Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
9-қосымша
Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
Көзбен бақылау-тау жыныстары мен жер бетінің қабаттарының қозғалуын, сонымен қатар кен орындарын жер асты барлауда күзетілетін объектілердің деформациялануын нағыз күйінде бақылаудың құрама бөлігі. Олар кен орындарында немесе оның жеке учаскелерінде процестің дамуы туралы жалпы көрініс бере отырып, құрал-сайманмен бақылауды қажетті мәліметтермен толықтырады. Көзбен бақылаулар мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:
жер бетіндегі жарықшақтар мен бұзылу аймақтарының шекараларын;
жабын тау жыныстарының, топырақтың және тау кендерінің жер асты бүйірлерінің қатпарлану шекаралары мен сипатын; қазбалардың көлденең қималарының өлшемдері мен пішіндерінің өзгеруін, тіреулер мен бағандардың бұзылу дәрежесін.
Көзбен бақылауда ең қарапайым құралдар мен приборларды-сызғышты, рулетка мен компасты қолданады. Бақылау нәтижелерін өріс журналына жазып алады, онда бақылау күнін, бақылау объектісін, бұзылу сипаты мен олардың өлшемдерін, тексеру орнының бекітілуін белгілейді. Көзбен бақылау сурет салумен және біршама тән құбылыстарды суретке түсіріп алумен сүйемелденеді. Фотосуреттерге түсірілетін объектіге-марка, жақтау, сызғыш және басқа айлабұйымдармен орналастырылған қандай да бір базистің көмегімен қажет масштаб беріледі. Бақылау нәтижелері бойынша беттің планына жарықшақтар мен бұзылу аймақтарының шекараларын салады, ал тән қималарда ұңғыма жасалу бұрыштары, бұзылу мен жарылу бұрыштарын анықтайды.
Жасалатын үймереттер мен ғимараттар үшін арнайы журналда немесе жеке карточкаларда бар бұзылудың сипаты мен деңгейін, жасаудың басталуын жазады. Құрылымның бұзылу қаупінің дәрежесін болжамды бағалау 1-кестенің көмегімен орындалуы мүмкін.
Жер асты пішінді сызықтар бойынша, сонымен қатар көзбен бақылау өткізілген барлық қазбаларда шартты белгімен тіреу мен тау жыныстары деформациясының учаскелерін салады. Қазбалардың мына тәрізді сапалы бұзылу дәрежелерін ажыратады:
1) қауіпсіз-аз ғана жарылуда тазалау жұмыстарының әсері байқалады және шашыратылған бетонның қырында, 2 мм дейін ашылған бетонда әр түрлі бағдарланған жарықшақтардың пайда болуы;
1-кесте
Құрылым
|
Зақымдану түрі немесе ақау түрі
|
Қауіптілік деңгейі
|
Қажетті шаралар
|
Кірпіш қабырғалар мен бағандар учаскелері
Құрама арқалықты жабындар (плиталар, арқалықтар, фермалар)
Темір бетонды құрылымдар
Құрылымның металл элементтері
|
Көлденең жік бойынша ауысу, көлденең, сирек орналасатын жарықшақтар, сирек тік немесе 3 мм дейін максимум ашылған аздап иілген жарықшақтар.
45° шамасында еңісте орналасқан сирек жарықтар, еңістер.
Бүтіндігін жоғалтқан салым, құрылымның тірек бөліктеріндегі жарықтар.
Баған құрылымдарының тіреу учаскесі 200-250 мм.
Арқалық құрылымдарының тіреулерінің учаскесі 150-200 мм.
100-150 мм құрылымдағы тіреу учаскелері.
0,3-0,5 мм жеке жарықшалар
0,5 астам жарықшақтар жүйесі, жұмыс қаңқасының жарылуы, қорғаныс қабатының сынуы мен 2-3 мм астам ашылған бойлық жарықшақтардың қаңқалардың қаңсып кетуі.
Қабырғалардың, сөрелердің, белдемелердің қаңсып кетуі. Дәнекерлеудегі жік, белдемелер мен фасонкалардағы жарықшақтар
|
Қабілеті зақым-далғаннан т 70-80 % құрайды. Тым көп жүктелген бағандар үшін қауіпті.
Зақымдалмағаннан қабілет
30-40 % құрайды
Қауіпті
9 м жоғары аралық-тардың фермалары арқалықтары үшін ғана қауіп.
6 м жоғары аралық арқалық-тары үшін қауіпті.
3м жоғары аралық арқалықтары үшін қауіпті.
Қауіпті емес
Қауіпті
қауіпті
|
Уақытша ағаш және металл бекітпелерді қою.
Апатты бұзылу қаупі болған жағдайда адамдарды шығару және үймерет бөлігін пайдалануды доғару.
Қозғалу процесі аяқталғаннан кейін жарықшақтарды бітеу, тіреулерді қою, қабырға қағаздарын жабыстыру және тағы басқа.
1. Сақтандырғыш уақытша бекітпелерді қою.
2. Құрылымның сүйену учаскесін ұлғайту.
3 Қауіптілік аса қатерлі болған жағдайда үймерет (ғимарат) бөлігін пайдалануды тоқтату
-
1.Мамандандырылған ұйымдар кеңестері.
2. Уақытша бекітпелерді қою.
3. Үймерет (ғимарат) бөлігін пайдалануды тоқтату. Темір бетонды құрылымдарға сияқты.
|
Басқа тіреуіштермен бекітілгендерде деформация байқалмайды;
2) мүмкін-тіреуіштің жергілікті сынықтарында немесе 100-200 мм тереңдікке тау жыныстарының қатпарлануында барлаудың бұзылуы, бүйірлер мен 5 мм дейінгі жабындарда жарықшалардың ашылғандығы байқалады. Бекітпе сынықтары қысқа уақытта жөндеу арқылы оңай жойылады;
3) шекті-бекітпенің едәуір бөлігінің сынығында қазудың бұзылғаны байқалады, ұзақ арақашықтықтағы қазу қимасының деформациясы, жабын тау жыныстарының жергілікті аударылғанда, 10 мм дейін қазу бүйірлерінде жарықшалардың ашылуы. Қазуды пайдалануды тек едәуір көлемдегі жөндеу жұмыстарын өткізгеннен кейін ғана мүмкін;
4) мүмкін емес-қазу жабынының біршама бөлігінде тегіс үйінді жасау. Қазуды пайдалану тек тау жыныстарын қарқынды қозғағаннан кейін және қазуды толық қайта тірегеннен кейін ғана мүмкін.
Көзбен бақылау, талап бойынша, құрал-саймандармен бақылау арқылы сүйемелденеді, бұл тау жыныстарының деформациясы мен көптеп қозғалуымен сипатталатын деформацияның көрінетін белгілері. Көзбен бақылауды өткізу жиілігі кен орнындағы жылжу процесінің даму қарқыны мен бақылау объектілерінің маңыздылығына байланысты болады.
___________________
Достарыңызбен бөлісу: |