Конституциялық құқықтың негіздері Тәңірбергенова Рабиға Көлекбайқызы



бет3/5
Дата16.06.2022
өлшемі159.47 Kb.
#459276
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
0001 (1)

Конституциялық құрылыс деп мемлекеттiң құқыққа бағынуын қамтамасыз ететiн және оны конституциялық мемлекет ретiнде сипаттайтын мемлекеттi ұйымдастыру әдiсi ұғынылады.
Конституция қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Кіріспе
(преамбула)
Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны
қабылдаудың тарихи жағдайы, құқықтар мен бостандықтар, мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі.
Негізгі мәтін
Азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен міндеттері туралы,
конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде,
мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы нормалар енген.
Қорытынды және
өтпелі ережелер
Ата Заңның күшіне енгізу нормаларын бекітеді,
бұрынғы Конституцияның
күші қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды.

Конституцияны қабылданған күні - 1995 жылғы 30 тамыз


I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық Кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет