Коррекциялық педагогика оқУ-Әдістемелік кешені


Дәріс 9. Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер



бет8/9
Дата08.07.2016
өлшемі1.29 Mb.
#185658
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс 9. Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер


Жоспар:

  1. Қиын балаларға жалпы сипаттама

  2. Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері

  3. «Гайденс» эксперименті

  4. Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері

  5. Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер

  6. Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар

Қиын балаларға жалпы сипаттама

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :

1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.

2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.

Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;

2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.

Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.

Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.


Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, дау-жанжал, баланың табиғи  психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық. 
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.

Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

Балалардың тәртіптерінің нашарлауын 3 топқа бөліп қарастырамыз:

І-топқа күнделікті мектеп тәртібін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып, шарап ішетін оқушылар жатады.

ІІ-ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді сыйламайтын оқушылар жатқызылады.

ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы өз жасына сәйкес дамымаған, жүйке жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады.

Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын» балалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды «тәртібі төмендеген оқушылар», ал ІІ-ші топтағы оқушыларды «тәртібі нашар оқушылар» деп атап, 3ші топтағы оқушыларды «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп атаған орынды. Біз осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса, ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады.Сондықтанда зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп аталынуы керек деп кеңес береді.

Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.

Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.



Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері.

Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3)Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою.Әңгімелесу оқу – тәрбие үрдісінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім, тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың көшедегі жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іске асырудың бірнеше жолы бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, сондай–ақ ата- ана, мектеп инспекторы қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшедегі жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет.

Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсер ету керек.. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.

Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсінеді, өзін - өзі тәрбиелейді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс–тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

- дайындық кезеңі;

- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды аңықтау;

- екінші кезең – қиын оқушылар мен көшедегі жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесінің тереңдігін аңықтау.

- үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер байқала бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілік сапалардың арасында күрес басталады.

- соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс-шараларын мектеп ұжымдары нақты анықтап, оларды дұрыс жолға түсіре отырып, соңына дейін күрес жүргізулері керек.

Қазақ халқы - ғажап тәлімгер. Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп. Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің ана тілінде дұрыс сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.

«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз.

Кейбіреулер: "Жазалау — бұрынғы көне педагогиканың тәрбиелеу шарасы, ол бiздiң әдебімізге сай келмейдi" — десе, ендi бiреулерi: "жазалаусыз — тәрбие iсiн жүргiзудiң өзi мүмкiн емес", — дегендi айтады. Кiмдiкi дұрыс? Бұл сауалға А.С.Макаренко толымды да сенiмдi жауап берген. «Менiң мынаған анық көзiм жеттi», — деп жазады ұлы педагог, — жазалайтын жерiнде педагогтың жазаламай қалуға хақысы жоқ. Жазалау — бұл тек құқық ғана емес, сонымен қатар міндет те. Жазалау да басқа шаралар тәрізді табиғи, қарапайым және логикалық орынды шара ретінде хабарлануы тиіс.

Алайда "қиын балалармен" жұмыс істегенде, жазалау шарасын аса сақтықпен қолдану керек. Олардың ақыл-кеңестің қай түріне де құлағы үйреніп қалғанын және бойында оны қабылдауға қарсы өзінше бір иммунитет пайда болғанын есте ұстаған дұрыс. Сондықтан бұл салада жан-жақты ойластырылған кешенді тәрбие қажет.

"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу үшін берік қалыптасқан, ұйымшыл да тату ұжым керек. Осы ретте педагогтар мен "қиын" оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру — ең қажетті шарт. Білікті ұстаз қандай "бұзылған" баламен де тіл тауып сөйлесе алады. "Қиын" оқушының қоршаған ортамен байланысын кеңейту, осы мектептің қоғамдық өміріне тарату — қайта тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір "қиын" оқушыға қандай да болсын қоғамдық тапсырма жүктеу қажет. Ал, мектеп тәжірибесінде қоғамдық жұмыстарға тек оқу озаттарын, тәртібі жақсы оқушыларды ғана тарту әдетке айналған. "Қиындықтар" мен нашар үлгеретіндер қоғамдық тапсырмалардан сырт қалады, оларға сенбейді. Міне, бұл — педагогикалық қателік.

«Гайденс» эксперименті.

2000 жылы Ресейдегі Шахта қаласындағы №31 орта мектепте коррекциялық жұмыстың жағдаяттық сатысы негізінде «гайденс»-эксперименті жүзеге асырыла бастады. Оқушылардың тұлғасын зерттеудің құралы ретіндегі «гайденс» жүйесінің тарихы ХХ ғасырдың басында үлкен қалаларда мамандық таңдауға байланысты кеңес беру орталықтары құрылған америкалық мектептерден бастау алады. Бұл кезеңде «гайденс» оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруге негізделді. З.Фрейдтің психоанализ туралы ілімі және гештальт-психологиялық әдістер мен технологиялардың танылуы, сонымен қатар Д.Дьюидің тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуі туралы теориясы «гайденстің» зерттеу аумағын кеңейтті. Бұл аумақ көптеген мәселелерді (эмоционалдық, мінез-құлықтық, оқыту) шешуге көмек ретінде қарастырылды. Х.Петерс пен Б.Шертцердің пікірінше «гайденстің» мектептегі жалпы мақсаты тұлғаға толық қанды дамуға көмектесу болып табылады.

№31 орта мектептегі «гайденс»-экспериментінің құрамы мынадай болды: ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасары психолог, 9-10 сыныптардың сынып жетекшілері (кеңесшілер).

«Гайденс»-қызметтің жалпы міндеттері мыналар болып келеді:



  • Бейімдеушілік: оқушыға өзінің мықты және әлсіз жақтарын, басқалардың оны қалай қабылдайтынын анықтауға көмектесу;

  • Коммуникативтік: оқушыны басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге үйрету; адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерімен,ашулану себептерімен, өз көңіл-күйін басқару тәсілдерімен таныстыру, әлеуметтік ортаның мәні туралы түсіндіру;

  • Когнитивтік-креативтілік: оқушыға білім алуға көмектесу, яғни оқу және шығармашылық жұмыстардың әдістерімен қаруландыру; қосымша білім бағдарламасын оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай таңдауға көмектесу; оқу жетістіктері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда қолдау көрсету және көмектесу;

  • Мотивациялық-зерттеушілік: оқушыға өзінің қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін анықтауға көмектесу; еңбек іс-әрекетінде оларды дұрыс пайдалана білуге үйрету.

«Гайденстің» аумағы үш базалық бірліктен тұрады: оқыту, оқушыларға кәсіптік бағдар және тұлғалық басқару. «Гайденстің» әрбір құрамдас бөлігін жеке қарастырайық.

  1. Оқушыларды оқыту:

  • Мектеппен таныстыру;

  • Оқушыларға мектептің жұмысы туралы толық ақпарат беру;

  • Қосымша білім беру бағдарламасын таңдау;

  • Оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыруды жарнамалау арқылы оқу дағдыларын тиімді қалыптастыру.

«Гайденстің» осы базалық бірлігінде кеңесшілер еңбекті ғылыми ұйымдастыруға байланысты мектеп бойынша экскурсия, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу, дәрістер өткізеді.

  1. Оқушыларға кәсіптік бағдар:

  • Жалпы еңбек әлемімен таныстыру;

  • Нақты мамандықтар бойынша арнайы ақпарат беру;

  • Тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіптік мотивациясын анықтау мақсатында диагностика жүргізу;

  • Оқушылардың еңбек іс-әрекетінің дағдыларын тиімді қалыптастыру.

«Гайденстің» осы базалық бірлігі бойынша кеңесшілер ЖОО және арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне экскурсия ,жоғарғы және арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырады.

  1. Оқушы тұлғасын басқару:

  • Тұлғалық қасиеттерін (қызығушылықтары мен мотивтері, қоғамдық бейімделу қабілеті) зерттеу;

  • Жекелей және топтық кеңес беру;

  • Тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

«Гайденстің» осы базалық бірлігінің негізінде тұлғалық қасиеттерді зерттеу үшін тесттер, бағалау шкалалары, тексеру тізімдері, ассоциациялар техникасы, таңдау техникасы, социометрикалық әдістер қолданылады.

Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері

Өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында жағымды қарым-қатынастарды орнату.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.

Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.

Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде  «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп, қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы - отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:


  • ұрпақ жалғастырушылық,

  • экономикалық,

  • тәрбиелік,

  • қарым-қатынастық және бос уақытты,

  • демалуды ұйымдастыру.

Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді ,психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

         «Қиын» оқушыларда адамгершілік  қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.

Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегі қиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды.

8.5 Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер

Тренинг №1

Тақырыбы: «Періште ойыны»

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Ойын ережесі


  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады



Барысы:

Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады, ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады.



Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.

Тренинг №2

Тақырыбы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау, өзімізге дос іздеу»
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам

Ойын ережесі

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:



  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.



Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

  • «Ешқашанда білмеймін демеу»

  • «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

  • «Биік шыңға ұмтылу»

Аутоагентті жаттығу.

Тренингке барлық оқушы қатысады.

Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке

бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Жүргізуші:

-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?



ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:



Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

Жүргізуші:

-Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

Жүргізуші:

-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.



ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?

Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын.

Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет