Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы



бет1/2
Дата25.02.2024
өлшемі46 Kb.
#493161
  1   2
1 Тарих 9 сынып Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттілікті қалыптастырудағы іс-шаралар Дидактикалық материал


Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша, Конституция – мемлекеттің Негізгі Заңы,елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция – мемлекеттің құрылысын, мемлекеттің басқару жүйесін және азаматтардың құқықтарын,бостандықтарын және міндеттерін бекітеді.


1993 жылғы Конституция
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік мемлекет тәуелсіздігі билікті бөлісу принципі қазақ тілін мемлекеттік деп тану Президентті мемлекет басшысы деп тану сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды Елдің егемендігін танытатын 1993 жылғы тұңғыш Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігін ең жоғарғы заң тұрғысында саяси-құқықтық сипатта алғаш бекіткен құжат еді. Бұл тұңғыш Коституцияның мемлекет тарихында алатын орны туралы Елбасы «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деп жазады: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын». Осылайша, 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді, Сөйтіп, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, біртұтас мемлекет деп көрсетіді. Ұлттық, унитарлы мемлекеттің бұлжымастығы қуатталды. Халық – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге Республика Жоғарғы Кеңесінің жəне Президенттің құқығы бар. Коституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. Республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иесі болу құқығы берілді. Экономикалық салада жерді жеке меншікке беруге тыйым салынған. Алайда, тәжірибе көрсеткеніндей, жерді жеке меншікке бермейінше, толыққанды нарықтық қатынастарды дамыту мүмкін емес. Шын мәніне келгенде, өздерінің меншігіне кепілдік берілмейінше отандық өндірісшілеріміз де, шетелдік инвесторлар да капиталдық тәуекелдікке бара алмайды. Конституция бойынша қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып бекітіліп, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды.
1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік ережелеріне көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Алғашқы Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл құжат Президенттің көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету. Алайда, жоғарыда қамтылған төрт мақсатты шешіп беретін баптар әуелгі тұңғыш Конституцияның жобасында барынша қамтылмады. Президент Н.Назарбаев та бұл ретте тұңғыш Конституция жобасы әуелден-ақ еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық үдерістен алшақ қалғанын алға тартады. Сөйтіп, уақыт өте келе, заман ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Мәселен, сол кездегі оқиғаларға зер салсақ, тұңғыш Конституция мемлекеттік билікті бөлу қағидаты тұрғысынан республикада біртұтас мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптастыра алмағанын аңғарар едік. Сол тұстағы оқиғаларға келсек, депутаттыққа үміткерлердің бірі шағым жасап, соның негізінде XIII шақырылған Жоғарғы Кеңеске сайлау бойынша Орталық сайлау комиссиясының кейбір актілерін Конституциялық cот 1995 жылдың 6 наурызында Ата Заңға кереғар деп таныды. 1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады. Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет мəлімдеді. 1993 жылғы қараша айының соңына дейін 100-ге жуық кеңестер таратылды. Бұдан былайғы кезеңде мәжілістерін өткізуге жергілікті квотумның болмайтындығын білген соң, 1993 жылғы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Əбділдин оның таратылғанын ресми түрде жариялады. Республиканың жаңа парламенті сайлағанша мемлекетті басқару өкілеттігі Президентке тапсырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет