Конкурстық ҚҰжаттама



бет1/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#135170
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты хатшысының

2010 жылғы «18» қантардағы

16 бұйрығымен бекітілді


Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, 35-көше, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, СТН 620200276736, ЖИК 000120200 Астана қ-сы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БЖК 195301070, Кбе 11, www.mki.gov.kz.

Тапсырыс берушінің өкілі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң департаментінің директоры Қайырғалиева Г.М., 74-05-78, kairgalieva@mki.kz.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 209-каб., СТН 620200276736, ЖИК 000120200 Астана қ-сы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БЖК 195301070, Кбе 11.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары Есмақанова А.З., 74-01-78, zhusanov@mki.kz.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.


1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша қызметтер көрсетушіні таңдау мақсатында өткізіледі.



      2. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі аталған конкурс үшін бөлінген сома 612 000 000 теңгені құрайды, соның ішінде:

Лоттың№

Сомасы, мың тенге

Лоттың №

Сомасы, мың тенге

Лоттың №

Сомасы, мың тенге

1

5 000 000

35

4 000 000

69

3 000 000

2

3 000 000

36

5 000 000

70

3 000 000

3

3 000 000

37

9 000 000

71

3 000 000

4

5 000 000

38

5 000 000

72

5 000 000

5

5 000 000

39

5 000 000

73

5 000 000

6

5 000 000

40

5 000 000

74

3 000 000

7

5 000 000

41

5 000 000

75

3 000 000

8

7 000 000

42

5 000 000

76

4 000 000

9

4 000 000

43

5 000 000

77

4 000 000

10

45 000 000

44

5 000 000

78

4 000 000

11

30 000 000

45

5 000 000

79

4 000 000

12

5 000 000

46

5 000 000

80

4 000 000

13

5 000 000

47

5 000 000

81

3 000 000

14

5 000 000

48

30 000 000

82

5 000 000

15

5 000 000

49

4 000 000

83

5 000 000

16

5 000 000

50

5 000 000

84

4 000 000

17

5 000 000

51

5 000 000

85

5 000 000

18

5 000 000

52

5 000 000

86

3 000 000

19

5 000 000

53

3 000 000

87

3 000 000

20

5 000 000

54

3 000 000

88

5 000 000

21

5 000 000

55

5 000 000

89

4 000 000

22

5 000 000

56

4 000 000

90

4 000 000

23

7 000 000

57

5 000 000

91

5 000 000

24

5 000 000

58

3 000 000

92

16 000 000

25

4 000 000

59

3 000 000

93

4 000 000

26

10 000 000

60

3 000 000

94

16 000 000

27

4 000 000

61

3 000 000

95

16 000 000

28

4 000 000

62

3 000 000

96

16 000 000

29

4 000 000

63

3 000 000

97

10 000 000

30

10 000 000

64

3 000 000

98

3 000 000

31

4 000 000

65

12 000 000

99

4 000 000

32

4 000 000

66

7 000 000

100

7 000 000

33

4 000 000

67

4 000 000

101

5 000 000

34

4 000 000

68

3 000 000

102

4 000 000

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық өзіндік ерекшелікті;

3) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) Әрбір өлшемдердің проценттік мәнін көрсетіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 0301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес неғұрлым сапалы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін.

Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің қолданылу мерзімі кемінде 45 күн болып белгіленеді.

Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолданылу мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, 35-көше, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, 209- каб.

5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен келіп түскенін көрсетпестен:

1) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурстық құжаттама табыс етілген тұлғаларды тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға жіберуге;

2) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2010 жылғы 15 ақпан күні сағат 10. 00-ден кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге өтемсіз негізде жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

7. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті өнім берушілермен кездесуді көздемейді.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің табыс етуі

Конкурсқа қатысуға өтінім

8. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;

2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін:

құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған келесі құжаттарды:

 заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс;

лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмесін (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмені;

үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:

осы конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге талаптардың толық тізбесін қамтитын мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.

Егер әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтердің бірлесіп орындаушыларын тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлесіп орындаушылардың жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар және әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында бірлесіп орындауға беруге тыйым салу шарты туралы мәліметтерді;

4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, қызметтерді көрсету кестесі (әдістері) және шарттары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхат.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
10. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде жеке беріледі.

11. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, мөрмен бекітілуі тиіс.

12. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

13. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС және "2010 ЖЫЛҒЫ 19 АҚПАНДА САҒАТ 11.00-ГЕ ДЕЙІН АШПАҢЫЗ"



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет