КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДА ФРАЗЕОЛОГИЗМЛЕРДІҢ АДЪЕКТИВ ҚЫЗМЕТТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Г.А.Алламбергенова – Қарақалпақ мемлекеттік университеті докторанты
Ж.Қ. Қобланова – Қарақалпақ мемлекеттік университеті студенті
Әрбір ұлттың бірнеше ғасырлық бай тарихын, әдет-ғұрпын, мұраларын, мәдениетін көрсетуші құралы - сол ұлттың тілі есептеледі. Халықтың күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі негізінде қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары тілдегі тұрақты сөз тіркестерінде көрінеді.
Тіліміздегі фразеологизмдер — лексикалогияның бір саласы есептеледі. Олар өздерінің экспрессивтік-эмоционалдық әсерімен көрінеді. Сондықтан оларды көркем шығармаларға өткенде, идеялық мазмұнымен байланыстырып көркем образ жасау қызметін арттырады. Олар аз сөзбен көп мағына беріп, ойды тереңдетіп, образды түрде айтуға ауызекі әдебиет пен көркем әдебиетті жақсы түсінуге көмек береді. XVIII ғасырдан XX ғасырдың орталарына дейінгі фразеологиялық теорияның дамуының алғашқы кезінен-ақ жалпы тіл білімі тарихында М.В.Ломоносов, В.А.Даль, А.А.Потебния, Ф.Ф.Фортунатов, Ф.И.Буслаев, Ш.Балли, А.А.Шахматов, В.В.Виноградов, А.И.Ефимов, Н.М.Шанскийлердің ғылыми еңбектері фразеологияның өз алдына лингвистикалық сала ретінде қалыптасуына, оның әлі де дамуына негіз болды.
Жалпы алғанда, фразеология соңғы жылдарда тездікпен дамыған тіл білімінің салаларының біріне айналды. Осының нәтижесінде фразеологиялық теориялар тездікпен дамып, бұл сала бойынша көптеген мамандар ғылыми зерттеулерін алып барды. Ал қарақалпақ тіл білімінде фразеологизмдерді Е.Бердимуратов «Ҳəзирги Қарақалпақ тили. Лексикология», Г.Айназарова «Қарақалпақ тилинде теңлес еки компонентли фразеологизмлер», Б.Юсупова «Қарақалпақ тилиниң фразеологиясы», Г.Алламбергенованың1 және т.б. зерттеулерінде үйренілген.
Адъектив фразеологизмдер сындық қызметіндегі тұрақты сөз тіркестері. Сондықтан кейбір зерттеушілер фразеологизмдердің сөз таптарына қатынас мәселесін сөз еткенде олардың бір тобы ретінде адъективтік немесе сындық фразеологизмдерді ажыратып көрсетеді2.
Өзінің бойына образды, өткір, эмоционал-экспрессив мағынаны жинаған адъектив фразеологизмдер көркем әдебиетте айрықша суреттеу құралы болып, сөз шеберінің идеясына, айтайын деген ой-пікіріне, алға қойған стиліне мақсатқа сай қосымша мағына, стильдік бояулар, поэтикалық негіз, субъектив көмекші реңктер беруші айрықша құрал болып есептеледі. Адъектив фразеологизмдер сынның эмоционал-экспрессивтік мағыналы синонимі ретінде поэзияда адам образын – лирикалық кейіпкердің портретін, характерін, психологиясын, сөйлеу стилін жарату, оларды көркем, әсерлі суреттеу үшін кең қолданылады. Сондай-ақ сөз шеберінің суреттеп атырған объектке субъектив қатынасын да көрсетуге қызмет етеді. Адъектив фразеологизмдердегі бұндай көркемдік, образдылық мүмкіндіктерді орынды пайдалану, әрине жазушының шеберлігіне, талантына байланысты.
Қарақалпақ тілінде фразеологизмдер сөз табының қатысына қарай төрт топқа бөлінеді: заттық мағыналы фразеологизмдер, сындық мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер, етістік мағыналы фразеологизмдер. Солардың ішінде біз бұл мақаламызды тілімізде қолданылып жүрген сындық мағыналы фразеологизмдерге тоқталамыз. Сындық мағыналы фразеологизмдердің табиғатын сөз етуден алдын, біз сын есімнің лексика-семантикалық өзгешелігіне тоқталуымыз керек. Сындық мағыналы фразеологизмдер көбінесе адамның сыртқы түр-түсін және характерін ашып беруде көп қолданылады. Мысалы: жылы шырай, қу сүйек, қара бет, жүрегі жоқ, тілге бай, көкірегі кең, етек-жеңі кең, оң қолы ойылған, ауызға үріп салғандай, қаз мойын, жеті қырлы т.б кіреді.
Сындық мағыналы фразеологизмдер семантикалық жақтан заттың немесе құбылыстың қандай белгісін білдіріп келуіне байланысты төмендегіше мағыналық түрлерге ажыратып үйренілді:
1. Предметтің сын сымбатын: Жаушылар сармайдан қыл суўырғандай етип, майдалап мазалы сөзлерди айтты (М.Дарибаев «Мыңлардың бири» 205-б); Иште онша қулаққа азар бермейтуғын гүрилди бар (М.Нызанов «Ҳаўа кемесинде екеў» 4-б); Музыка әлеминде теңи-тайы жоқ шығара «Мәңги қалыңлық» идеясына әбден қызығып қалған (Ш.Айтматов «Таўлар қулаған мәҳәл» 33-б).
Бул мысалдар да предметтің әр түрлі сындық мағынасын білдіріп келген фразеологизмдер қолданылған. Мысалы: «сармайдан қыл суўырғандай»— оңай, анық, «қулаққа азар бермейтуғын» - ақырын, азары жоқ мағынасында келген фразеологизмдер сын мағынада келген болса, «теңи-тайы жоқ» — «өте жақсы» мағынасында келген фраза сындық мағынасын білдіріп келген. Ақын–жазушылар өз шығармаларында пікірді тереңлестіріп, әсерлілікті арттыру үшін фразеологизмлерден орынды пайдаланған.
2. Әр түрлі жағдайды (жас, кәрі, таза, ескі, ақсақ, сынық, суық) білдіретұғын фразеологизмдер: ...мениң балаларымды ерт— деп, Лепеске жалынып келетуғын, қашшан сүйеклери сипсе болған баяғы Сайым болыстың балалары (Қ. Мәтмуратов «Тербенбес» 292-б). Урысып не қылайын жалғыз избасарыма, көзиниң ағы-қарасына (А.Абдиев.Жын-жыпырлар уясы, 90-б). Өмир қайтып келер ме еди, урынығып жасар едим, өртенип жасар едим! Бир аяғым гөрде, ендиги жағында мен кимге керекпен? (Ш.Сейтов «Шырашылар» 54-б). Ғарры менен бала да майектен шыққан шөжедей тик жарда зеңирейисип излеринен узақ қараўға шыдай алмады (Ш.Сейтов «Шырашылар» 72-б).
Берілген мысалдардағы «сүйеклери сипсе болыў» — қартаю, «бир аяғы гөрде» — қартайған, «мәйектен шыққан шөжедей»— жас, кіші сияқты фразеологизмдер сөйлемде қолданылуы жағынан уақыт мағынада келіп, адамның жасау дәуірлеріне сай жас өзгешелігін салыстыру жолымен көрсетіп берілген. Фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысы айрым жағдайларда семантикалық жақтан азды-көпті өзгерістерге түскен түрлері ақын-жазушының талғамына, стиліне байланысты түрлі формада қолданылуы мүмкін. Мысалы «мәйектен шыққан шөжедей» фразасына «аўзынан сарысы кетпеген», «ана сүти аўзынан кетпеген» сыяқты вариаттары кездеседі.
3. Адам және жануарларға тән қасиетті (ашушақ, қорқақ, батыр, ұмытшақ) т.б білдіретұғын фразеологизмлдер: Ол сондай ҳарамзада болмаса, қой аўзынан шөп алмайтуғын, қойдай жуўас Ержан ағаға душпанлық етерме (М.Дәрибаев «Мыңлардың бири» 79-б). Егер де жаңағыдай ақпа қулақ болсаң, қулағына қорғасын етип қуйып ал! (Қ.Мәтмуратов «Тербенбес» 189-б); Сен аўзыңды дастурханға көп сүрткенсең, сонлықтан аўзыңның пәтиўасы кетип, сөзиң дузсыз болып жүр — деп адамлар оны «Аллаш дузсыз» дейтуғын еди (М.Дәрибаев «Мыңлардың бири» 27-б). Бул да бир жүзи жалтырақ, иси қалтырақ нәресте-дә! (Е.Өтепбергенов «Қумар»7-б).
Адъективлік сын есімнің өзгешелігі сонда олар номинанивтік мағына жақтан, ауыспалы (метафора, метонимиялық) мағынада, заттың абстракттық мағынасын білдіреді. Мысалы: «қолы ашық» фразасын алсақ, онда тікелей қолдың ашықтығына емес, ал адамнын жақсы қасиеті болған жомарттықты білдіріп келген. «Қой аўзынан шөп алмас»—жуас, «ақпа құлақ»— ұмытшақ, «қулағына қорғасын етіп құю» - бір затты қайта- қайта айту, «сөзиң тұзсыз болу»—«тұзы кем болу» фразеологизмдері өзара синоним болып, орынсыз сөйлей беретін адам, «жүзі жалтырақ, ісі қалтырақ»— айлакер, сұм.
Фразеологиялық сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер басқа сөздермен алмасып берілуі мүмкін. Олардың көркем шығармаларда көркемдік және стильдік мақсаттарға бола өзгертіліп қолданылуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады.
Берілген мысалда «құлағын қағып қолына беру» фразасы күнделікті тұрмыста «құлағына қорғасын етіп құю» «құлағына құрт болып түсу» «құлағына ясин оқу» сыяқты вариаттары да тілімізде қолданылады.
4. Ұқсастық, шеберлик мағынасын (түйедей, инедей, пікірлес, сырлас): Таң қаларлық жүзи қаллы, Жети жерден нышанлы, ат басындай бир ул туўды («Қызпалўан» Қарқалпақ фолклоры, XXIII том, 402-б). «Биймезгил қонақ па?» деп шығып көрсем, Биреў тур туўған айдай бес күнги (И.Юсупов «Кешки ой жоллары». Берілген мысалдар предметтің образдылық дәрежесин арттырумен бірге күшейткіш мағыналы келген «ат басындай»—үлкен, «туўған айдай бес күнги» — жас деген мағыналарында жұмсалған.
Қорыта айтқанда, ақын-жазушылар шығармаларында эстетикалық қасиетін көрсетуде көркемділігі, сөз шеберлерінің ой жүйріктігі, образдылық қасиеттерімен өзінше қолданған адъектив фразеологизмдер анық көрінеді. Аз сөзді, кең мағыналығы, тұжырымдылығымен тіл арқылы образдылық жаратуда өзінің салмақты орнына ие адъектив фразеологизмдер ақын–жазушылар шығармаларында үлкен стильдік қызметтер атқарады. Олар кейіпкер образдарын, олардың түрлі мінез-құлқын, көз-қарастарын, психологиялық жағдайын, портретін, сондай-ақ, объекттерді, оқиғаларды көркем суреттеуде бір тәсіл ретінде экспрессивтілік үшін пайдаланады.
Пайдаланған әдебиеттер
Пахратдинов Қ.,Бекниязов Қ. Қарақалпақ тилиниң фразеологизмлер сөзлиги: — Нөкис: «Qaraqalpaqstan» 2018.
Юсупова Б. Қарақалпақ тилиниң фразеологиясы. Ташкент, «Тафаккур қаноти» 2014.
Бердимуратов Е. Ҳәзирги қарақалпрақ тили. Лексикология.- Нөкис, «Билим» 1994.
Ешбаев Ж. Қарақалпақ тилиниң қысқаша фразеологиялық сөзлиги— Нөкис: 1985 ж.
Айназарова Г. Философия, миллий идея ҳəм жаслар тəрбиясы. Республикалық конференция жинағы, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |