болды. Жақсару бар ма екенін көру үшін зерттеудің ықпалын бағалап отырдым,
оны мынадай сұрақтарды қою арқылы анықтауға болады: Жақсару шын мәнінде
болды ма және де алынған деректер мұны растай ма? Егер тәжірибе жақсармаса,
жақсы нәтижелерді алу үшін іс-әрекетке қандай өзгерістер енгізу керек? Сипаты
бойынша іс-әрекеттегі зерттеу циклді үдеріс болу керек. Бұл үдеріс осымен
тоқтауы міндетті емес. Алдыңғы жүргізілген зерттеу кезінде жинақтаған ақпарат
зерттеудің жаңа сұрақтарын көтеруі мүмкін. Әр зерттеудің аяғы келесі зерттеудің
басы болып, 1 жылға созылған зерттеу нәтижесінде ҰБТ-да бітіруші 51
оқушының 22-сі физика таңдап, 100% мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл жеке
мұғалім ретінде жүргізілген зерттеуім болса, лицей әкімшілігі тарапынан топтық
зерттеу жұмысы жүргізілді. Ол 8 және 9-сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығын зерттеу болды. Ол үшін зерттеуші топ құрылды, зерттеу
проблемасы анықталды, жоспар құрылды, әдіс тәсілдер қолдануға ұсынылды,
бірнеше рет отырыстар болды, іс тәжірибемізді ауданға және облысқа тарату
семинары өтті. Кеіңнен тоқтала кетейін, зерттеуші мұғалімдердің өзі үш топ
болды, олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін мұғалімдерден құралған топ
оқу сауаттылығы бойынша зерттеу жүргізді,
математика пәні мұғалімдері
математикалық сауаттылығы бойынша, физика, химия, биология және география
пәні мұғалімдерінен құралған топ жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық
бойынша зерттеу сабақтарын өтті. Зерттеу сабақтарында құралған топтарға
ыңғайластырылған сабақ кестесі құрылып, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын арттыру үшін сабақ процесінде тапсырмалар беріліп, жан жақты
зерттелді. Сабақтың жоспарын жасағанда, оқу мақсаты мен критерийлері
ескерілді, қолданатын әдістерде зерттеуші
топ тарапынан құрылды, сабаққа
қатыса отырып, тиімдіңлігі анықталды, тиімсіз тұстарын келесі сабақта өзгертілді.
Бұл ауқымды жұмыс, тұтас мектептің әлеуетін және оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыс болды.
Сонымен 2021-2022 оқу жылында екі түрлі зерттеуде болдым, келесі 2022-
2023 оқу жылы жаңадан ашылған мектепке директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары қызметінде жүріп, бастапқы бақылауда ең төмен көрсеткіш берген 6-
сыныпты зерттеуге алдық. Білім сапасы 37,5% болса, оқу жылының соңында 74%
болды. Мектепте 2-тоқсаннан бастап әр айда «Үздік сынып» анықталып отырды.
Зерттеуге алған сынып ең соңғы орында болды. «Үздік сынып» жобасының басты
критерийі әр оқушының алған қалыптастырушы ұпайын сынып бойынша қосу
арқылы, ең көп ұпай жинаған сыныпты анықтау арқылы жүргізілді. Мектеп
жекеменшік
болғандықтан, таңертең білім алады, түсқайта үй тапсырмасын
орындайды. Бұл мектепте де зерттеуші топ мұғалімдері құрылды, ең төмен
көрсеткіш берген сыныпқа камера орнатылды. Сабақты камера арқылы бақылап,
мұғалімдердің сабақты тиімді өтуіне зерттеулер жүргіздік. Бұл жерде мұғалімнің
кәсіби дамуына және де оқушылардың тәртібі мен білім алуы мағызды болды.
Бірнеше әдіс тәсілдер қолдана отырып, әр тоқсанда өсімдер байқалды және де
жыл соңында «Үздік сынып» атағына ие болды.
Мұғалімдер ынтымақтастықта жұмыс жасады. Бір ерекшелігі – әр түрлі пән
мұғалімдері бір топ аясында шоғырланып, кіріктірілген топты құрды, әр пәнге
ортақ проблеманы нысан ретінде алып, тәжірибесін байытты. Мұғалімнің
зерттеушілік қасиеті оянып, пәннің теориясынан сабақтағы шынайы іс-әрекетке
ауысып, практик-мұғалім ретінде қалыптасты.
Әрбір іс-әрекетке
жауапкершілікпен қарауға дағдыланды. Зерттелетін оқушыларды фокус-группаға
біріктіріп, мұғалім мен оқушының арасында сенімділікпен біріккен тығыз
байланысты нығайтты. Мұғалімнің тәжірибесі шыңдалып, әдістемелік тұрғыдан
өз кәсіби бейнесін танытып, белсенді оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, проблемалық
оқыту және тағы да басқа әдістерді жүзеге асырды.
Сонымен өз іс-тәжірибесін үнемі зерттеуші мұғалім кәсіби дамиды және
оқушыларының білім сапасыда елеулі өзгеріп, мектептің әлеуетін арттырады.
Өрлеу біліктілік арттыру орталығының
жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Достарыңызбен бөлісу: