Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу



Дата09.07.2016
өлшемі40.13 Kb.
#187343




№ исх: 1176 от: 31.12.2015

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу

тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын

көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын

шығындарды төлеуден босату тәртібі

Нақты шығындардың мөлшері
1. Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалатын шығындарды ақпарат пайдаланушы мынадай мөлшерде төлейді:

сұрау салынатын ақпарат А4 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,1 %-ы;

сұрау салынатын ақпарат А3 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 %-ы;

сұрау салынатын ақпарат А2 немесе А1 пішімдерінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 2 %-ы;

сұрау салынатын ақпарат А0 пішімінен асатын пішімде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 %-ы.
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын

нақты шығындарды төлеу тәртібі
2. Ақпарат иеленуші меншік нысанына қарамастан, сұрау салынатын ақпаратты осы қаулының талаптарын ескере отырып, өзінде бар құжаттар және (немесе) материалдар көлемінде және пішімінде ұсынады.

3. Ақпарат иеленуші 1-тармаққа сәйкес нақты шығындардың құнын есептейді және ақпарат пайдаланушыға белгіленген тәртіппен алынған сұраудың тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде шот ұсынады.

Бұл ретте ақпарат иеленуші:

1) сұрау салынатын құжаттың және (немесе) материалдың көлемі мен пішімін;

2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалған шығыстар мөлшерін;

3) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін төлемді аударуға төлем құжатын толтыру үшін қажетті ақпаратты;

4) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін ақпарат пайдаланушының төлемді енгізуінің он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімін көрсетеді.

4. Ақпарат иеленуші мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ақпаратты пайдаланушы ақпаратты ұсыну үшін төлемді 2-тармаққа сәйкес мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.

5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан сұрау салынған жағдайда, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, оның иелігіндегі экологиялық ақпаратқа қатысты, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және елді мекендердің, өндіріс объектілерінің және азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына кері әсері бар басқа да факторлар, сондай-ақ басым немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілері өндіретін (өткізетін), тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағалары бөлігіндегі ақпарат пайдаланушы 2-тармаққа сәйкес ақпаратты ұсыну үшін төлемді ақпарат иеленушінің есепшотына аударады.

6. Ақылы негізде берілетін ақпарат 2-тармақтың талаптарына сәйкес көрсетілген ақпараттың ұсынылғаны үшін ақпарат пайдаланушы төлем жүргізгеннен және ақпаратты иеленушіге төленгенін растайтын төлем құжаты ұсынылғаннан кейін жолданады (беріледі).


Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға және басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі
7. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден мынадай әлеуметтік осал топтарға жататын ақпарат пайдаланушылар босатылады:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары;

2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

3) 1 және 2-топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасы бойынша зейнеткерлер;

7) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақыру кезінде жасы жедел әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады);

8) оралмандар;

9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) көп балалы отбасылар;

11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

12) толық емес отбасы.

8. 7-тармақта көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар ақпарат иеленушіге тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемнен босатылады.

9. Тиісті мәртебені растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 3-тармақтың
4) тармақшасында көрсетілген мерзімнен аспауы қажет.

_____________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет