Конспект Тема: «Заң қатал бірақ әділ»



Дата29.09.2024
өлшемі15.53 Kb.
#504110
түріКонспект
заң қатал бірақ әділ


Конспект
Тема: «Заң қатал бірақ әділ »
Дауыс беру барысында кей үміткерлердің аты-жөнін сызып тастаған сайлау бюллетеньдері де кездесіп жатты. Бұл сайлаушылар арасында аздаған түсінбестік туғызды. Тіпті Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде бес кандидаттың аты-жөні қолмен сызылғаны расталды. Сайлаушылардың алаңдауына орай пікір білдірген Орталық сайлау комиссиясы өкілдері мұның заң бұзушылық емес екенін айтты.
Себебі сайлау бюллетеньдері дайын­далып, баспадан шығып қойғаннан кейін сайлауға түсуден бас тартқан кандидаттар болған. Яғни сайлау комис­сиясының мүшелері дауыс беру парағын таратқан кезде олардың есімдерін бюллетеньнен сызып тастауға мәжбүр болған.

– Біз сайлау учаскелеріне өтініш беріп, белгілі бір себептермен кеткен немесе шеттетілген тұлғаларды бюллетеньдерден алып тастау туралы ақпарат жібердік. Өйткені бұл уақытта бюллетеньдер дайындалып қойған еді. Бұл бюллетеньдер бүлінген деп саналмайды. Есімдерді комиссия құрамы сызды, барлық процедура тәртіпке сәйкес жүргізілді, – деп түсіндірді ОСК өкілдері.


Алайда сайлау күні аздаған дау-дамай да болды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Благовещенка ауылындағы №184 сайлау учаскесінде байқаушы бір сайлаушының бюллетеньдерді топтап салып жатқан сәтін бейнежазбаға түсіріп алады. Кейін байқаушылар заң бұзушылықты тіркеп, оқиға орнына полицияны шақырған. Салдарынан комиссия мүшесі жұмысынан кетті. Сондай-ақ «Власть» сайты Өскемендегі түрлі учас­кеден түсірілген бейнежазбаны жариялап, үш жағдайда дауыс берген бір адам екенін анықтайды. Бұған қоса «Жас сайлаушылар лигасы» түске дейін «Сайлау туралы» заңның 54 рет бұзылғанын хабарлады. Бұл ақпарат олардың Instagram желісіндегі парақшасында жазылды. Онда Қазақстан бойынша 8 комиссия байқаушылардың жүруіне кедергі келтіріп, рұқсат бермегенін жариялайды. Тіпті №105, 434, 446 учаскесінде дауыс беру кабиналарына бағытталған камералар байқалған. Бірақ комиссия мүшелері олардың істен шыққанын айтқан. Алматыдағы №126 учаскеде бір партиядан екі байқаушы болған жағдайлар да кездескен. Одан қалды байқаушылар төрт учаскеде бір кабинаға екі адамның кіргенін көріп қалған.


Бұған қоса сайлау күні Астанада көшеге шығып, бейбіт митинг өткізбек болған белсенді Амангелді Жахинді полиция ұстап әкетті. Өйткені жергілікті билік белсендіге шеру ұйымдастыруға рұқсат бермеген. Ал Алматыда байқаушылар комиссия мүшесінің бюллетеньдерге «алдын ала қол қойып жатқанын» байқапты. «Тәуелсіз бай­қау­­шылар» қоғамдық ұйымы Алатау ауданындағы № 616 сайлау учаске­сінде сайлау заңы бұзылғанын бейне­жазбаға түсіріп, БАҚ өкілдеріне хабарлаған. Бейнежазбада комиссия мүшесінің әлі үлестірілмеген жаңа бюллетеньдерге қол қойып жатқаны анық көрінеді. Байқаушылардың айтуынша, заң бойынша мұндай нәрсе сайлаушы дауыс бергеннен кейін жүргізілуге тиіс. Комиссия мүшелері заң бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан. Алайда куәгер болған екі байқаушы қол қойған. Сонымен қатар осы өңірдегі кейбір сайлау учаскелердің кабиналарында перде болмаған. Бұған қатысты Алматының аумақтық сайлау комиссия­сы былайша жауап қатты.


– «Қазақстандағы сайлау туралы» заңда жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда міндетті түрде перделердің болуы туралы талап көрсетілмеген. Бірақ заңның 8-бабына сәйкес да­уыс беру құпия түрде жүзеге асады. Бұл сайлаушылардың еркін дауыс беруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру кезінде ешкім қатыспауы және көрмеуі керек деген ережені сақтайды, – деді Алматы аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.


Бұл мәселелер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте де қозғалды. Онда Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин сайлаудағы заң бұзу­шылықтарға қатысты 25 өтініш түскенін хабарлады.


– Дауыс беру рәсімі басталғаннан бері прокуратура органдарына ықтимал заң бұзушылықтар туралы деректер жинақталды. Оның бесеуі Бас прокуратураға келді. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Себебі өтініштерде орын алуы мүмкін заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгітті жүргізгендігі мүмкін екені жөнінде айтылған. Сондықтан тексеру жүргізу жергілікті прокурорларға жіберілді.


Қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінудің қарапайым мысалы ретінде күнделікті қолданыстағы ережелердің мүлтіксіз сақталуын айтуға болады. Соның ішіндегі маңыздысы – жол ережесі. Әсілі, жол ережесі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жоғары жауапкершілікке толы талап болуы тиіс. Өйткені тіршілік заңы бойынша адам өмірінен қымбат нәрсе жоқ. Бұл қоғам заңдарында да нақтыланған. Алайда осы жол ережесінің толыққанды сақталмауының кесірінен болатын өлім-жітім факторы көбейіп тұр. Өкініштісі, көлік апаты мен жаяу жүргіншілердің де жауапсыздығының салдарынан болатын оқиғалардың дені қайғылы жағдаймен аяқталады екен.
Статистикаға жүгінсек, былтыр еліміз көлік апаты жиі орын алатын мемлекеттердің тізімінде алдыңғы қатарға шыққан көрінеді. Құқықтық статистика комитетінің дерегіне көз салсақ, Қазақстан жолдарында 2023 жылдың 8 айында ғана 13 200 жол-көлік апаты тіркелген. Оның ішінде, Алматы қласында 3 195 оқиға, Алматы облысында 1 148 оқиға және Жамбыл облысында 1 054 оқиға болған. Осы үш аймақ өліммен аяқталған жол апаты бойынша алдыңғы орында тұр екен.
Ал күні кеше ғана осы Жамбыл облысының аумағында тағы бір жантүршігерлік жол апаты болып, бір топ адам қаза болды. Қайғылы оқиға туралы ақпарат таратқан Жамбыл облысы ішкі істер департаменті өкілінің айтуынша, жол апатының салдарынан қаза болғандардың қатарында екі тәртіп сақшысы да бар болып шықты.
«2024 жылғы 17 тамызда сағат 1:00 шамасында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық тасжолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. «Toyota Alphard» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полиция патрульдік полициясының «Skoda Octavia» көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тасжолды күзетіп жүрген екі патрульдік полицей оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған полицейлердің бірі – 11 баласы бар әке. «Toyota Alphard» көлігінде сегіз жолаушы болған. Олардың төртеуі оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші мен қалған үш жолаушы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет