Корпоративтік мәдениетті зерттеушілер Қонарбай Ақниет Сапар Гүлдана



Дата12.05.2023
өлшемі0.68 Mb.
#473600
Ұжым мәдениеті.ПСИХ.


Корпоративтік мәдениетті зерттеушілер
Қонарбай Ақниет
Сапар Гүлдана
Құдайберген Бибінұр
Наурызбаева Анеля
Нысанбек Сара
Ұйым- белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған биліктік қатынастар мен еңбек бөлінісімен қабылданатын ұжым түрі.
Ұйым деп- алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі.
Менеджмент әлемінің негізін ұйым құрайды. Ол менеджменттің негізгі құраушы себепшісі болып табылады.
Топтар ұйым болып саналуы үшін міндетті талаптарға сай болуы қажет:
• Өзін осы ұйым мүшесі санайтын кем дегенде екі адам болуы керек;
• Осы топтың мүшелері бірігіп қабылдайтын белгілі бір мақсаттарға бағытталу керек;
• Ұйымның барлық мүшелері ортақ мақсатқа жетуге бірігіп еңбек ету;
Мақсат пен нәтиже болмаса жетістікке жету мүмкін емес.
Ішкі ортамен байланыста орындалатын міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс. Міндеттердің үш түрі: а) адамдармен жұмыс істеу; ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т. б. ; б) мәліметпен жұмыс істеу; Әр қызметкер өзіне жүктелген міндеттеріне сай адамдармен, мәліметпен, заттармен жұмыс атқаруы арқылы бөлімнің, ұйымның мақсаттарын орындайды. Ұйым мүшелері өз міндетін атқару үшін сол орындалатын жұмыстың технологиясын білуі тиіс. Қызметкерлер де, жұмысшылар да өз міндеттерінің орындалу технологисын жоғары дәрежеде меңгеруі қажет. Технологияның ең тиімді түрін таңдау орындалатын жұмыс процесіне және адамдарға байланысты. Ұйымдардағы барлық жұмыс адамдардың қатысуы арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан ұйымның ішкі ортасының ең басты элементінің бірі – адамдар.
Ұйымның сыртқы ортамен байланысы бұлар- тұтынушылар, қоғамның көзқарасы, технология, т. б жатады. Сыртқы ортада болған өзгерістер ұйымның ішкі ортасына да әсерін тигізіп өзгертеді. Менеджер сыртқы ортаның ұйымға қалай әсер ететінін қадағалап, әртүрлі өзгерістерге бейімделіп отыруы тиіс. Сыртқы орта ұйымға тікелей (кәсіподақ, жеткізушілер, тұтынушылар, бәсекелестер) және жанама (инфляция, сыртқы саяси және әлеуметтік-этикалық орта) әсер етеді.

МӘДЕНИЕТ МЕКТЕПТЕРІ


Өркениеттілік мектебі
Формациялық мектеп
Психоаналитикалық мектеп
Әлеуметтік мектеп
Символикалық мектеп
Ұйымның мәдениетінің даму концепциясы
1970 жылға дейінгі зерттеушілер
1970-1980 жж. зерттеушілер
1980 ж. зерттеушілер
М.Шериф, К.Левин,
К. Арджирис, Д. Макгрегор
П.Тернер, А.Петтигру, К.Гертц
Э.Шейн, Т.Дил, А.Кеннеди, Л.Смирчич, Дж.Мартин
«Кәсіпорынның мәдениеті бұл ұжымдағы барлық құндылықтардың, қызметкерлердің жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы.»
Н.Лэмэтр
«Кәсіпорын мәдениеті дегеніміз ұжымдағы дәстүрлер, әдетке айналған дағдылар және кәсіпорындағы барлық қызметкерлер осы мәдениетті меңгеруі қажет.»
Э.Джакус
Корпоративті мәдениеттің атқаратын қызметі
  • Танымдық
  • Құндылық
  • Коммуникативті
  • Нормативтік реттеуші
  • Инновациялық
  • Тұрақтылық

Корпоративті мәдениетті зерттеуде әр түрлі деңгейлер болады:
  • Төмен деңгей: ғимараттың инфраструктурасы, офистер, технология, өнім, киім стилі, қарым-қатынас манерасы, тіл, жұмыс орны, эмоционалды атмосфера, сыртқы діни рәсімдер, объективті мәдениетке жататын барлық объектілер.
  • Жоғарғы деңгей: адам құқығын қорғайтын құндылықтар: моралды көзқарастар, этикалық ереже, философия, құндылық, жүріс-тұрыс кодексі, қарым-қатынас нормасы, мақсаттар, миссия, ұран.
  • Терең деңгей: базалық түсінік, құбылыс мәні, жалпы адамзаттық қарым-қатынас құндылықтары, кеңістік пен уақытты бағалау, жұмыс маңыздылығы, отбасы және өзін-өзі дамыту.

Корпоративтік мәдениет құрылымының сұрақтарымен айналысқан ғалымдар:
И.С.Евстигнеев,С.А.Иванов,И.Н.Иванова,К.А.Кравченко,С.В.Кузичева,М.В.Крымчанинов,Ю.М.Резника,Р.Ю.Рябова,О.А.Сайченко,А.Г.Самарский,П.А.Тихомирова,А.А.Федоров,Ю.А. Шилкинов және т.б.
Корпоративтік мәдениеттің құрылымының сұрақтарына еңбектерімен айналысқан ғалымдар:
А.В.Аверина,А.Ф.Веселкова,Н.М.Горяйнов,Н.П.Липовка,О.Г.Проничкин,В.А.Спивак,М.С.Сухоруков,М.В. Шедий,П.Н.Шихирева және т.б.
Адам мен ұйым ара-қатынастарының рөлдік көзқарасы. Адам мен ұйымдық ортаның арасында байланысты кездесетін әр қиындықтар мен мәселелердің пайда болып жатады. Адам мен ұйымдық орта арасында болатын түсінбестік, қарама-қарсы тұрушылық пен жанжалдың болатын көптеген себептері болады:
• 1. Жекеше тұлғаның ұйымдық орта мен оның сондағы алатын орны туралы түсінігі мен одан не күтетіндігі;
• 2. Ұйымның жекеше тұлғадан не күтетіндігі, оның атқаратын рөлі мен алатын орны. Егер де ұйым мүшесі өз рөлін ойдағыдай орындап жүрсе және де өз жұмысының мазмұны мен нәтижесіне және ұйымдық ортамен ара-қатынастары барысына қанағаттанатын болса, онда адам мен ұйым арасында дау-жанжалдық қайшылық болмайды.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет