Конспект Қалып күй сөздер. Көмекші сөздер. Мазмұны: Үстеу



бет4/4
Дата23.04.2023
өлшемі24.42 Kb.
#472643
түріКонспект
1   2   3   4
12-апта

Жалғаулықты шылаулар
Сөздер мен тұтас сөйлемдер арасындағы түрлі мағыналық қатынастарды байланыстыру мен білдіру үшін қолданылатын көмекші сөздерді жалғаулықты шылаулар деп аталыды.
Орыс тілінде синтаксистік рөлі бойынша жалғаулықты шылаулардың екі негізгі тобын бөліп көрсетеді: салаластырылған жалғаулықты шылаулар және бағыныңқылы жалғаулықты шылаулар.
Қазақ тілінде салаластырушы жалғаулықты шылаулар ғана кеңінен кездеседі, ал арнайы бағыныңқылы жалғаулықты шылаулар жоқ, араб тілінен алынған егерден басқа. Егер уақыт болса, серуенге шығамыз – Если будет время, то мы выйдем на прогулку. Бірақ кейде қазақ тілінде басыңқы сөйлемдердің жасалуында түрлі грамматикалық формамен, септеулік шылаулармен (үшін, кейін,соң) тіркесіп (да, де, та, те) салаластырушы жалғаулықты шылдаулар қатысады.
Салаластырушы жалғаулықты шылаулар орыс тілінде өзінің негізгі мәні мен функцияларымен қазақ тіліндегі салаластырғыш жалғаулықты шылаулардың мағынасына сәйкес келеді.
Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар – бұл екі тілде де тұтас сөйлемдерге, жеке дара сөздер немесе сөз тіркестеріне түрлі жалпы мағыналық, эмоционалдық, модальды-еріктік рең беретін көмекші сөздер. Демеулік шылаулардың көмегімен сөйлеуші берілген сөздегі неғұрлым маңызды сөзді ерекшелейді.
Мағынасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде демеулік шылаулар келесідей топтарға бөлінеді:
Сұрау демеулік шылаулары: орыс тілінде разве, неужели, ли.
Қазақ тілінде: ма, ме, ба, бе, па, пе; ше,ші.
Лептік демеуліктері: ай,ақ, қандай, не деген, нендей. Олар мағынаның бейнесін күшейтеді немесе түсінікпен байланысты эмоционалды бағаны білдіреді: ну что за шейка, что за глазки! – не деген мойын, деген (нендей) көздер!
Күшейтпелі: же, даже, ведь, таки, все таки, так вот, то-то, то, на, ни, еще т.б.
Қазақ тілінде осы тектес демеулік шылаулардың ерекше түрі жоқ.
Болымсыз (орыс тілінде): не, ни, вовсе, не, далеко. Не, нет.
Орыс және қазақ тілдерінде выделительно-ограничительные частицы – шектік-тежеу демеуліктері: лишь, только, единственно т.б.Ал қазақ тілінде бұл топқа жататындар: ақ, ғана, тек т.б.
Орыс тілінде сілтеу демеулік шылауының тобы бар: вот. Вон, вот это.
Қазақ тілінде сілтеу демеулік шылауы жоқ. Сондықтан орыс тілінің сілтеу демеулік шылауына әдетте сілтеу одағайлары сәйкес келеді: міне, әне, кәне. Вот это мне и нужно – Міне, маған керегі де осы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет