансамбль

Оймауыт ауылынан 50 км. оңтүстік-батыста



6

Сүндет мавзолейі, ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Жарқамыс ауылынан 68 км. оңтүстік-батыста

Қобда ауданы

  1. 7

Абат-Байтақ кешені: мавзолей, құлпытастар, ХІV-ХХ ғ.ғ.

Ансамбль

Талдысай ауылынан 12 км. оңтүстік-батыста



8

Қобыланды батыр

мемориалдық кешені.

Сәулетші Б.Ыбыраев 2007 ж.


қала құрылысы

және сәулет



Жиренқопа ауылы

Жағалау көшесі, 6



Мәртөк ауданы

9

Целинный қорымы ХІХ ғ.

археология

Целинный ауылынан 4 км. солтүстікте

Мұғалжар ауданы



10

Қарағұл тамы мавзолейі

ХІХ ғ. аяғы



қала құрылысы және сәулет

Борлы ауылынан 10 км.

оңтүстік - шығыста



Ойыл ауданы



11

«Керуен-сарай» тарихи-архитектуралық кешені (мешіт, сауда орындары, жәрмеңке комитеті) ХІХ ғ.

ансамбль

Сауда орындары екі қатарлы,

сол жақтағы бірінші қатарда

Ойыл ауылы № 2 КТЛ оң жатан

екінші қатарда Жәрмеңке

комитеті орналасқан қазір

№ 2 КТЛ жатақханасы.



Темір ауданы



12

Досжан Ишан ата қорым-мешіті

ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басы



қала құрылысы және сәулет

Шұбарқұдық ауылынан

5 км. оңтүстікте



Хромтау ауданы



13

Ойсылкара қорымы, ХІХ ғ.

қала құрылысы және сәулет

Хромтау қаласынан 35 км оңтүстік- оңтүстік-шығыста

Шалқар ауданы



14

Тоқпан мавзолейі, ХІХғ.

Қала құрылысы және сәулет

Жаңа қоныс ауылынан 35 км. солтүстік-шығыста



15

Есет пен Дәрібай мавзолейі, ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Шалқар қаласынан 20 км. батыста



16

Қайнар қорымы, ХІХ ғ.

Қала құрылысы және сәулет

Текелі ауылынан 16 км оңтүстік-шығыста

  1. 17

Әбдіғалім діни-тұрғын кешенінің мешіті, ХІХ ғ.

ансамбль

Кекрелі қыстауынан 7 км солтүстік-шығыста

Ырғыз ауданы



18

Алмат Тобабергенұлы мавзолейі

ХІХ ғ.


қала құрылысы және сәулет

Ырғыз ауданынан

22 км. оңтүстік-шығыста





19

Дүйсенбі аһун мешіті

ХІХ ғ.


қала құрылысы және сәулет

Жайсаңбай ауылынан

7 км. солтүстікте





20

Матығұл мазары, ХІХ ғ.

қала құрылысы және сәулет

Күтікөл ауылынан (бұрынғы Коминтерн ауылы) 48 км оңтүстік-батыста


                                                                   


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет