«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 4-тоқсанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы»



Дата09.07.2016
өлшемі92.87 Kb.
#188143
«Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 4-тоқсанда жүргізген «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» тоқсан сайынғы тексеру нәтижелері бойынша заңды және жеке тұлғалар тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсу қарқынының бірқатар төмендеуі байқалады, бұл негізінен маусымдық фактордың ықпалымен түсіндіріледі. Кейбір орташа банктердің тарапынан үдеп отырған кредиттік белсенділік банк секторындағы бәсекелестік деңгейін арттыруды жалғастыруда, бұл кредит өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Банктер кредит портфеліндегі жұмыс істемейтін заемдардың үлесін азайту мақсатында проблемалы кредиттерді қайта құрылымдау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуді жалғастырып отыр.


I. Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
1. 2011 жылғы 4-тоқсанда корпоративтік сектор тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсу қарқыны айтарлықтай төмендегені байқалды. Банктер корпоративтік клиенттерді тарту және ұстау мақсатында кредиттеудің талаптарын жұмсарту бойынша жұмыстарды жалғастырды (11-диаграмма).

К


1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгеруі


редит ресурстарына сұраныстың өсуін жариялаған банктердің үлесі 2011 жылғы 3-тоқсанда 76%-дан 4-тоқсанда 52%-ға дейін төмендеген. Корпоративтік кредиттеу секторында айналым капиталын толтыру және орын алған кредит берешегін қайта қаржыландыру үшін кредиттерге, сондай-ақ негізгі құрал-жабдықтар сатып алу үшін ұзақ мерзімді заемдарға сұраныс сақталып отыр.

Банктер заем алушыларды тарту және ұстау бойынша белсенді саясат жүргізіп отыр. Заем алушылар үшін басты ынталандыру «Бизнестің жол картасы - 2020» және «Даму» КДҚ» бағдарламасы сияқты мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ұсынылатын жеңілдік талаптары (төменгі пайыздық ставкалар және кредиттеудің қолайлы мерзімдері) болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларға ұқсайтын және кредиттер беру көлемін біртіндеп ұлғайтатын банктердің меншікті және олар тартқан қаражат есебінен кредиттеуді біртіндеп қалпына келтіру байқалады.


2-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі




2. Бұрынғы консервативтік кредит саясатын сақтау байқалып отыр: 88% респондент кредит саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды, барлығы 12% оны аздап жұмсартты (2-диаграмма). 3-тоқсандағыдай 4-тоқсанда да кредит саясатын, бірінші кезекте, баға өлшемдеріне– стандартты кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды төмендетуге және банктердің маржасын азайтуға қатысты шамалы жұмсарту болды.

2012 жылғы 1-тоқсанда банктер кредит ресурстарына сұраныстың өсуін болжап отыр. Сауалнама жүргізілген банктердің шамамен 59% кредит ресурстарына сұраныстың өсуін күтеді, ал 41% өзгеріссіз қалады деп болжайды. Мына бағыттар бойынша кредит өнімдеріне сұраныстың өсуі күтілуде: овердрафт, халықаралық қаржы институттарын қаржыландыру бағдарламалары (АБР, ЕБРР және т.б.), коммерциялық жылжымайтын мүлікке кредиттер.

Жалпы банктер 2012 жылғы 1-тоқсанда корпоративтік секторға қатысты кредит саясатында орын алған үрдістер сақталады деп күтеді – 79% банк кредит саясатын өзгеріссіз қалады деп күтеді, ал 15% банк шамалы жұмсарту болады деп болжап отыр.
II. Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
1. Банктер 2011 жылғы 4-тоқсанда бөлшек кредиттеу саласында кепілзатсыз кредитке сұраныстың басымды өсуін атап өтті. Кейбір банктер жаңа кредиттік бағдарламалар ұсынды және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартты. Ипотекалық кредиттеуді баяу қалпына келтіру үрдісі сақталып отыр.

И


3-диаграмма. Ипотекалық кредит ресурстарына сұраныстың өзгеруі


потекалық кредиттерге сұраныстың ұлғайғаны туралы жариялаған банктердің үлесі 2011 жылғы 3-тоқсанда 59%-дан 4-тоқсанда 33%-ға дейін азайды. Тұтыну заемдарына сұраныстың ұлғаюын атап өткен банктер санының өсуі өткен тоқсандағы 70%-дан төмендеп 48% құрады (3 және 4-диаграммалар).

Б


4-диаграмма. Тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өзгеруі


анктер клиенттік базаны ұлғайту мақсатында маусымдық өнімдердің жеткілікті кеңейтілген спекторын белсенді пайдаланды. Тұтынушылық кредиттеу саласында халық тарапынан тұрмыстық техниканы сатып алу, оқуға ақы төлеу және туристік сапарлар үшін кредиттерге сұраныстың өсуі басым болды. Банктер анағұрлым жедел және ыңғайлы құралдар ретінде сауда нүктелерінде эксперсс-кредиттеудің және кредиттеудің (POS-кредиттеу) белсенді дамуын және жетілдірілуін атап өтті. Оның үстіне POS-кредиттеу бойынша өнім желісін, оның ішінде кредиттеудің анағұрлым жеңілдетілген ставкалары мен талаптары, сондай-ақ сауда ұйымдарынан жеңілдіктерді қолдана отырып, кредиттер бойынша арнайы бағдарламалар есебінен жетілдіру жалғастырылды.

Банктер клиенттік базаны ұлғайту мақсатында кредит бергені үшін, кредитті пайдалану үшін шоттардан ақшалай қаражатты қолма-қол ақша ету үшін, сондай-ақ басқа банктің шотынан кредит бойынша төлемді аудару үшін комиссияларды алып тастады.

Банктер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі тұтынушылардың белгілі бір санаттарына: жас отбасыларына, мемлекеттік қызметшілерге, зейнеткерлерге және студенттерге арналған жаңа кредиттік бағдарламалардың пайда болуына ықпал етті. Бұл халықтың осы топтарының кредит өнімдеріне сұранысының өсуіне байланысты.

Қызметтің Клиент үшін ыңғайлы кез келген уақытта қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қашықтан қызмет көрсету арналарын дамытуға үлкен назар аударылды (интернет-банкинг, банкоматтар, қолма-қол ақшасыз қызмет көрсету терминалдары).

Халық тарапынан ипотекалық заемдарға сұраныстың өсуі төменгі деңгейде сақталып отырғандығын атап өту қажет, бұл көптеген банктердің әлі де заем бойынша бастапқы жарнаға қатаң талаптарының және жоғары пайыздық ставкаларының болуынан. Бұл ретте ипотекалық өнімдер бойынша талаптардың бірқатар жұмсарғаны байқалады.

2


5-диаграмма. Кредит саясатының

өзгеруі (ипотека)



6-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)


012 жылғы 1-тоқсанда ипотекалық кредиттеу сегментінде банктердің басым бөлігі (87%) кредит саясатын өзгеріссіз қалдыруды болжап отыр және барлығы 10% банк – кредит саясатын бірқатар жұмсартуды күтеді. Тұтынушылық кредиттеу сегментінде 18% респондент кредит саясатын шамалы жұмсаруды күтеді және шамамен 79% банк кредит саясаты өзгеріссіз қалады деп болжайды (6 және 6-диаграммалар).

Клиенттер тарапынан кредит ресурстарына сұранысқа қатысты 48% банк тұтынушылық өнім бойынша, 37% респондент ипотекалық кредиттеу бойынша сұраныстың өсуін болжайды.

2012 жылғы 1-тоқсанда жалпы бәсекелестікті күшейту аясында банктер ағымдағы қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастырып отыр, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығына, сондай-ақ клиенттер үшін қашықтан қызмет көрсету арналарын дамытуға аса назар аударылатын болады.

2. Шамамен 67% банк жылжымайтын мүлік бағасы тұрақталды деп санайды, 24% респондент 2012 жылғы 1-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағасының біршама біртіндеп өсуін күтеді (7-диаграмма).


7-диаграмма. Жылжымайтын мүліктің орташа бағасының күтулері

Банктердің ойынша жылжымайтын мүлік бағасының анағұрлым өсуі үшін объективті себептер жоқ. Халықтың сатып алу қабілеті айтарлықтай төмен, нәтижесінде құрылыстың қаржылық тартымдылығы төмендейді. Оның үстіне банктерден ипотекалық кредиттер алудың қатаң талаптары (бастапқы жарнаның көптігі, жоғары кредиттік ставка, заем алушының төлем қабілеттілігін егжей-тегжейлі тексеру) банктерде ипотекалық кредиттер берудің деңгейінің төмен болуына ықпал ету жалғасып отыр.




  1. Тәуекелдер картасы


1
8-диаграмма. Проблемалы кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша операциялар санының өзгеруі



9-диаграмма. Заем алушылардың борыштарын қайта құрылымдау бойынша операциялар санының өзгеруі


. Банктердің кредит портфеліндегі проблемалы заемдар үлесі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Банктер проблемалы заемдарды қайта құрылымдау және кредиттеудің корпоративтік және бөлшек сегменттерінде кепіл мүлкін өндіріп алу бойынша қарқынды жұмыстарды жалғастырып отыр (8 және 9-диаграммалар).

Банктер қазіргі уақытта күрделі қаржылық жағдайға тап болған клиенттерді қолдауға әлеуметтік бағытталған іс-шаралар жүргізіліп отыр. Заемшылар заемды қайта құрылымдаудың мынадай тәсілдерін пайдалануға мүмкіндігі бар: кредиттеу мерзімін ұлғайту, ай сайынғы төлемнің мөлшерін уақытша азайту, кредит төлеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну, заем бойынша сыйақы ставкасын төмендету, болашақ кезеңдерге берешек сомасын бөлу және айыппұл санкциялары мен өсімпұл төлеуге ұсынбау. Жоғарыда аталған кез келген кесте әрбір заем алушы үшін жеке қолданылады. Оның үстіне кейбір банктер клиенттердің кредиттер бойынша пайыздық ставкаларын төмендету туралы өтініштерін қарауды бастады.

2011 жылғы 4-тоқсанда кейбір банктер қайта құрылымдау шеңберінде кредит бойынша барлық мерзімі өткен төлемдерді ақы төлеу күні өсімпұлсыз өтеу немесе кредит бойынша барлық мерзімі өткен төлемдерді болашақ кезеңдерге өсімпұлсыз бөлу мүмкіндігін көздейтін арнайы акциялар жүргізілді. Осы іс-шаралардың нәтижесі заемды мерзімінен бұрын өтеу болып табылады.

Б


10-диаграмма. Банктердің несие портфелі санының өзгеруі


анктердің несие портфелінің сапасы банктер оны жақсарту бойынша қабылдайтын шараларға қарамастан бұрынғысынша төменгі деңгейде сақталып отыр. Жуық арадағы 3 айда 27% респондент несие портфелінің сапасын жақсартуды күтеді, шамамен 65% банк көрсеткіш өзгеріссіз қалады деп болжап отыр. Корпоративтік секторды және жеке тұлғаларды кредиттеу сегменттері бойынша шамамен 26% банк портфель сапасының жақсаруын күтеді, 67% және 65% портфель сапасы бұрынғы деңгейде қалады деп күтеді (10-диаграмма).

Банктер үшін қорландырудың маңызды көздері заңды және жеке тұлғалардың (тиісінше 58% және 54% банк) депозиттік базасы болып қалып отыр, жұмыс істейтін акционерлердің есебінен капиталдың ұлғаюы (30%), алынған пайданы қайта инвестициялау (30%), Қазақстан қор биржасына борыштық бағалы қағаздарды орналастыру (14%) және 14% банк мемлекеттік қолдауға үміттенеді (қайта қаржыландыру заемдары және Ұлттық Банктің тұрақтандырылған кредиттері түрінде даму институттары арқылы бөлінетін құралдар).

Банктердің кредит портфелінде жұмыс істемейтін заемдардың үлкен көлеміне байланысты кредит тәуекелінің жоғары деңгейі әлі де байқалады. Кейбір банктердің ойынша банк секторындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі банктердің кредиттер бойынша пайыздық ставканы төмендетуін мәжбүрлейді, бұл қорытындысында пайыздық тәуекелдің қайсыбір өсуінде көрінеді. Валюта тәуекелінің өтімділік тәуекелінің аз ғана ұлғаюы байқалады, бұл әлемдік қаржы нарықтарындағы белгісіздікке байланысты. (11-диаграмма).
11-диаграмма. Банктердің кредит тәуекелін қабылдауы2


Несие портфеліндегі проблемалы кредиттерді қорландырудың шектеулігіне және анағұрлым үлесіне байланысты банктер проблемалы заемдардың одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында консервативтік саясатты ұстайды. Осыған байланысты банктер артық өтімділікті мемлекеттік бағалы қағаздарға салуды жалғастырып отыр және Ұлттық Банктің ең төмен тәуекелді ретінде және де кірістілігі төмен қысқа мерзімді депозиттері өтімділіктің негізгі бөлігін пайдаланудың төмен тиімділігін көрсетіп отыр.

2. 2011 жылғы 4-тоқсанда банктердің сыртқы борышын өтеу орташа3 алғанда мына төмендегі көздер:

- ішкі міндеттемелер есебінен (51%);

- активтердің және резиденттерге талаптардың қысқаруы есебінен (23%);

- активтердің және резидент еместерге талаптардың іске асырылуы есебінен (18%);



- сыртқы нарықтарда резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру есебінен (8%) болды.

Келесі 12 ай бойы (2012 жылғы қаңтар – 2013 жылғы қаңтар аралығында) банктер ішкі міндеттемелердің сыртқы борышының бөлігін өтеуді болжайды (53%); банктер қаржыландырудың тапшылығы активтерді іске асыру есебінен белсенді түрде орнын басады деп болжайды (резиденттерге және резидент еместерге талаптарды қысқарту) – шамамен тиісінше 27% және 12% сыртқы міндеттемелерді жоспарланып отырған өтеулер. 2012 жылы сыртқы нарық капиталында берешекті қайта қаржыландыру пайызы сыртқы міндеттемелерді жалпы жоспарланып отырған өтеудің 8% деңгейінде болады, бұл ретте банктер осы қаржыландыруды халықаралық нарықтарда капиталды қорландыру құны банктер үшін тиімді және қолайлы мәндерге жету талабымен ғана қарайтын болады. Яғни тарту халықаралық нарықта капиталды қорландыру бағасына тікелей байланысты болады.

1 Бұл жерде және одан әрі диаграммалардағы нәтижелер респонденттер жауаптарының ұлғаюды/жұмсаруды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның және төмендеуді/қатаңдауды немесе өзге өлшемді белгілеген респонденттер %-ның айырмасы ретінде есептелетін таза пайыздық өзгерісі түріндегі өзгерісті білдіреді. Осы жағдайда диаграммада нақты сұраныстың және сұранысты күтулердің өзгеруі берілген.


2 Нәтиже қандай да болмасын өлшемнің ұлғаюын/азаюын белгілеген репонденттердің % айырмасы ретінде есептелетін респонденттердің жауаптарының таза пайыздық өзгеруі түрінде ұсынылған.

3 Орташа мәнді есептеу үшін база 30.09.2011 жағдай бойынша сыртқы борышты бағалау болып табылады. Іріктеу – сыртқы нарықтарда неғұрлым ірі заемшылар болып табылатын 10 банк («БТА банк» АҚ есептемегенде).






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет