Көрнекілік — нәтижелі оқытудың негізі
Көрнекілік — педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын көрнекілік.
Көрнекілік — оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр — сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.
Көрнекілік пәнді оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді.
Көрнекілік әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар: плакат, кесте, картина, карта, суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқытудың көрнекілік әдістерінің басты ерекшелігі - оларды пайдалануда негізгі ақпарат көзі ретінде сөз емес, әр түрлі объектілер, құбылыстар, техникалық және көрнекі құралдар танылады. Бұл әдістер оқытудың сөздік әдістерімен сабақтасып өте жиі қолданылады. Көрсету, иллюстрация, бақылау көрнекілік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, бұл әдістердің барлығы да оқушыларға эмоционалдық әсер етеді. Оларға да көрнекілік принципіне қойылатындай (көрсетілетін объектілердің, құбылыстардың реттілігі, қабылдаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету) сияқты талаптар қойылады. Әдістердің бұл тобына оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар (құстардың дауысы), радиохабарлар, экрандық - дыбыс құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар) жатады.
Оқытуда көрнекілік әдістерін пайдаланғанда төмендегі шарттар сақталуы керек:
а) қолданатын көрнекілік оқушы жасына сай болуы керек;
Достарыңызбен бөлісу: |