Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2012 жылғы қазан
2012 жылғы 3-тоқсанның тексеру қорытындысы бойынша шағын бизнес секторындағы кейбір оң динамиканы қоспағанда, корпоративтік секторда кредиттеудің дамуы байқалған жоқ. Бөлшек кредиттеуде банктің ұсынысынан айтарлықтай асатын сұраныс болған кезде ипотеканы шектеулі кредиттеу үрдісінің сақталуы байқалып отыр. Тұтынушылық кредиттеу сегментінде кредиттік ресурстар ұсынысы іс жүзінде халық тарапынан болған сұранысты толық қанағаттандырды. Кредиттеудің кепілсіз бөлшек сегментіне қаражатты инвестициялаудың өсуі қорландырудың қысқа мерзімді көздерінің басым болуына байланысты. Бұл ретте корпоративтік секторды кредиттеудің өсу қарқынының бәсеңдеу себебі, банктердің пікірі бойынша, сыртқы қаржы нарықтарындағы айқын еместік болып қалып отыр.
Банктердің негізгі тәуекелі кредиттік тәуекел болып қалып отыр, ол дағдарыс кезеңінде қалыптасқан, жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты. Жұмыс істемейтін кредиттер деңгейінің баяу төмендеуінің себептеріне салықтың бәсеңдеудің шамалы болуын және соттарда кепілдік кредиттер бойынша істерді қарау мерзімдерінің ұзақ болуын жатқызуға болады. Сонымен қатар, қорландырудың сыртқы көздерінің үлесі шамалы болғандықтан, сыртқы борыштар бойынша төлемдерді банктер негізінен ішкі ресурстар және резидент емес алдындағы міндеттемелердің қысқаруы есебінен жүргізеді.
-
Корпоративтік секторды кредиттеу нарығы
1. 2012 жылғы 3-тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы үш тоқсанның үрдістері айтарлықтай өзгерместен, қаржылық емес ұйымдардың тарапынан кредиттік ресурстарға баяу сұраныс байқалуда.
1-диаграмма. Кәсіпорындардың банктердің кредиттік ресурстарына сұранысының және кредиттеу қарқынының өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ, ҚҚК
| 2012 жылғы 3-тоқсанда банктердің 58% деректері бойынша кәсіпорындар тарапынан кредиттерге сұраныс шамалы ұлғайды (1-диаграмма1). Шетелдік қатысуы бар кейбір банктер шағын бизнес үшін скоринг қағидаттарына негізделген «кредит фабрикасы» технологиясын ендірді. Осы кредиттеу сегментіне қызушылыққа қарыз алушының қаржы жағдайын жедел бағалау есебінен неғұрлым жылдам кірістілік алу мүмкіндігі себепші болды.
ҚҚК2 деректері бойынша қаржылық емес ұйымдарды кредиттеудің өсу қарқыны ағымдағы жылғы 3-тоқсанда 1%, ал өткен тоқсанда осы көрсеткіш 2,3% құрады.
2-диаграмма. Объектілер және кредиттеу мақсаттары бойынша қаржыландыру
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
3-диаграмма. Қаржыландыру түрлері бойынша кредиттерге сұраныстың өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
4-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
Қарыз алушылар тарапынан кредиттеудің неғұрлым маңызды мақсаттары айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыздар болып қалуда. Қарыз алушылар тарапынан бизнесті дамыту мақсатында, атап айтқанда ұзақ пайдаланылатын ірі жабдық сатып алу немесе өнеркәсіп және басқа алаңдарды сатып алу үшін кредиттерге сұраныстың кейбір төмендеуі байқалады (2-диаграмма). Бұл ретте 2012 жылғы 3-тоқсанда халықаралық қаржы институттарының (АДБ, ЕҚДБ және т.с.) қаржыландыру бағдарламалары бойынша кредиттерге, сондай-ақ лизинг пен факторингке сұраныстың кейбір жандануы байқалуда (3-диаграмма).
2012 жылдың аяғына дейін банктердің 47% қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныстың өсуін болжайды, ал респонденттердің 53% сұраныс өзгеріссіз қалады деп болжайды.
2. 2012 жылғы 3-тоқсанда қаржылық емес секторға қатысты кредит саясаты банктердің 88%-да өзгеріссіз қалды, банктердің 9%-ы оны шамалы қатаңдатты және небәрі 3%-ы бәсеңдетті (4-диаграмма). Банк жүйесіндегі орта мерзімді қорландыру көздерінің шектеулілігі, өтімділікті басқару қажеттілігі басты факторлар болып қалуда, олар жақын арада қаржылық емес ұйымдарды кредиттеуге есер ететін болады. Көптеген банктердің пікірі бойынша Еуроаймақтағы ахуал нарықтағы кейбір айқындалмаушылықты құрайды, осыған байланысты банктерде сыртқы капитал нарығынан арзан «ұзақ» ресурстардың ағынына деген сенімділік жоқ. Бұл сатуды шектеуге алып келеді және корпоративтік сектор тарапынан кредиттік ресурстарға қажетті көлемдегі орын алып отырған сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ осы ахуал банктерді шағын және орта бизнесті кредиттеуге ерекше назар аударуға ынталандырады. Осы бағыт барынша перспективалы және нарықтың қатысушылары үшін пайдалы болады, бұл өз кезегінде банктерді шағын бизнес пен дара кәсіпкерлер үшін өнімдер тізбесін дамытуға ынталандырады.
-
Жеке тұлғаларды кредиттеу нарығы
2012 жылғы 3-тоқсанда банктердің ұсыныстарынан елеулі асатын сұраныс болған кезде ипотеканы шектеулі кредиттеу үрдісі жалғасты. Тұтынушылық кредиттеу сегментінде кредиттік ресурстардың ұсыныстары іс жүзінде халық тарапынан туындаған сұранысты толық қанағаттандырды. Бұл банктер анағұрлым ұзақ мерзімді жобаларға әзірше инвестициялауға тәуекел жасамайтын қорландырудың қысқа мерзімді ресурстарының асуына байланысты, өйткені көбіне бұл қаражаттар талап ету бойынша қаражаттар немесе клиенттердің ағымдағы шоттары салымдарының мерзімі белгісіз.
5-диаграмма. Ипотекалық кредиттеуге сұраныстың және өсу қарқынының өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ,ҚҚК
|
6-диаграмма. Жекелеген факторлардың ипотекалық кредиттер бойынша сұранысқа ықпалы
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
| 2012 жылғы 3-тоқсанда ипотекалық кредиттеуге сұраныстың өсуін банктердің 34% атап өтті, бұл 2012 жылғы 2-тоқсандағы осындай көрсеткіштен төмен, ол сол кезде 46% құрады (5-диаграмма). ҚҚК деректері бойынша ипотекалық кредиттеудің өсу қарқыны 2012 жылғы 3-тоқсанда 2,2% құрады, 2012 жылғы 2-тоқсанда - 2,4%. Бұл банктер тарапынан 2012 жылғы 3-тоқсанда оның маусымдық күтулеріне қарамастан ипотекалық кредиттеудің өсу қарқынының баяулауын көрсетеді. Осылайша, Қазақстанда ипотекалық кредиттеу нарығы 2012 жылдың 3-тоқсанының нәтижелері бойынша іс жүзінде дамыған жоқ, бұл көбіне банктерде ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің шектеулігіне және халық тарапынан төлем қабілеттілігі сұранысының жоқтығына байланысты (6-диаграмма).
Банктердің көбінің (69%) деректері бойынша тұтыну қарыздарына сұраныс өсті, бұл осы кредиттеу сегментінің жалпы алғанда тартымдылығын көрсетеді. ҚҚК деректері бойынша банктердің тұтынушылық кредиттеуі 2012 жылғы 2-тоқсандағы 11%-дан 3-тоқсандағы 13% дейін өскендігін атап өтілді (7 және 8 -диаграммалар). Тұтынушылық кредиттеуді кеңейту мақсатында банктер жарнамалық компанияларды белсенді жүргізді, атап айтқанда «жазғы каникулдар» және «комиссиясыз», олардың шарттары бойынша тұтынушылық қарыздар негізгі борыш бойынша 2 айға жеңілдік кезеңмен және кредиттерді ресімдеу және беру кезінде комиссияның жоқ болуымен берілді.
Кредиттеудің бөлшек нарығында қарыз алушының тәуекелдерін бағалау кезінде банктердің көбі төлем қабілеттілігін бағалаудың көп деңгейлік жүйесін қолдануды бастағандығын атап өткен жөн. Банктер кредиттік бюро берген ақпаратпен белсенді жұмыс істейді. Әлеуетті қарыз алушылардың барлық кредиттік өтінімдері кредит тарихының бар болуы мен сапасына автоматты түрде бағалаудан өтеді.
7-диаграмма. Тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың және өсу қарқынның өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ,ҚҚК
|
8-диаграмма. Жекелеген факторлардың тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың өзгеруіне ықпалы
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
9-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі (ипотека)
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
| Оған қоса, банктер «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК –мен клиент жалақысының және жүргізілген зейнетақы жарналары деңгейіне байланысты кредиттің ықтимал сомасын анағұрлым нақты анықтау мақсатында белсенді ынтымақтастық жүргізеді.
Банктер клиенттердің жасы, кәсіби белгісі және басқа критерийлер бойынша кредит қабілеттілігінің ең көп лимитін анықтаудың әртүрлі тәсілдерін белсенді ендіреді, бұл клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау сапасын жақсартуға және әр халық тобында бар қаржы тәуекелдерін анағұрлым нақты шектеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ банктер жақсы кредит тарихы бар қарыз алушыларға ерекше назар аударады. Кредит алған және міндеттемелерді сапалы орындаған кезде банктер көбіне осындай клиенттерді қайта кредиттеу кезінде анағұрлым жеңіл жағдайларды ұсынуы мүмкін. Бұл банктерді анағұрлым сапалы кредит портфелімен қамтамасыз етеді, өйткені мұндай клиенттер кредит бойынша өте тәртіпті төлеушілер болып табылады.
Пәтерді жөндеу, оқуға ақы төлеу, емделу, демалыс, тұрмыстық техниканы, жиһазды, автомобильдерді және сол сияқты кәсіпкерлік қызметті сатып алу тұтынушылық кредиттеудің негізгі мақсаттары болып табылады, бұл шағын және орта бизнеске талаптармен салыстырғанда кредитті ресімдеудің аз мерзімдерімен байланысты. Тексеру шеңберіндегі сұхбат нәтижелері бойынша банктердің қарыз алушылардың ағымдағы мұқтаждарына кредиттер беруі олардың мерзімі бойынша орташа 3 жылға дейін және сомасы бойынша - орташа 1 млн теңгеден аспайтын шектеулігін көрсетеді.
10-диаграмма. Кредиттік саясаттың өзгеруі (тұтынушылық кредиттеу)
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
11-диаграмма. Банктердің күтуі және жылжымайтын мүлікке орташа бағаның нақты өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ, ҚР Статистика агенттігі
| 2012 жылғы 4-ші тоқсанда банктердің 62%-ы тұтынушылық өнімдерге және 41%-ы ипотекалық кредиттеуге сұраныстың өсуін болжады. Сонымен қоса, тұтынушылық кредиттер бойынша кредиттік саясатты одан әрі жеңілдетуді респонденттердің 31%-ы, ал ипотекалық сегментте банктердің 10%-ы ғана болжап отыр (9 және 10-диаграммалар).
Көптеген банктердің (70%) бағалауы бойынша 2012 жылғы 4-тоқсанда жылжымайтын мүлік бағасы бұрынғы деңгейде қалады және небары 18% респондент-банктер бағаның біраз өсуі байқалады деп санайды (11-диаграмма).
11-диаграммаға сәйкес 62% банктердің 2012 жылғы 3-тоқсанға арналған жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне қатысты болжамы Қазақстанда іске асты, бұл олардың 3,1%-ға нақты өсуімен дәлелденіп отыр. Сонымен қоса, банктер ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының тез өсуіне объективті себептердің жоқ екендігін атап өтті. Қазіргі кезде жылжымайтын мүлік нарығындағы барлық мәмілелер орын алған ұсыныстар мен халықтың тұтынушылық сұранысы шеңберінде жасалады. Халық арасында сұранысты ынталандыру үшін риэлторлық компаниялар тұтынушыларға әртүрлі банк қызметтерінің кең ауқымын ұсыну мақсатында банктермен және құрылыс компанияларымен бірге белсенді жұмыс жүргізіп отыр.
-
Тәуекелдер картасы
2012 жылғы 3-тоқсанда кепілдік кредиттер бойынша істерді соттарда қарау мерзімдерінің ұзақтығына байланысты жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейінің сақталуына байланысты кредиттік тәуекел банктердің негізгі тәуекелдерінің бірі болып қалды. Қорландырудың сыртқы дерек көздерінің үлесі аз болуына байланысты банктер сыртқы борыштар бойынша төлемдерді негізінен ішкі ресурстар және резидент еместер алдындағы міндеттемелердің қысқаруы есебінен жүргізіп отыр. Банктердің 16%-ы ғана өздерінің сыртқы міндеттемелерінің қайта қаржыландыру мүмкіндігін атап өтті.
12-диаграмма. Проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіріп алу операциялары санының өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
13-диаграмма. Қарыз алушылардың борыштарын қайта құрылымдау бойынша операциялар санының өзгеруі
|
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
|
14-диаграмма. Банктердің несие портфелі сапасының өзгеруі
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
| 2012 жылғы 3-ші тоқсандағы нәтижелер бойынша заңды тұлғалардың портфелін қоспағанда, проблемалық кредиттер бойынша кепіл мүлкін өндіру операциялары санының төмендеуі байқалып отыр. Сондай-ақ, қарыз алушылардың борыштарын қайта құрылымдау операцияларының саны төмендеп барады (12 және 13-диаграмма). Сонымен қоса, банктердің жұмыс істемейтін кредиттік портфелінің деңгейі әлі де болса жоғары болып қалып отыр.
2012 жылғы 4-ші тоқсанда банктердің 8%-ы ғана несие портфелі сапасының жақсаруын болжап отыр, банктердің 86%-ы көрсеткіш өзгеріссіз қалады деген уәж айтуда, ал респонденттердің 5%-ы кредиттік портфельдің азын-аулақ нашарлауын күтуде.
Кредиттеу сегменттері бойынша банктердің 11%-ы корпоративтік сектордағы, ал банктердің 12%-ы жеке тұлғаларды кредиттеудегі портфель сапасының жақсаруын күтуде, бұл ретте қалған респонденттер (тиісінше 79% және 88%) портфель сапасының өзгеріссіз қалуын болжайды (14-диаграмма).
Жеке тұлғалардың жұмыс істемейтін кредиттерінің үлесі біртіндеп қысқарып келе жатқанын атап өткен жөн, бұл бөлшек сауда сегментін кредиттеу көлемінің тез өсуімен байланысты болып отыр.
Банктердің бағалауы бойынша төленбеген төлемдердің негізгі массасының анықталуына қарамастан, корпоративтік сектор есебінен «нашар» кредиттердің аздап ұлғаю үлесі сақталып отыр. Банктердің пікірі бойынша осы үрдісті кредиттеудің өсуі мен экономиканың жандануы есебінен ғана біраз баяулатуға болады.
Банктер үшін қорландырудың негізгі көздері заңды және жеке тұлғалардың депозиттері (тиісінше банктердің 57% және 58%-ы), жұмыс істейтін акционерлердің есебінен капиталды ұлғайту (27%), алынған пайданы қайта инвестициялау (32%), борыштық бағалы қағаздарды Қазақстанның қор биржасында орналастыру (23%) болып қалып отыр. Сонымен қоса, банктердің 17%-ы қайта қаржыландыру қарыздары, ҚР Ұлттық Банкінің тұрақтандыру кредиттері және даму институттары арқылы бөлінетін қаражат түріндегі мемлекеттік қолдауға сеніп отыр.
Басымдылығы бойынша банктерге арналған тәуекелдерді бөлу кезінде кредиттік тәуекел негізгі тәуекел болып қалып отыр (15-диаграмма). Кредиттік тәуекелді және адам факторын қысқарту мақсатында банктер тәуекелдерді бағалау әдістемесін жетілдіреді және скорингтік жүйе бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді және клиенттердің төлемге қабілеттілігі мониторингін жаңғыртады.
15-диаграмма. Банктердің кредиттік тәуекелді қабылдауы
|
|
Дерек көзі: ҚРҰБ
| 2012 жылғы 3-ші тоқсанда банктердің сыртқы борышын өтеу орташа есеппен3 мына төмендегі дерек көздерінің есебінен жүзеге асты:
- ішкі міндеттемелер (71%);
- сыртқы нарықтардағы резидент еместер алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру (16%);
- активтерді және резиденттерге қойылатын талаптарды қысқарту (8%);
- активтерді және резидент еместерге қойылатын талаптарды іске асыру (5%).
Келесі 12 ай ішінде (2012 жылғы қазаннан бастап 2013 жылғы қазанға дейін) банктердің 46%-ы сыртқы борыштарының бөлігін ішкі міндеттемелерінің есебінен өтеуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, банктердің 21%-ы резиденттерге қойылатын талаптарды қысқарту есебінен сыртқы міндеттемелерінің өтелетінін көрсетеді және банктердің 21%-ы резидент еместерге қойылатын талаптарды одан әрі қысқартуды жоспарлап қойған. Капиталдың сыртқы нарықтарындағы берешекті қайта қаржыландыруды 2012 жылы банктердің 12%-ы ғана жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |