Оқыту 1-дәріс. Тыңдалым мәтінін түсіну деңгейінің типологиясы. Тыңдалым түрлері. Тыңдалым жұмысын ұйымдастыру кезеңдері. Слайд



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата04.04.2024
өлшемі223.46 Kb.
#497616
  1   2   3   4   5
3.1.1-дәріс



3 -МОДУЛЬ 
ТЫҢДАЛЫМДЫ АУЫЗША ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ 
ОҚЫТУ 
 
3.1-дәріс. Тыңдалым мәтінін түсіну деңгейінің типологиясы.
Тыңдалым түрлері.
Тыңдалым жұмысын ұйымдастыру кезеңдері. 
Слайд
Мәтін
 

Бүгінгі дәрісіміз тыңдалым дағдысы және оның түрлері туралы болмақ. 

Адамның күнделікті өмірі қарым-қатынас жасаудан тұратын белгілі. Ал 
қарым-қатынастың негізі – сөйлесу. Сондықтан жақсы қарым-қатынастың болуы, 
дұрыс сөйлесуден, нақтырақ айтсақ, адамдардың бірін бірі түсінуінен тұрады. Қай 
жастағы адам болсын өзі түсінбейтін ақпаратты, әуені қанша жағымды болса да сөзін 
түсінбеген соң, әнді де тыңдай алмайды. Өзге тілдегі ақпаратты тыңдап, оны түсіне 
білуге үйрену – жүйелі, үздіксіз жүргізілген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. 
Сондықтан қазақ тілі сабақтарында тыңдата білу, сөйлесу үшін тыңдай білу, 
тыңдалған ақпаратты қолдана білуге үйрету және тыңдалған ақпараттың меңгерілу 
нәтижесін білу үшін бақылау жолдарын қарастыру маңызды. Тыңдалым әрекетін 
меңгерту үшін тіл үйренушілердің дайындығына қойылатын талаптар, 
тыңдалынатын ақпаратты таңдау, тыңдатуға арналған құрал-жабдықтар, сонымен 
қатар тіл үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауына байланысты 
сұрақтар туындайтыны заңдылық.
«Тыңдалым» термині (Listening comprehension) - есту арқылы мәтінді 
қабылдау, түсіну процесін білдіреді. Тыңдалым оқылым сияқты рецептивті дағдылар 
қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз – тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық 
мағынасын түсіну.

Есту арқылы сөйлеуді қабылдау және түсіну – бұл талдау, синтез, индукция, 
дедукция, салыстыру, нақтылау және абстракциялау негізінде жүзеге асырылатын 
психикалық-мнемоникалық белсенділік. Тыңдау (тыңдалым) дыбысталатын мәтінді 
мағыналық қабылдауға және әңгімелесушілердің коммуникативтік өзара іс-
қимылына бағытталады. Тыңдаудың бірнеше түрлері бар:
Сыни тыңдау. Әңгіме барысында қатысушы алдымен естіген ақпаратқа сыни 
талдау жасайды. Тыңдау барысында ол ақпараттың қаншалықты нақты және шынайы 
екеніне көз жеткізеді, содан кейін ғана оны қабылдайды немесе қабылдауға қарсылық 
білдіреді. Сыни тыңдау диалог кезінде адамның өз көзқарасын білдіруге көмектеседі. 
Жаңа білім беру барысында беймәлім ақпарат ұсынылған жерде сыни тыңдау 
қабылдауды қиындатады. Ақпаратты сынауға деген көзқарас маңызды нәрсені естуге 
мүмкіндік бермейді, ақпаратқа деген қызығушылық жоғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет