Көркем шығармалар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыру
Н.Т.Утепбергенова , Б.Е.Темирхан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,
Қазақстан,Алматы қ.,email:utepbergenova_04@mail.ru
Біз бұл мақалада баланың шығармашылық ойлауын дамытуды көздейміз. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет.
Түйін сөздер:Балалық шақ, қиял, эстетика, шығармашылық, қабілет, білім, теория, фактор.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілеттерін тақпақтар, ертегілер, сурет салу және жапсыру арқылы дамытуға болады. Күніне 1-2 әңгіме айтып, қызықты жұмбақтар жасырудың пайдасы сіз ойлағаннан да көп. Айта кетейік, оларды ата-ана өзі ойдан шығарғаны абзал. Егер де бала балабақшаға бармайтын болса, онда оқу жаттығуларын үйде өткізген дұрыс.
Шығармашылық дамудың пайдасы:
- Қиялдай білу;
- Тәуекелге бара алу;
- Ой шапшаңдығы;
- Интуицияның дамуы;
- Эстетикалық құндылықтар;
- Күрделі заттар мен құбылыстарды түсіне білу.
Барлық балада шығармашылық қабілет бар деп айтуға болады. Мұндағы басты мәселе – деннің саулығы мен баланың қалыпты дамуы. Сол себепті бұл қабілеттерді теорияда да, тәжірибе жүзінде де дамыту керек. Айта кетейік, шығармашылық мамандықтар қашан да сұранысқа ие.
Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тәрбиешілердің жұмысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға көп көңіл бөлінуде. Құзыретті педагог мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық, қабілеттерін дамытуға көмектеседі және ықпал етеді. Жұмыс қазақ ертегілері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналган тапсырмалар кешенін пайдалану әрекетінен тұрады. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды шығармашылық, қиял, шыгармашылык ойлау, қабылдау, зейін және т.б. ұғымдар арқылы қарастыруға болады. Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық, қабілеттерін дамыту қазақ ертегілері арқылы қарастырылады. Жұмыстың практикалык маныздылығы мынада: шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістерінің анықталуы. Шығармашылық, өнімдердің субъективті құндылығы шығармашылық өнім өздігінен, объективті түрде ғана емес, оны алғаш жасаған адам үшін жаңа болған жағдайда орын алады. Бұл көбінесе сурет салу, модельдеу, өлең, ән жазу саласындағы балалар шығармашылығының өнімдері. Еуропалык ғалымдардың заманауи зерттеулерінде «шығармашылық» сипаттамалық, түрде анықталады және интеллектуалдық, және жеке факторлардың жиынтығы ретінде әрекет етеді.
Педагог ғалымның айткан сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Казіргі кездегі білім беру мекемелерінің, алдына койылып отырған басты талаптардың бірі - рухани дүниесі бай, жан -жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
Балалалардың шығармашылық қабілеттері оның оқуға, білуге
қызығушылығын арттырады, білімді табысты менгеруге ықпал етеді, интеллектуалдык күш-жігерді, өзіне деген сенімділікті арттырады, көзқарастардың тауелсіздігін тәрбиелейді.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «баланың шығармашылық ерекшелігі оның, сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылык, шешімінің нәтижесі баланың, өзі үшін жаңалык болатындығы жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланы, шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық қабілеттердің дамуына ықпал ететін факторларға мыналар жатады:
- жаңа әсерге және шамамен әрекетке деген қажеттілік;
- қарым-қатынас адамның іс-әрекетін өзгертуге бейімділігі мен қажеттіліктерінің бастапқы көрсеткіші;
- баланың ересек адам ретінде жұмыс істеуге рұқсаты, бұл қажеттілікті қанағаттандыра алмауы салдарынан орын алатын рөлдік трансформация;
- психикалық даму деңгейі, оның ішінде қиял; эмоционалдық сфераның ерекшеліктері.
Балалық шақ – шығармашылық даму үшін ең қолайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалар білмекке құмар келеді. Себебі олардың ойлау қабілеті еркін және қалыптасқан шектеулерден хабарсыз. Ересек адамның шығармашылық әлеуеті көбіне мектеп жасына дейінгі дамуына тікелей байланысты. Бүлдіршінді тәрбиелеуде ең бастысы – ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысы екенін естен шығармаған жөн. Бүлдіршіннің қандай да бір дарынын анықтап, оның болашақта пайдалы болуына жақын жандарының ықпалы орасан зор.
https://bilimainasy.kz
https://bilimger.kz
https://www.bsh.kz
https://cloud3.college.edu.kz
https://m.facebook.com
Достарыңызбен бөлісу: |