Көшпелі тәжірибелік сабақ Өткізілді



Дата23.11.2022
өлшемі12.89 Kb.
#465574
түріСабақ
Көшпелі тәжірибелік сабақ 18.04.2022 6-топ


КӨШПЕЛІ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мазмұнын оқытудың әдістемесін көрсету. Оқушыларды қолдау үшін тиімді әдістер қолдану. Тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолданып, тыңдалым, айтылым жаттығуларын дайындау мақсатында Алматы облысы, Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №45 орта мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді.


Тәжірибелік сабақтарды №45 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Иманғали Өркен 6-в сыныбында «Қазақстандағы кітапханалар», 6-г сыныбында Отыншы Айкүміс «Ғылыми кітапханалар», Мукатаева Ақбота 10-а сыныбында «Қазақстанның сәулет өнері», Абдикожаева Зекен 7-в сыныбында «Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті. Фразеологизмдер» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.
Сабақ соңында «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарындағы белсенді оқылым әдістері. Белсенді оқылым жаттығуларын дайындау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселелері талқыланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет