«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы шілде Ұлттық Банк 2008 жылғы шілдеде жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»



Дата30.06.2016
өлшемі113.35 Kb.
#168233
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»
екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы шілде

Ұлттық Банк 2008 жылғы шілдеде жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» жеке сұхбат нысанында тұрақты зерттеу нәтижесі бойынша кредит нарығындағы 2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдайды ипотекалық кредиттеуге сұраныстың күрт төмендеуімен, қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредит ресурстарына сұраныстың өсуімен және банктердің кредит саясатын қатаңдату бойынша одан әрі қадам жасауымен сипаттауға болады. Атап айтқанда пікіртерім жүргізілген банктердің арасында респонденттердің 73% кредиттеу талаптарының қаржылық емес ұйымдарға қатысты, 49% ипотекалық және 43% тұтынушылық кредиттеуге қатысты қатаңдатылғанын атады. Кредит саясатының одан әрі қатаңдатылуы экономиканың құрылыс секторындағы және тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемалардың тереңдеуі аясында жүргізілді.


  1. Корпоративтік сектор заемдарының нарығы




        1. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында банктер тарапынан баяу ұсыныс аясында кредит ресурстарына сұраныстың шамалы өсуі байқалды. Өсудің неғұрлым үлкен мәні ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан тіркелді, олардың сұраныстары айналым қаражатын қаржыландыруға, әсіресе болып отырған борыштарды қайта құрылымдауға қажеттіліктен туындады.

Диффузия индексінің мәні 2007 жылғы екінші жартыжылдықтағы 0,25 салыстырғанда 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта 0,18 құрады (1-диаграмма), бұл тұтастай алғанда сұраныстың бәсеңдеу динамикасының сақталып отырғанын көрсетеді.
1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгеруі (диффузия индексі)

2008 ж. қаңтарға болжам



2008 ж. шілдедегі бағалау





        1. Сұраныстың неғұрлым көп төмендеуі шағын кәсіпкерлік субъектілері тарапынан байқалды, бұл нарықтағы жалпы іскерлік белсенділігінің төмендеуінің салдары болуы ықтимал. Ірі банктердің бестігі, сондай-ақ шетелдік қатысуы бар банктер 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта салалық тәуекелдердің төмен болуына және клиент базасының реттелуіне байланысты ірі бизнес субъектілерімен жұмысқа басымдық берді. Бұл ретте ірі банктер бестігінің кредит ресурстарына жалпы сұраныс динамикасы 2008 жылғы 3-тоқсанда төмендеу үрдісін сақтап отыр (2-диаграмма). Қалған банктер сұраныстың кейбір қалпына келуін күтіп отыр.



2-диаграмма. Ірі банктердің бестігі бойынша кредит ресурстарына

сұраныстың өзгеруі (диффузия индексі)

2008 ж. қаңтарға болжам

2008 ж. шілдедегі бағалау



        1. Кредит нарығындағы болып отырған өтімділік деңгейі банктердің тәуекелдерді басқару және заемшылардың төлем жасауға қабілетінің құлдырауына байланысты шығындарды төмендету мақсатында өздерінің кредиттік ресурстарын неғұрлым қысқа мерзімдерге беруге бейімділігін айқындайды. Бұл ретте қорландырудың ішкі көздерінің, сондай-ақ халықаралық қаржылық институттардың қаржыландыру бағдарламалары бойынша кредиттерінің кредит ресурстарына қысқа мерзімді сұраныстарды қанағаттандыру үшін қазіргі уақытта неғұрлым жоғары мәні бар.

        2. Сұраныстың төмендеуіне кредиттеу талаптарының, атап айтқанда пайыздық ставкалардың өсуі және кепілдік талаптардың қатаңдатылуы неғұрлым үлкен дәрежеде әсер етті. Осы қатаңдатулар ірі банктер бестігінің қызметінде айқын көрсетілді (3-диаграмма), бұл олардың несие портфелінің сапасына және корпоративтік кредиттеудегі шоғырландыру тәуекелінің төмендеуі жөніндегі шараларға алаңдаушылығынан туындап отыр. Осының салдары ретінде, барлық банктердің өтімділікке байланысты проблемаларды бастан кешірмеуіне қарамастан, нарықта негізгі ойыншылардың арасында экономиканың нақты секторының субъектілерін кредиттеудің неғұрлым қатаң әдісі байқалады.

2008 жылғы бірінші жартыжылдықта қаржылық емес ұйымдарға қатысты кредит саясатын қатаңдатуға әсер еткен негізгі факторлар:

  1. кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелі;

  2. жылжымайтын мүлік нарығының даму перспективалары;

  3. заемшылардың төлем жасауға қабілетінің жалпы деңгейі;

  4. жалпы экономикалық күтулер;

5) жоғары тәуекелді заемдардың несие портфеліндегі үлесінің өзгеруі болып табылды.

Сонымен қатар бәсекелестік және қорландыру мен капитал ресурстарының факторлары осы зерттеліп отырған кезеңде аз әсер етті. Ірі банктердің бестігі ерекшелік жасады, ол үшін сыртқы және ішкі капитал нарықтарындағы қорландыруға қол жеткізу мен құнының соңғы жылдары бастапқы дәрежедегі мәні болды және жоғарыда аталған факторлармен кредит саясатының қатаңдатылуына бірдей дәрежеде әсер етті.

Кредит нарығы өзінің пайда болуының жүйелік сипатын көрсете отырып, экономиканың нақты секторына қалыпты түрде ауысқан өтімділіктің жалғасып отырған дағдарысы жағдайында жұмыс істеуде. Нарықтардың өзара байланысы және нақты сектордың қаржы секторына тәуелділігі банктердің қызметіне әсер етпей қоймады. Банктердегі кепілмен қамтамасыз етуді құнсыздану тәуекелі, сондай-ақ құрылыс секторындағы жағдайдың нашарлауы банктердің заемшылармен жұмыс істеу тәсіліндегі өзгерістерге әсер етті. Басымдық кепілмен қамтамасыз ету құнынан заемшылардың қаржылық жағдайының мониторингі жағына қарай ауысты.

3-диаграмма. Банктердің кредит саясатын өзгертуі

(диффузия индексі)


2008 ж. қаңтарға болжам




2008 ж. шілдедегі бағалау


        1. 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта банктердің көпшілігі коммерциялық мүлік үшін заем беру талаптарын қатаңдатты. Қатаңдатуға арналған себептердің арасынан банктер «баға көпіршігінің» жылжымайтын мүлікке және тәуекелге «тәбет» деңгейінің төмендеуін әсер етуінің ұлғаюы атады. Ірі банктердің бестігі үшін маңызды себептердің бірі коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған кредиттер бойынша портфель сапасының нашарлауы болды. Құрылыс секторындағы тәуекел профилінің өзгеруі банктерді неғұрлым сақтық және салмақты тәсілді жүзеге асыруға мәжбүрлейді.




        1. Банктердің басым көпшілігі бұрынғыша, экономиканың неғұрлым тәуекелді салалар ретінде құрылыс саласын және жылжымайтын мүлікпен операцияларды атады.




        1. Алдағы кезеңге арналған сұраныс болжамының динамикасы кредит нарығында қалыптасқан жағдайды көрсетеді – банктер ұсынған қатаң баға және бағаға жатпайтын талаптар корпоративтік сектордың сұранысын төмендетеді (4-диаграмма).

4-диаграмма. Зерттеліп отырған кезеңдер

бойынша сұраныс болжамы

Өтімділік дағдарысының пайда болуының жүйелік сипаты экономиканың нақты секторына теріс әсер етті, бұл банктерге олардың келесі 3 ай ішінде қатаң кредит саясатын сақтау бөлігінде әсер етпей қоймады (5-диаграмма) – респонденттің 67% қолданылып отырған кредит саясатын өзгеріссіз қалдыруға ниетті. Кредит нарығының талаптарымен ұсынылған осы шаралар кредит тәуекелінің өсуі заемшылардың төлем жасауға қабілеттігінің қаржы жағдайына және әріптес-контрагенттердің өтімділік көрсеткіштеріне тікелей қатысты болуымен байланысты болып отырған деңгейінің төмендеуіне бағытталған қарсы қадам болып табылады.



        1. Кредиттеу талаптарының ішінде 2008 жылғы 3-тоқсанда тәуекелді кредиттер бойынша маржа, кепілдік талап ету және ковенанттар неғұрлым көп қатаңдатылады. Ірі банктердің бестігі кредиттеудің бағаға жатпайтын талаптарын қатаңдатуға айтарлықтай мән береді.


5-диаграмма. Зерттеліп отырған кезеңдер

бойынша кредит саясатының болжамы


        1. Банктер кредиттеудің қалыптастырып отырған қатаң талаптары бойынша кепілге салынған мүлікті өндіріп алу бойынша операциялардың және заемшылардың борыштарын олардың деңгейінің келесі тоқсанда сақталу болашағымен қайта құрылымдау бойынша операциялардың өсуін атайды. Банктер алдағы 3 айда өтеу мерзімінің өтіп кетуінің, ұзарту санының және қамтамасыз ету сапасының нашарлауының өсуі болады деп болжайды – респонденттердің 50%-ы.




  1. Жеке тұлғаларға берілетін заемдар нарығы




  1. Банктер қызметінің бөлшек бағыты жекелеген банктер бойынша тұтынушылық кредиттеуге сұраныс шамалы өскен кезде (осы өсу ұзақ пайдаланылатын тауарлардың тұтынушылық шығыстары және жылжымайтын мүлікке байланысты емес шығыстар деңгейінің сақталуымен түсіндіріледі) бүкіл нарық бойынша ипотекалық кредиттеуге сұраныстың күрт төмендеуімен (сұраныстың төмендегенін респонденттердің 60% атап өтті) сипатталады.

Ипотекалық кредиттеу бойынша диффузия индексінің мәні 2008 жылғы бірінші жартыжылдықтағы -0,21-мен салыстырғанда -0,37 құрады (6-диаграмма); тұтынушылық кредиттеу бойынша диффузия индексінің мәні 2008 жылғы бірінші жартыжылдықтағы -0,03-пен салыстырғанда -0,06 құрады (7-диаграмма). Тұтастай алғанда ипотекаға сұранысқа қарағанда банктердің талаптарды қатаңдатуы тұтынушылық кредиттеуге сұранысқа аса көп әсер еткен жоқ.

Жылжымайтын тұрғын үй нарығындағы белгісіздік және заемшылар мен банктердің күту ұстанымы (кепілдікті мүлікті сату бөлігінде) салдарынан ипотекаға сұраныстың төмендеу үрдісі сақталып отыр. Сарапшылардың бағалауы келесі тоқсанда бағаның шегіне жетумен және оның болашақта өсуі мүмкіндігімен тұрақтануымен жылжымайтын мүліктің орташа бағасының одан әрі шамалы төмендейді деген пікірден тұрады (респонденттердің 77%-ы орташа бағаның одан әрі шамалы төмендейтінін көрсетті).




6-диаграмма. Ипотекалық кредиттеу бойынша сұраныстың өзгеруі

(диффузия индексі)


2008 ж. қаңтарға болжам


2008 ж. шілдедегі бағалау



7-диаграмма. Тұтынушылық кредиттеу бойынша сұраныстың өзгеруі

(диффузия индексі)

2008 ж. қаңтарға болжам

2008 ж. шілдедегі бағалау



  1. Ипотекалық кредиттеуге сұраныстың төмендеуіне жылжымайтын мүлік нарығы дамуының теріс перспективалары, тұтынушылардың борыштық ауыртпалықты қабылдаудағы сенімсіздігі, сондай-ақ пайыздық ставкалардың елеулі түрде өсуі айтарлықтай әсер етті. Заемдар ұсынуға ниеттілік көрсеткішінің динамикасы ірі банктер бестігінің бүгінгі күнгі ағымдағы жағдайын көрсетеді. Банктер 2008 жылғы 1 жартыжылдықпен салыстырғанда шамалы қатаңдатылған талаптармен кредиттік ресурстарды ұсынуға ниеттіліктің өскенін атап өтеді (8-диаграмма). Барлық банктер сыртқы қорландыруға қаншалықты қатысты емес болса да, бірақ, тіпті консервативтік кредит саясатын жүргізген немесе стратегиялық инвесторды тартқан банктер де, тұтастай алғанда кредит нарығының басқа қатысушыларымен бірге талаптарды қатаңдатты.



8-диаграмма. Ірі банктердің бестігінің кредиттік ресурстар беру ниеті

(диффузия индексі)




  1. Кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекеліне, жылжымайтын мүлік нарығының даму перспективаларын, төлем жасауға қабілеттілік жүктемесінің, сондай-ақ жалпы экономикалық перспективалардың өсуіне байланысты банктер ипотекалық және тұтынушылық кредиттеуге қатысты өзінің кредиттік саясатын қатаңдатты (9,10-диаграммалар) респонденттердің 60% жуығы талаптарды қатаңдатты; респонденттердің үштен бірінен азы кредит саясатын бұрынғы деңгейде сақтады. Төменде келтірілген диаграммалардан көрініп отырғандай, банктердің кредит саясатын қатаңдату жөніндегі болжамдық күтулер толық мөлшерде 2008 жылғы 1 жартыжылдықта жүзеге асырылды.


9-диаграмма. Банктердің ипотекалық кредиттеу бойынша

кредит саясатын өзгертуі

(
2008 ж. қаңтардағы бағалау
диффузия индексі)


2007 ж. шілдеге болжам




10-диаграмма. Банктердің тұтынушылық кредиттеу бойынша

кредит саясатын өзгертуі

(диффузия индексі)


2007 ж. шілдеге болжам

2008 ж. қаңтардағы бағалау



  1. Банктердің сұранысқа қатысты жақын арадағы 3 айдағы күтулері тұтынушылық кредитпен салыстырғанда ипотекалық кредиттеуге қатысты сенімі аз: респондент 30% ғана ипотекалық кредиттеуге сұраныстың өсуін күтеді (11-диаграмма), ал 62% оның тұтынушылық кредиттеудегі өсуін болжайды (12-диаграмма). Бұған банктердің көпшілігінің ағымдағы кредит саясатын бұрынғы деңгейде сақтауы себепші болады (13,14-диаграммалар); 5 ірі банктің тек 1 ғана алдағы тоқсанда кредит саясатын шамалы қатаңдатуға ниетті. Қатаңдату бірінші кезекте кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаларға, кепілдік талаптарға, сондай-ақ LTV (loan-to-value) және LTI (loan-to-income) көрсеткіштеріне қатысты болады.


11-диаграмма. Зерттелетін кезеңдер

бойынша сұранысты болжау

(ипотекалық кредиттеу)


12-диаграмма. Зерттелетін кезеңдер

бойынша сұранысты болжау

(тұтынушылық кредиттеу)

13-диаграмма. Зерттелетін кезеңдер

бойынша кредит саясатын болжау

(ипотекалық кредиттеу)

14-диаграмма. Зерттелетін кезеңдер

бойынша кредит саясатын болжау

(тұтынушылық кредиттеу)

III. Тәуекелдер картасы
Нақты сектордағы проблемалар бірінші кезекте проблемалы кредиттер деңгейінің өсуінде көрінді. Атап айтқанда, берілген кредиттер бойынша корпоративтік бизнес субъектілеріндегі, сондай-ақ жеке тұлғалардағы мерзімін өткізудің өсуі байқалады. Банктердің 1/3 астамы кепілдікті мүлікті өндіріп алу бойынша операциялар және заемшылардың борышын қайта құрылымдау бойынша операциялар санының өсуін атап өтті. Кредиттеу талаптарын қатаңдату (неғұрлым қатаңдату кепілдік талаптарға және кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаға қатысты болды) салдарынан банктердің клиенттеріндегі қолданыстағы заемдарға қызмет көрсету бойынша борыштық ауыртпалық және шығасылардың өсуі банктердің несие портфелінің сапасында теріс көрінеді. Сонымен қатар заемшылардың борышын қайта құрылымдау бойынша операциялар талаптардың қатаңдатудың теріс әсер етуін реттеуге көмектеседі. Дегенмен, сарапшылар атап өткендей, несие портфелі сапасының шамалы нашарлағаны байқалады. Осы аспект халықаралық рейтингтік агенттіктердің аса қызығушылығын тудырды, сондықтан банктер өз қызметінде жобалардың тәуекелділігін бағалау кезінде назарын кепілмен қамтамасыз етуден заемшылардың қаржы жағдайының мониторингіне ауыстырды. Бұл ретте кепілдік талаптың экономиканың құрылыс секторының және жылжымайтын тұрғын үй нарығы проблемаларының әсер етуімен одан көп қатаңдатылды.

Проблемалы кредиттерге қатысты қолданылатын шараларға бойынша банктер заемшылармен келісуді және оларға мерзімі өткен берешекті өтеуді кейінге қалдыруды жөн көреді, сондай-ақ қосымша кепіл қабылдау арқылы немесе басқа банкке өтініш жасау арқылы басқа банктің алдындағы борышын қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Соңғы зерттеліп отырған кезеңде тек ірі банктердің бестігінде ғана емес, сонымен бірге екінші деңгейдегі қалған банктердегі несие портфелі сапасының нашарлауы атап өтуге тұрарлық факт болды (бестікке кірмейтін респонденттердің 37% нашарлауды атап өтті). Сонымен қатар пікіртерім нәтижесі бойынша банктер пікіртерім нәтижелер бойынша проблемалық активтер деңгейінің дағдарыссыз деңгейде және бақыланатын ауқымда тұрғанын атап өтті. Банктер бар проблемаларды болдырмау жөніндегі рұқсат етілген құралдардың бүкіл жиынтығы әлі де пайдаланылмай отыр. Атап айтқанда, проблемалық кредиттермен жұмыс жөніндегі ішкі құрылымдарды жандандыру және кеңейтуді қоспағанда, банктер коллекторлық агенттіктермен қатынастарды ретке келтіруде, шетелдік банктердің проблемалық активтерді сатып алу, сондай-ақ секьюритизациялау механизмдерін пайдалану бойынша ұсыныстарын қарауда. Сонымен қатар банктердің балансын проблемалық активтерден тазарту жөніндегі арнайы ұйым құру мәселесін кредит нарығының қатысушылары мемлекеттің қатысумен қарауы мүмкін.

Жылжымайтын мүлік бағаларының одан әрі төмендеуін теріс күту банктердің кредиттік тәуекелдерінің өсуіне қосымша әсер етуін жалғастырды, оның маңыздылығын респонденттердің 74% атап өтті. Банктер маңыздылығы бойынша екінші ретінде пайыздық тәуекелді атап өтті, оның өсуін респонденттердің 40% атады, ол банктердің капиталы мен пайдасына өспелі қысым жасауды бастайды, бұл өтімділік деңгейімен және несие портфелінің сапасымен қатар халықаралық рейтинг агенттіктерінің назарында.

Өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету бойынша банктер алынған пайданы қайта қаржыландыруға, жұмыс істеп тұрған акционерлік қоғамдар есебінен капиталдың ұлғаюына және қаржыландыру көзі ретінде депозиттерге барынша басымдық береді.









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет