Көздіғара ауылдық кітапхана шежіресі



Дата30.06.2016
өлшемі54.62 Kb.
#168204

Көздіғара ауылдық кітапхана шежіресі
Көздіғара жергілікті кітапханасы, сонау 1951 жылы Қызыл отау болып құрылған екен. Ең бірінші Қызыл отауда Шналиева Мәруа жұмыс жасаған. 1952 жылы Меңешов, Қасенов, Көзденов, Жарылғасов.16
1953 жылы Қусайынова С. Иманғалиева Уәкила.

1954 жылы Иманғалиева У., Жылқыбаев Елеу.14

1956 жылы Жылқыбаев Е., Шағырғалиевалар кітапханашы болып қызмет атқарған.

1957 жылы Қызыл отау жабылып, кітапхана ашылған бірінші меңгерушісі Сағырғалиева Ағырыс болған.
1958 жылы Халимова Р., 1959 жылы Лұқпанов Ұ., Исмагулова Гүлшат.

1962-1964 жылы Исмагулова Камшат.

1964-1966 жылдары Қожағалиева Мінаура.

1966-1969 жылдары Батырова Құралай, 1969-1971 жылдары Қажғалиева Мәншук.

1971-1973 жылдары Шүиіншқалиева Күләйман.

1973 жылдың 1 наурызынан осы кезге дейін Сұлтанғалиева Нәсіп жұмыс жасап келеді, сол кезде оқырмандар 140-тай болса қазір 360-қа жетті. Жылына 3500-дай кітап беріледі. Қазіргі нарық жағдайына байланысты мал

бітіп, халық ауылға көшіп келді, бұдан 12-13 жыл бұрын Көздіғара ауылында 20 мыңға жуық қой, 300-дей жылқы, 400-дей сиыр малы 10 жерде бағылады. Бір шеті Қаратөбе, бір шеті Бұлдырты, Жетікөлмен шекаралас. Көздіғара ауылында 2 трактор, 1 комсомол-жастар

бригадасы болды. Жайболат, Майлыкөл, Барсай, Қарақұдық, Еңбек, Сарыкөл, Шыбынды, Көздіғара, Батпақкөл, Оралбай елді мекендерінде көшпелі кітапхана жұмыс жасады. Қазір сол мекендер елсіз далаға айналды. Халықты жұмыссыздық жайлады. Адамдар бөлініп-бөлініп қожалықтарға бірікті. 12

Жоқшылық қол байлау болып, олардыңда жұмыстары алға басып кете алмада, соңғы жылдары мия жинап күнкөріс қамына кірісті. Ауылдық жерлерде клуб, кітапханалар жабылып бос

уақыттарында қайда барарларын білмеді, әсіресе жастар жағына қиын

болды. Көздіғара клубы жабылып, тым жақсы залы бар орынды бұзып алды. Жабылмай қалған фермалар арасында Көздіғара кітапханасы халықтың мәдени демалар орнына айналды. Оқырмандар үзілмей қысы-

жазы келіп кітаптар алып, газет-журналдарын оқиды. Орта мектеп оқушы, ұстаздармен бірігіп Датылы күндерге әр түрлі кештер, тәрбие сағаттарын өткізеді. 7 мыңға жуық кітап қоры бар кітапханадан көркем әдебиеттен басқа ауыл

шаруашылығы техника, жаратылыс тану, саяси ғылымдары жайлы кітаптарды оқуға болады. 1 бөлмелі, іші таза, жарық. Пеші бар.

Әдебиеттер: Қазақ ақын-жазушыларының кітаптары орыс тіліндегі аудармалары, шетел әдебиеттері бөлімдеріне бөлініп, бөлек-бөлек жиналған.

Тұрақты көрмелер: Тарих-Дастан, Ата-дәстүрі - Ақ ниет.

Қазақстан 2030 Салауаттылық өмір салты. Гүл жайна Егеменді Қазақстан, Қайран Нарын, Туған өлкем - туған шежіре, Өнегелі өмірлер, Қазақ ақын-жазушыларының мерейтойлары. Жаңадан келген кітаптармен толықтырылып отырылады.

Кітапхана жанынан «Жас кітап құмарлар» әуесқойлар клубы жұмыс жасайды. 15 мүшесі бар кітапхананың 5 совет мүшесі бірігіп жұмыс жасайды.

Сұлтанғалиева Нәсіп Кәримолла қызы 1953 жылы бұрынғы Абай совхозы қазіргі Жетікөл совхозының №1 фермасына қатысты Жандыбай елді мекеннінде ақпан айының 25-ші жұлдызында дүниеге келген.

Әкесі Кәримолла жылқышы, шешесі Мүгілсін фермада сауыншы екен сол кезде.

Нәсіп 10 жасқа дейін Ата-әжесінің тәрбиесінде болды. Атасы Сұлтанғали соғыс ардагері, әжесі Орындық соғыс кезінде тылдағы еңбектің бәріндістеген еңбек ардагері.

Нәсіптің аталарының туған жері Жаңақаланың Нарын Бекетай құмы. Ол жерге Капустин Яр полигонын орнатып 60 колхозды жан-жаққа көшіргенде бір тайпа ел Тана руы осы Сарой жеріне келіп қоныс тепкен. Бұл 1952 жыл болатын.

Нәсіп Жетікөл жеті жылдық мектебінің 1-сыныбына 1961 жылы тіркелді. Ол кезде мектеп бөлмелері аз. 1-3 сыныптар бірге оқиды. 1-3 сыныпқа дейін алғашқы ұстазы мінезі жайсаң, нағыз ұстаз білімді Тәуила Қожамұратова болды.

Әр оқушының жүрегіне жол тауып алғаш әліппені үйреткен Тәуила апай жеті жылдық мектептің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің маманы Қазақстанға еңбегі сіңген білімді ұстаз Балпейісов Таржекенің зайыбы болатын.

1963 жылы Нәсіптің әкесі жылқышылықтан аға шопандық қызметке ауысты. 4-8 сыныпта мектеп жанынан ашылған интернатта жатып білім алды. 9-10 сыныпты Оралдағы №11 С.Сейфуллин атындағы жалпы және орта білім беретін мектеп интернатта оқып, 1971 жылы қолына атестатпен бірге кітапханашы мамандығы бойынша куәлік алып шықты.

Жастайында өнер мен әдебиетке жақын Нәсіп 1973 жылдың 1-ші нарызынан бастап Көздіғара ауылының кітапханасына жұмысқа орналасты. Үйдегі 10 баланың үлкені болғандықтан анасына көмектесіп бірінші жылы жоғарғы оқу орнына түсе алмай, содан кейін мүмкіндігі болмады. Кітапхананың жұмысымен бірге қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрді.

Бастауыш комсомол ұйымының бюро мүшесі кейін цехтың ұйымының секретары ауылдың әкімінің мүшесі, ауылдағы бастауыш мектеп Ата-Аналар комитетінің мүшесі сияқты ауылдағы клубтың жеке меңгерушісі болмаған. Мейрам сайын мерекесін шаралар, концерт қою Нәсіпке жүктелді.

Жастың жігерімен жұмысқа деген құлшыныс сол жұмыстарды еркін игеріп қатар алып жүрді. Көздіғара мекені совхоз бойынша үлкен ферма еді. 10 жерде малшы-шопан отары 4 елді мекенде сиыр гурті, совхоз бойынша жылқы да осы фермада бағылды. Бір шеті Қаратөбе, бір шеті Бұлдырт, Жетікөлмен шектескен ферма көлеміде үлкен болды.

Малшы-шопан отарларын айына бір рет аралап кітап, газет-журналмен қамтып әдебиеттерді насихаттаумен қатар үгітші ретінде совхоз, аудан қала берді. Республика союз көлеміндегі жетістіктер соңғы жаңалықтармен таныстырып отырды.

Фермада 2 шөп бригадсы жазғы маусым кезінде жұмыс жасады. Әрбір бригада 25-30 адам еңбек етті. Кітапханашы бригадаларды жұмасына бір рет аралап, түскі үзіліс кезінде көпшілік шаралар: жаңадан келген әдебиеттермен таныстыру әңгіме, сұрақ-жауап, әдеби кештер өткізілетін жауынгерлік беттер шығарылатын. Ол кездегі кәтапханашы малшы-шопан, бригадаларды аралау үшін маған жеке көлік бер деп отырмайтын. Ат арба, Ат шана, машина, трактордың үстінде кітаптарын буып алып жүре беретін.

Фермаға 20-25 км қыстақтарды аралау көктем, күз, қыс айларында қиынға түсетін.

Сол кездегі адамдардың кітап оқуы әдебиеттерге деген сұранысы жоғары болатын. Әрбір оқырман жазушылардың жаңадан шығып жатырған шығармаларын кітапханаға келдеме деп сұрап тұратын. Нәсіп білімін көтеру үшін облыстық айлық курстарда 1987-1989 жылдар аралығында оқыды. Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту учелищесін сырттай оқып бітірді. Аудандық орталықтандырылған кітапханада өтетін семинарлардан қалмай үйренумен келеді. Жаңа заман талабына сай оқырмандырды мәдени қамтуда еңбек етуде.

Жиырма жасында кітапханашылық жұмысын бастаған Нәсіп қазір зейнеткерлік жасқа жетті. 1976 жылы осы ауылдың тұрғыны озат механизатор жігіт Жұмабаймен отау құрды. 3 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен ұлы Нұрбек оралдың Дәулеткерей атындағы мәдени университетінің кітапханашы мамандығын алған. Қазір Астана қаласында басқа салада еңбек етеді. Үлкен қызы Салтанат Атырау қаласында кәсіби білім беретін колледжіні бітірді. Қызы Гүлхан Оралдың агро-колледжінің студенті. Биыл бітірген Мақсат Құрманғазы атындағы өнер колледжісінің халық аспаптар бөліміне оқуға түсті. Кенжесі Әзілхан 8-ші сынып оқушысы. 2 немере, 1 жиен сүйген Нәсіп бақытты әже. Еңбек еткен жылдарда оқырмандар жүрегіне жол тауып, сұраныстарын қанағаттандырып кітапханаға тарта білді. Кітапхана әрдайым оқырмандарға толып, бірі кітап алса, екіншісі газет-журнал оқып, кітапханашыға ризашылықтарын білдіреді. Олар кітапханада өтетін көпшілік шаралардың құрметті қонақтары. Сөзіміз дәлелді болу үшін кітапханашы Нәсіп жайында газеттерде әр жылда жазылған мақалаларға көз жіберейік.
Көздіғара ауылы

Көздіғара ауылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қаратөбе ауданымен шекрасында орналасқан. Ауыл солт. Бұлдыртымен, шығ. Қаратөбе ауданының Жусандой ауылымен, оңт. Жаңақоныс ауылымен, бат.Абай ауылының жерімен шектеседі.



Сырым ауданы Сарой окургіндегі Көздіғара (бір кезде Чапаев болған) ауылы бірнеше елді мекен қараған ауылдық кеңесі болған.

Көздіғара ауылында мектеп 1933 ж. тамыз айында Ораз Исаев атындағы жеті жылдық мектеп болып ашылған

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет