2011 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі26.47 Kb.
#3469


Төмендегі ақпаратты Нормативтік құқықтық актілер тарауына «2011 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» қаулысының жобасы деген атаумен салуыңызды сұраймын.
2011 жылғы егіс жұмыстардың

басталуы мен аяқталуының оңтайлы

мерзімдерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Тасқала ауданындағы ведомствоаралық комиссия жиналысының 2011 жылғы 25 наурыздағы №1 хаттамасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2011 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Тасқала ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мусинге жүктелсін.




Аудан әкімі Ө.Мырзағалиев

Тасқала ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «__» _________

№____ каулысына қосымша

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi аудан аумағында 2011 жылғы егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi





Дақылдардың түрлері


Оңтайлы егу мерзімдері

басталуы

аяқталуы

Құрғақ далалық аймақ

1

Жаздық бидай

1 мамыр

10 маусым

2

Арпа

1 мамыр

1 маусым

3

Майлы дақылдары

күнбағыс, қыша, зығыр



10 мамыр

10 мусым

4

Көкөніс, картоп

15 мамыр

15 маусым

5

Жемшөптік дакылдар

10 мамыр

10 маусым

6

Күздік бидай

10 тамыз

10 қыркүйек





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет