Крит-Архей өркениеттілігі, Қала мемлекеттер



Дата22.05.2022
өлшемі19.51 Kb.
#458499
түріЛекция
ежелгі тарих


Крит-Архей өркениеттілігі, Қала мемлекеттер
Ертеректегі Эгей өркениеті. Бұл лекцияда Ертедегі Эгей өркениетінің маңызы мен мәнін ашып көрсетумен мәдениетті ашудағы археология т.б. салалардағы ғылымдардың жетістіктерін көрсете отырып, Ертеректегі Эгей өркениетінің яки Микен қоғамының жойылып кетуін деректер негізінде түсіндіру.
Б.э.д. ХІ-ІХ ғасырлардағы Греция. Бұл тақырыпты өтуде, өткенде бұл кезеңді не үшін Гомер кезеңі деп келгендігін, Гомер мәселесі туралы көзқарастарды талдай келіп, Гомердің дастандары арқылы сол кездегі Греция қоғамының әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне талдау жасау.
Криттің ежелгі тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік берген археологиялық зерттеулерді (ХІХғ. 90 жылдары) Артур Эванс бастады. Ол 1900жылдан бастап ежелгі Крит әміршісі Миностың грек мифтерінде мадақталған астанасы – ежелгі Кноста тиянақты қазба жұмыстарын жүргізуге кірісті. А.Эванспен қатар басқа экспедициялар да тұрақты қазба жұмыстарын жүргізді.
Балқан түбегінің оңтүстігінің және Кіші Азияның, Эгей жағалауының ежелгі тарихына археологиялық зерттеулер бұдан көп бұрын Г.Шлиманның бастамасы бойынша жүргізілді. Ол 1870 жылы Кіші Азияның солтүстік-батыс бөлігінде Мүркия территориясында Гиссарлык төбесінде алдын-ала қазба жұмыстарын жүргізе бастаған. “Илиадада” суреттенгендерді басшылыққа ала отырып Г.Шлиман осы төбеде Гомер поэмасында сөз болған Троя қаласының қалдықтары болуы керек деп ойлаған. Гиссарлык төбесіндегі арнаулы қазба жұмыстарынол үзілістермен 1870 жылдан 1890 жылдарға дейін жүргізіп Троя қаласының тұрған жерін ғана емес, сондай-ақ Эгей теңізінің өте маңызды ежелгі мәдениет ошағын ашты. Алайда, Г.Шлиман ежелгі Трояның орнын тапқанымен, қаланың ескі қираған қалдықтары орналасқан археологиялық қабаттарды белгілеуде қателік жіберді. Трояның археологиялық қабатының орны ол жердің екінші қабатынан емес, VII А қабатынан табылды.
Г.Шлиман – Балқан Грекиясындағы мәдениет байлықтарының ежелгі ескерткіштерінде қазба жұмыстарын жүргізудің де бастамашысы. Әр мезгілде (1874-1885ж.ж.) ол Микеныда, Орхоменада және Тиринфте қазба жұмыстарын жүргізді. Сол кезден бастап күні бүгінге дейін осы жерлерде және толып жатқан басқа аудндарда әр түрлі елдер археологтарының күшімен қазба жұмыстары жүргізілуде. Эгей мәдениеті ескерткіштерінің алғашқы археологиялық жаңалықтары Микены мен Критте ашылғандықтан, бұл крит-микены өркениеті деп аталады.
А.Эванс ХХ ғ.-дың басында-ақ Кносста қазба жұмыстары жүргізілген кезде белгісіз жазулары бар балшықтан жасалған кішкене таблицалар табады. Сондай-ақ пиктографиялық және иероглифтік бейнелері бар мөрлер (штамптар) табылған. Табылған заттарға қарағанда, пиктограммалар мен иероглифтер Критте б.з.б.ІІІ-ІІ мың жылдықтар аралығында пайда болған. Б.з.б. шамамен ХVІІ ғ.-да солардың негізінде буынды сызық жазудың жүйесі шығады. Б.з.б. ХV ғ.-дан бастап бұл жазуды бірте-бірте әріп белгілер саны аздау буын жүйелі жаңа жазу ығыстырады. Оларды зерттей бастаған А.Эванс ежелгі Крит жазуын – А сызықты жазу деп, ал одан кейінірек пайда болғанын – Б сызықты жазу деп атаған. Ол ондық сандар жүйесін анықтай алған.
1939 жылы К.Куруниотис пен К.Блеген бастаған грек-американ экспедициясы ежелгі Пилос ауданында – Пелопоннестің батыс жағалауында, Нестордың сарайы деп аталған, крит-микены дәуірінің ғимаратын қазып тапқан. Сол кезде одан б.з.б.ХІІІ-ХІІ ғ.ғ.-ға жататын Б-сызықты жазулары бар 600-ден астам балшықтан жасалған кішкене таблицалар табылған.
Атақты болгар лингвисі В.Георгиев бұл хаттар грек тіліне жақын тілде жазылған деген жорамалға сүйеніп, бұл жазуларды анықтауға әрекет жасады. Бұл жазуды ол өзінше минойлық деп аталды. Оның Б-сызықты жазудың 12 буындық белгілерінің мәнін дұрыс белгілеп, осы белгілермен жазылған бірнеше грек сөздерін оқуға қолы жетті. Ағылшынның жас суретшісі Майкл Вентрис өзінен бұрынғы әріптестерінің еңбектерін зерттеп үйрене отырып, 1952-53 жылдары Б-сызықты жазулардың хаттарын анықтады.
А.Эванс Криттегі жергілікті ерекшеліктердің ішінен жыл даталары көрсетілген египет бұйымдарының , ал оның керісінше, Египетте жергілікті египет бұйымдарының ішінен крит бұйымдары орналасқан жер қабатын анықтады. Осы материалға сүйеніп, А.Эванс (негізінен керамикадағы өзгерістерді есептей отырып) ежелгі Крит тарихын археологиялық кезеңдерге бөлді. Ол мұның негізіне Египет тарихының Ежелгі, Орта және Жаңа патшалық дәуірлеріне бөлінуін пайдаланды. А.Эванс Криттегі осы сияқты үш кезеңді б.з.б. ІІІ-ІІ мың жылдықтағы бүкіл Крит мәдениетін, Криттің мифтік патшасы Миностың атымен, минойлық деп атады: 1) ерте минойлық кезең – б.з.б.2800-2200 жылдар; 2) орта минойлық кезең – б.з.б.2200-1600 жылдар; 3) кейінгі минойлық кезең – б.з.б.1600-1100 жылдар. Сонымен қатар осы кезеңдердің әрқайсысы үш кіші кезеңге тағы бөлінеді.
Крит пен Ахеилік Грецияның тарихи деректері
1) Жазба деректері: 1)Логографтар. Гекатей Милетский (б.з.б. VI ғ. II ж. – V ғ. Басы) жазбалары.
2) б.з.б. V ғ. Геродот (б.з.д. 484 — 425 жж).
Галикарнес қаласы (Ж Азия), Афинада туған. Тоғыз кітаптан тұратын еңбегі жетті.
3) Фукудид (б.з.д. 430-355 жж) Пелопонесс соғысын жазды.
4)Ксенофонт (б.з.д. 430-355 ж.ж) 120-асы тарихи шығармалар жазды. «Лакедемон политиясы» -Сказты құрылып мазақтады.
5) Аристотель (б.з.д. 384-322) «Афина политиясы» тарихи еңбегі.
6) Эфор (б.з.д. IV ғ. ІІ жартысында өмір сүрген) — жалпы грек тарихын жазды.
7) Полибей (б.з.ІІ ғ / б.з.д. 200-120ж.ж) «Жалпы тарих» –еңбегі жазылды
8) Диадор (б.з.д. 90-21ж.ж) «Тарихи кітапхана» еңбегі.
9) Плутарх (б.з.І ғ –б.з.ІІ ғ (46-126жж) Греция мен Римді салыстыра отырып ғылыми еңбек жазды.
10) Авторы белгісіз «Псевдо Ксенофонт политиясы» — еңбегі құлдық қоғамды сынға алған.
11) Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссеясы» өте құнды дерек.
12)Геслоу (б.з.б ХІ ғ. – ІХ ғ.)еңбектері «Еңбек пен күндер», «Теогания».
13) Архиллохтың, Ахиейдің, Сафоттың, Саланның архайзм әдеби еңбектері.
14) Классикалық кезең — Эсхил, Софокл, Евритид шығармалары.
15) Арисбофтың комедиялары (б.з.д.V ғ. аяғы — IV ғ. басы)
16) Шешен сөздері Лисий сөздері (б.з.д. IV ғ. басы)
17) Декосдей (б.з.д 384-322ж.ж) сот мәселесі және саясат туралы сөздері.
18) Страбон-«География» (б.з.д. І ж – ІІ ж — б.з. І ғ)
19) Равсаний –«Эллада аззеттелисі» б.з.ІІ ғ.
20) Греция б.з.д. VIII ғ. алфавит 24-әріпті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет