Көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері



Дата19.06.2016
өлшемі75.3 Kb.
#148582


ЖОБА

«Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде
фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, алғашқы
медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері
және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін
медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер


  1. «Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқрамасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз нұсқада.

  3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз немесе электронды түрде аттестациялық парақты беру.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің
құрылымдық бөлімшелерінің әрекеттері тәртібінің сипаттамасы


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз  көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне кіретін әрбір процедураның (іс-қимылдың) мазмұны:

  1. кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеріп, порталда тіркеуді жүзеге асырады, қызмет алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат (хабарландыру) беріледі және қызмет алушыны тестілеу және әңгімелесу жүргізудің орны мен күні туралы хабарландырады – орындау уақыты 30 (отыз) минут. Ұсынылған құжаттар сәйкес болмаған жағдайда дәлелді бас тарту;

  2. басшы құжаттарды қарап, бұрыштама қояды, ары қарай орындау үшін жауапты қызметкерге жолдайды - орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;

  3. жауапты қызметкері қызметті алушыны тестілеуден өтуіне құжаттарды дайындайды - орындау уақыты 6 (алты) жұмыс күні;

  4. қызметті алушыны тестілеу - орындау уақыты 60 (алпыс) минут.

Әңгімелесуге қызметті алушы тест нәтижесі оң болғанда жіберіледі;

  1. қызмет алушыны әңгімелесу жүргізуді аттестациялық комиссия жүргізеді, нәтижесінде комиссияның хаттамалық шешімі шығарылады - орындау уақыты 3 (үш) жұмыс күні;

  2. жауапты қызметкер хаттамалық шешім негізінде, басшы қол қоюы үшін бұйрық жобасын дайындайды - орындау уақыты 5 (бес) жұмыс күні;

  3. басшы бұйрыққа қол қояды - орындау уақыты 2 (екі) сағат;

  4. жауапты қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет алушыға ұсынады.

Мемлекеттік көсретілетін қызметті көрсету мерзімі құжаттардың өткізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның (іс-қимылдың) мынадай прцедураларды (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын нәтиже:

1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және порталда тіркеуді жүзеге асыру, қызмет алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат (хабарландыру) беру;

2) басшымен құжаттарды қарауы, бұрыштама қою;

3) жауапты қызметкердің тестілеуге құжаттарды дайындауы;

4) қызметті алушыны тестілеу;

5) қызметті алушымен әңгімелесу, хаттамалық шешім шығару;

6) жауапты қызметкермен басшы қол қоюы үшін бұйрық жобасын дайындау;

7) басшының бұйрыққа қол қою;

8) жауапты қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет алушыға беруге дайындау.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызмет көрсетушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесуі
тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) кеңсе қызметкері;

2) басшы;

3) жауапты қызметкер;

4) аттестациялық комиссия.

8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:



  1. кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеріп, порталда тіркеуді жүзеге асырады, қызмет алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат (хабарландыру) беріледі және қызмет алушыны тестілеу және әңгімелесу жүргізудің орны мен күні туралы хабарландырады – орындау уақыты 30 (отыз) минут. Ұсынылған құжаттар сәйкес болмаған жағдайда дәлелді бас тарту;

  2. басшы құжаттарды қарап, бұрыштама қояды, ары қарай орындау үшін жауапты қызметкерге жолдайды - орындау уақыты 1 (бір) жұмыс күні;

  3. жауапты қызметкері қызметті алушыны тестілеуден өтуіне құжаттарды дайындайды - орындау уақыты 6 (алты) жұмыс күні;

  4. қызметті алушыны тестілеу - орындау уақыты 60 (алпыс) минут.

Әңгімелесуге қызметті алушы тест нәтижесі оң болғанда жіберіледі;

  1. қызмет алушыны әңгімелесу жүргізуді аттестациялық комиссия жүргізеді, нәтижесінде комиссияның хаттамалық шешімі шығарылады - орындау уақыты 3 (үш) жұмыс күні;

  2. жауапты қызметкер хаттамалық шешім негізінде, басшы қол қоюы үшін бұйрық жобасын дайындайды - орындау уақыты 5 (бес) жұмыс күні;

  3. басшы бұйрыққа қол қояды - орындау уақыты 2 (екі) сағат;

  4. жауапты қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет алушыға ұсынады.

Мемлекеттік көсретілетін қызметті көрсету мерзімі құжаттардың өткізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды кеңсе арқылы 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызмет алушы порталға жүгінген кезде:
- көрсетілетін қызметті алушының электронды санды қолтаңбасымен қолы қойылған, мәліметтер нысаны толтырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың деректерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының электронды санды қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі («Жіберілді», «Жұмыста», «Келісуде», «Берілді», «Бас тартылды»).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын құжаттардың деректерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:


  1. көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

  2. портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

4. Қорытынды ережелер
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында - http://densaulyk.zhambyl.kz және Жамбыл облысы әкімдігінң сайтында http://www.zhambyl.gov.kz орналастырылған.

«Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде

фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда,

алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық


көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана

пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы


дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді

жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша


autoshape 101

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


- қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;




- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет