Технологиялық нұсқаулық.
Мойын ойындысын әдіппен өңдеу.
№
|
Орындалу реті
|
Графикалық сызбасы
|
1
|
Артқы және алдыңғы бөлшектерді флизелин бетіне инешелермен қыстырып бекіт
|
|
2
|
Бөлшектерді флизелиннен бөлек ал. Флизелиндегі үлгі мойын ойындысының әдібі. Әдіптің жалпағы 3,5 см етіп сызып, қиып ал.
|
|
3
|
Матаны негізгі жібі бойынша екіге бүктеп, оның бетіне әдіптерді жайғастырып, инешелермен қыстырып қой. Иыққа берілетін тігісті алуды ұмытпа. Үлгіні бормен сызып, қиып ал.
|
|
4
|
Дайын әдіпті бұйымның оң жақ беті арқылы жайғастыра орналастырып, қиықтарын түзетіп, иық тігістерін беттестір.
|
|
5
|
Әдіп дәл келген сон, мойын кесіндісі бойынша бұйымға айналдыра тігіп шық. Тігістің ойық жерлерін тігіске жеткізбей кертіп, қиып шық
|
|
6
|
Әдіпті оң жағына аударып, тігісті дұрыстап, көктеп қой. Әдіпті бастыра тігіп, үтіктеп шық.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |