Көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай



Дата25.02.2016
өлшемі24.49 Kb.
#23712
Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясында қабылданған № 49-207, шешімі. 2015 жылғы 18 қыркүйекте Алматы облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Реестірдегі тіркеу нөмірі 3432.

Ауылдық жерде жұмыс

істейтін білім берудің

педагог қызметкерлеріне

коммуналдық қызмет

көрсетулерге шығыстарды

жабуға және тұрғын үй-жайларды

жылыту үшін отын сатып

алуға біржолғы ақшалай

өтемақы белгілеу туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қаратал ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.

2. «Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Амандосов Серік Жапарұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

       4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қаратал аудандық мәслихат Қаратал аудандық

сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы

______________ Р. Жапарқұлов _____________ Б. Смаилов

Қаратал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы». № 49-207 шешіміне келісім



«КЕЛІСІЛДІ»

«Қаратал аудандық жұмыспен қамту Амандосов Серік

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Жапарұлы

мемлекеттік мекемесінің басшысы 25 тамыз 2015 жыл

«Қаратал ауданының экономика және Копбаев Асқар

бюджеттік жоспарлау бөлімі» Сайлауханұлы



мемлекеттік мекемесі басшысының 25 тамыз 2015 жыл

міндетін атқарушы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет