Амангелді ауданы, Амангелді с., Дүйсенбин көшесі,76 мекенжайы бойынша Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Амангелді аудандық орталық ауруханасы» КМК хирургиялық корпус ғимаратының күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы
Қостанай қ. 2012 жылы 20 наурыз
сағ. 11-00
-
Конкурстық комиссия құрамында:
Назар Тасболатұлы Дүйсебаев – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бастығының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы.
Аслан Амантайұлы Жаныспаев - Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының экономика және қаржы бөлімінің бастығы, конкурстық комиссия төрағасының орынбасары.
Дина Балтабайқызы Бердібекова – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы есеп беру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, конкурстық комиссия мүшесі.
Динара Жұмағалиқызы Балтабекова – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік– заң бөлімінің бастығы, конкурстық комиссия мүшесі.
Рашид Серікбайұлы Есмағамбетов – Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Амангелді аудандық орталық ауруханасы» ММ бас дәрігері, конкурстық комиссия мүшесі.
Әсемгүл Маратқызы Көдебаева – Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы есеп беру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, конкурстық комиссия хатшысы,
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында» ММ 2012 жылдың 20 наурыз күні сағ. 11.00-де мына мекенжай бойынша: Қостанай қ.. Быковский көш, 4А, каб. 220 конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімді жүргізді.
2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті жеткізушілер ұсынылған:
1) «Адлет стройком» ЖШС (Қостанай ауданы, Мичурин к., Әулиекөл жолы, 4 км);
2) «DAR-Tomir» ЖШС (Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 119, каб.310);
3) «Елена Д» ЖШС (Қостанай қ., 8-17-82);
4) «БРС Құрылыс» ЖШС (Қостанай қ., Жастар көшесі, 21А);
5) «Лисаковскрудстрой» ЖШС (Лисаков қ., 2 шағын ауданы, 13 а үйі).
3. Әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері ашылмай қайтарылған жоқ.
4. Белгіленген мерзімде тендерлік өтінімдерді ұсынған мынадай әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері, конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінің өтуіне дейін:
1) «DAR-Tomir» ЖШС (Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 119, каб.310) - 20.03.2012 ж. сағ. 09.10;
2) «Елена Д» ЖШС (Қостанай қ., 8-17-82) - 20.03.2012 ж. сағ. 09.20;
3) «Адлет стройком»ЖШС (Қостанай ауданы, Мичурин к., Әулиекөл жолы, 4 км) 20.03.2012 ж. сағ. 09.40.,
ашылды және оның құрамында 1-қосымшаға сәйкес құжаттар бар, олар конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысқандармен тыңдалды. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерінде кері қайтарып алу және өзгертулер енгізілмеген.
5. Конкурстық өтінімдерді ашу кезінде мынадай әлеуетті жеткізушілері қатысты:
1) «Адлет стройком» ЖШС (Қостанай ауданы, Мичурин к., Әулиекөл жолы, 4 км) – Сәкен Тұрғынбекұлы Қабылдин;
2) «Елена Д» ЖШС (Қостанай қ., 8-17-82) – Иван Васильевич Марар.
3) «DAR-Tomir» ЖШС (Қостанай қ., Әл-Фараби д-лы, 119, каб.310) - Ғазиз Аманжолұлы Такеев.
Конкурстық комиссия төрағасы. Н.Т. Дүйсебаев
Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары: А.А. Жаныспаев
Конкурстық комиссия мүшелері: Д.Б. Бердібекова
Д.Ж. Балтабекова
Р.С. Есмағамбетов
Конкурстық комиссия хатшысы: Ә.М. Көдебаева
Достарыңызбен бөлісу: |