Тау жыныстарындағы үзілмелі бұзылыстар
Жоспар:
Жалпы түсінік
Лықсымалар
Ығыспалар
Топтастырылған үзілмелі бұзылымдар
Жер қыртысында жүретін әр түрлі тектоникалық қозғалыстар тау жыныс қабаттарының біртұтастығын бұзып, үзіліп жылжыған тау жыныстарының қабаттарын, жарықшақтар және жарылымдар туғызады.
Алғашқысында тектоникалық күштер жарылып үзілген қабаттарды бір-біріне қарағанда белгілі бір бағыттармен ауыстырады, екіншісіне мұндай ауысулар кішігірім ғана немесе тіпті байқалмайды да, ал жарылымдар болса аймақтық рөл атқаратын ірі геотектоникалық элемент , сондықтан ол мұнда қаралмайды. Үзіліп жылжыған тау жынысы қабаттарын қысқаша жарылысты бұзылыстар немесе ауысулар деп атайды.
2. Лықсымалар – жылжу жазықтығы бойымен үстіңгі қабаты төмен ауысып ығысқан үзілмелі бұзылыстар. Лықсымаларда мынандай элементтерді бөлуге болады:
Төмендеген немесе аспа қанаты, көтеріңкі немесе жатқан қанаты, ыдыратқыш, ыдыратқыш құлау бұрышы (α), ыдыратқыш бойы амплитудасы, тік және көлденең амплитудалар, стратиграфиялық амплитуда, тік бағытты шегіну, көлденең шегіну.
36-сурет. Лықсыма және оның элементтері
38 – сурет. Лықсыманың пайда болу сатылары. А – тау жыныстарының жиналуы; Ә – тау жынысытарының біркелкілігінің бұзылуы; Б – қанаттарының қозғалып, лықсыма түзуі; В – лықсыманың қазіргі көрінісі.
39 – сурет. Сатылы лықсымалар: А – жас (жербедерінде байқалады);
Ә – көне (жербедері тегістелген); Б – листрикалық (ыдыратқышы иілген)
3. Ыдырау жазықтығы төмен жылжыған тау жынысы қабаттарына қарай бағытталған, ал үстіңгі қанаты жоғары жылжып пайда болған жарылысты бұзылыстарды ығыспалар дейміз.
– сурет. Ығыспаның қимадағы (а) және жобадағы көрінісі (ә)
– сурет. Ығыспа элементтері
4.Топтастырылған үзілмелі бұзылымдар
Лықсыма мен ығыспалар көлемді аймақты қамтыған жүйелі топтар күйінде де кездеседі. Лықсымалар мен ығыспалар арқылы бөлініп ауысқан тау жыныстары блоктары грабендер және горстер деп аталады.
Грабендер (нем. ор, шұңқыр) лықсымалар немесе ығыспалардан қалыптасқан, ортаңғы бөлігі төмен түскен, көтеріңкі шеткі бөліктеріне қарағанда жас тау жыныстарынан тұратын құрылымдар. Сөйтіп грабендер жарықтар арқылы ортаңғы бөлігі шеткі бөліктермен салыстырғанда төмен түсуімен сипатталады.
Горсттар (нем. төбе, қырқа). Лықсымалар немесе ығыспалардан пайда болған көтеріңкі орналасқан ортаңғы бөлігі, шеткі бөліктеріне қарағанда көне тау жыстарынан құралған құрылыстар.
– сурет. Грабендердің түрлері
45 – сурет. Горст түрлері
Бақылау сұрақтары:
Лықсыма және оның элементтері.
Қима ретінде лықсыманы сызып көрсету.
Лықсыманың пайда болу сатылары.
Ығыспа және оның элементтері.
Лықсыма мен ығыспаны ажырату.
Горст пен грабенді қимада сызып көрсету және ерекшеліктерін түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |