Конспект қр бғМ ұсынған ж аңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде даярланды Алматы қаласы Білім басқармасы ҚббжтғӘ



Дата03.01.2022
өлшемі20.22 Kb.
#450187
түріКонспект

ТІРЕК-КОНСПЕКТ

ҚР БҒМ ұсынған жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде даярланды Алматы қаласы Білім басқармасы  ҚББЖТҒӘ орталығы қолдауымен әзірлеген №59МГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Заманбекова Г.К

Сынып:

11

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Бағыты:

ЖМБ

Баспа:

«Арман-ПВ»

Зайкенова Р. Сакенова Р.

Нұрланова Р.Н.


Тоқсан

ІІІ №1

Бөлім

Ғасырлық туынды

Сабақ тақырыбы

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-кітап сюжеті мен композициясы

Оқу мақсаты

11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;

Сабақ мақсаты

Роман-эпопеяға сюжеттік-композициялық талдау жүргізу, жанрлық ерекшелігін анықтау

Жетістік критерийі

Тақырыптық ақпаратты талдайды, жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Ойлау деңгейінің кезеңдері

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Ресурстар

«Түсіну және жауап беру»


Берілген сілтеме бойынша өтіп, М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты хронологиялық кестені толтыру

1897 жылы 28 қыркүйек

1908жылы, 1910-1915 жыл аралығы, 1917,1919, 1920 жылдар

1922-1930 жылдар аралығындағы және 1941-1954 жылдар аралығындағы шығармашылығы Қазақстанның мәдени өмірімен байланысы, марапаттары. 1961 жылы 27 маусым

pushkinlibrary.kz

«Анализ және интерпретация»

Әдеби шығарманың композициясы.

Оқулықта берілген «Қайтқанда» тарауына сюжеттік-композициялық талдау жүргізу.



  • Оқиғаның басталуы

  • Байланысы

  • Дамуы

  • Шиеленісуі

  • Шарықтау шегі

  • Аяқталуы

Танымдық ақпарат

«Эпопея» - грек тіліне аударғанда - жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар оларға «Шаһнама», «Манас» т.б. жатса, екінші - кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан-жақты суреттейтін роман жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын атауға болады.

11 класс | arman-pv.kz

Сюжет (фр. suje) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі

«Бағалау және салыстыру»

Роман-эпопеяны француз жазушысы Луи Арагонның «ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» деп атауның себебі неде? сындарлы пікір білдіру.

______________________________________________________

______________________________________________________





Кері байланыс

Сабақ мақсатын жүзеге асыру іс-әрекетін ескере отырып, кері байланыс жүргізу. (педагог тарапынан, немесе өзіндік баға)




.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет