Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Технология және биоресурстар факультеті
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сынау түрлері.Сынау технологиялық процес ретінде
Орындаған:Сейлбек Г
Тексерген:Есмаганбетова Айгерим
Алматы 2022
Мазмұны
Кіріспе 2
1 Сынау мен бақылау міндеттері және түрлері 4
1.2 Сынау түрлері 6
1.3 Бақылау түрлері 8
2 Сынау нәтижелерінің дәлдігі және сенімділігі 9
3 Сынауға дайындау және жүргізу 12
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15
Кіріспе
Қазіргі нарық жағдайларында жұмыс істеу, шығарылатын өнімнің сапасы жəне бəсекеге қабілеттігін арттыру мəселелерін маңыздыландыру мамандардың біліктілігіне жəне кəсіпорындардың инженерлік-аналитикалық қызметінің жабдықтармен жасақталуына жоғарғы талаптар қояды. Өнім сапасының көрсеткіштерін бақылаумен айналысатын, сынау зертханаларына қойылатын қазіргі талаптардың деңгейі, тұтас алғанда мұндай зертханаларға қатысты да, персоналға қатысты да стериотиптерді өзгертуге болжайды. Өндірістің барлық құрылымдарын толығымен қамтитын, бақылаудың үйлесімді жүйесін ғана құру, өнім сапасының жоғарғы деңгейіне жəне оның халықаралық нарыққа кеңінен шығуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жоғары сапа мен сенімділік нарықты жаулап алуға мүмкіндік тудырады. Алайда, сыртқы және ішкі саудада тежеп отырған, ол өнім сипатына тұтынушылардың сенімсіздігі. Осы сенімсіздікті жою мақсатында өндірішілер және оны жеткізушілер тәуелсіз сынақ орталықтарында және зертханаларда сынау жұмыстарын ұйымдастырады.
Халықаралық сауданың дамуына байланысты және техникалық шектеулерді ары қарай дамыту мақсатында халықаралық және регионалды сертификаттау жүйесі жасалды. Бұл дегеніміз, сертификаттау, аккредиттеу және аттестаттау жүйелері бір орында тұрмай, жаңарып,сонымен қатар сынақ орталықтарымен және зертханаларымен бірлесе отырып даму үстінде.
Сынау – әртүрлі әсер ету жағдайында жұмыс істейтін объектінің сандық немесе сапалық сипаттамаларын тәжірибе (эксперимент) жүзінде анықтау. Сынақты өлшеу, талдау, диагностикалау, органометрикалық әдістерді пайдалану арқылы, сынау кезіндегі белгілі бір жағдайларды (жұмыс істемеу, бұзылу және т.б.) тіркеу арқылы жүргізуге болады.
Объект – бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе
ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;
сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.
Сынаулар шарттары – сынаулар кезінде әсер етуші факторлардың және объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:
және анықтаушы болып бөлінеді;
жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық және
ведомстволық;
сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрі бойынша: алдын ала және
қабылдаушы;
периодтық, типтік.
Достарыңызбен бөлісу: |