Күршім ауданының әкімі С. Чукаевтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер



Дата23.02.2016
өлшемі247.24 Kb.
#8505
Күршім ауданының әкімі С.Чукаевтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен

ТЕЗИСТЕР
Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында көрсетілген межеге жету үшін және «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын негізге ала отырып 2015 жылы бірқатар ауқымды істер атқарылды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанды артып, берілген тапсырмалар толық орындалды.

Ағымдағы жылдың 11 айында 16,9 млрд тенгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға өсті, 13,7 мың тонна ет алынып, 1,1 пайызға, 64,7 мың тонна сүт сауылып, 5,0 пайызға өсті, 5,7 млн. дана жұмыртқа алынып, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті.

Ірі қара мал саны 65361 басты, жылқы саны 19,0 мың басты, қой және ешкі саны 191,5 мың басты құрады.

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы болғандықтан «АгроБизнес-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 256,8 млн.теңге көлемінде субсидия игеріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 140 пайызға өскен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауары өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға 2015 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 32,9 млн.теңгенің субсидиясы игерілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2015 жылы барлығы 112 бас сиыр, оның ішінде 7 бас асыл тұқымды бұқа алынды. Бағдарлама бойынша 21,7 млн. тенге игерілді.

«Құлан» бағдарламасы бойынша барлығы 65 бас жылқы, оның ішінде 60 бие, 5 айғыр жоспарланып, бүгінгі күнге 378 бас, оның ішінде 345 бас аналық жылқы, 33 бас айғыр сатып алынды, немесе жоспар 5 есе артық орындалды. Бағдарлама бойынша 109,6 млн. тенге игерілді.


Егін шаруашылығы
Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өндірілген өнімде өсімдік шаруашылығының үлесі 27,8 пайызды құрады. Аудан бойынша егістік көлемі 25,4 мың гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда егістік көлемі 3,6 мың гектарға өсті. 2015 жылы дәнді-дақылдар 4650 га, майлы дақылдар 3440 га, картоп 1090 га, 961 га көкөніс және бақша дақылдары егілді.

Аудандағы бар 20 мың га суармалы жердің 13,3 мың га жері игерілді. Суармалы жерлердің толық игерілмеуі негізінен каналдардың күрделі жөндеуді қажет етуі мен оның су көздерінен байланыстың үзілуі болып отыр. Аудандағы бар 27 каналдарға күрделі жөндеуді жүргізу қажет етеді.

2015 жылы ауданның шаруа қожалықтарының жетекшілері 163,5 млн. теңгеге 56 жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Оның 45 техникасын лизингке алды.

Ветеринарлық қызмет
Ауылшаруашылығы саласында ветеринария саласының маңызы зор.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базалары орналасқан компьютерлердің барлығы интернетке қосылып жұмыс істеуде. Кәсіпорын қызметтік 12 „Нива“ автокөлігімен, арнайы ДУК қондырғысы бар 2 УАЗ автокөлігімен, арнайы мал тасымалдайтын ГАЗ-3309 автокөлігімен және малдың өлексесін өртейтін инссиниратор ГАЗ-3309 автокөлігімен қамтамасыз етілген.

Ауылшаруашылығы малдарына егу-екпе жұмыстары және диагностикалық тексеру шаралары жоспар бойынша жүргізіліп, 2015 жылы сауықтыру шараларын қоса есептегенде сарып ауруына 96 311 бас мүйізді ірі қара малы, 219322 бас мүйізді ұсақ малы тексеріліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Нәтижесінде 402 бас ірі қара, 2128 бас ұсақ мал оң нәтиже көрсетті. Сарып ауруына оң нәтиже көрсеткен малдарды залалсыздандыру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына тасымалдау ұйымдастырылды. 2015 жылы қайта өңдеу кәсіпорнына өткізілген малдардың иелеріне бюджеттен 10,5 млн.теңге өтемақы төленді.

Жыл басынан көлемі 70925 шаршы метр аурулардан жайсыз 295 аулаларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге ауданда 44 мал қорымы бар. Жыл сайын аудандық бюджет есебінен мал қорымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

2015 жылы аудан аумағындағы 33 елді мекенде мал қоршаулары салынды, қалған елді мекендерде мал қоршауларын салуды ұйымдастыру келесі жылы жалғасады.

Аудан бойынша жергілікті бюджеттен қаңғыбас ит, мысықтарды аулап жою жұмыстарына қаржы бөлінді. Барлығы 605 ит, 3 мысық ұсталынып, жойылды.

2015 жылдың 12 айында ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 5010 ветеринариялық анықтама, 25280 ветеринариялық паспорт, 25 ветеринариялық қорытынды берілді.

Аудан аумағында 4 мал сою пункті, 17 мал сою алаңдары қызмет көрсетуде.

Аудан аумағындағы сібір жарасы көмінділерінің тіркелген 21 орындары анықталып, көмінділердің жер учаскелерін заңнамалық тәртіппен рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп, 16 көміндінің жер актілері алынды.



Жерді пайдалану
Күршім ауданының аумағындағы барлық жер көлемі 2015 жылдық есеп бойынша 2 млн. 319 мың 886 гектарды құрайды. Соның ішінде: 1802 шаруа қожалығына ауданы 310 мың 822 гектар, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 12 мемлекеттік заңды тұлғаларға жалпы алаңы 31 мың 562 гектар, өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де мақсаттағы жерлер, ерекше қорғаудағы жер, су қоры, орман қоры, елді-мекен жерлеріне 873 мың 807 гектар жер телімдері бекітіліп, босалқы жер санатына 1 млн. 103 мың 695 гектар жер телімдері бар.

Жерді тиімді пайдалану үшін барлық шаруа қожалықтарында шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы болуы қажет. Осыған байланысты аудан бойынша барлық ауылдық округтерді аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ірі шаруа қожалықтарының басшыларына шаруашылық ішінде жерге орналастыру жобасын дайындату үшін ұсыныс хаттар беріліп, талап орындалмаған жағдайда, жасасқан жалға алу туралы келісім-шарт біржақты бұзылатын туралы хабардар етілді.

Аудан бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы шаруашылық құрылым иелерінің иелігіне берілген ауылшаруашылық жерлері түгендеуден өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен 47 шаруашылық құрылымдарымен жасасқан жалға беру туралы келісім-шарттарды бұзу арқылы 15,3 мың гектар жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде 2,3 гектар суармалы егіндік жер телімдері.

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен нарықтық айналымға енгізу үшін конкурс арқылы жалпы ауданы 30,1мың гектар ауданымен 83 жер телімдері табысталды, осының арқасында жаңадан 30 шаруа қожалықтары құрылып, жаңадан жұмыс орындарын ашуға ықпалын тигізді. Қалған жер телімдері жұмыс істеп отырған шаруа қожалықтарының кеңеюіне байланысты жер телімдері жеткіліксіз болғандықтан қосымша табысталды. Оның ішінде: ауданы 21 мың 490 гектар 41 жер телімдері ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді 49 жылға, ауданы 8 мың 581 гектар 39 жер телімдерін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы сатылып, жергілікті бюджетке 9 млн. 844 мың теңге түсірілді, ауданы 28 мың гектар 2 жер телімі шаруа қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке сатылып, республикалық бюджетке 1 млн. 590 мың теңге түсірілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ауылшаруашылығы жерлерін шаруашылық құратын тұлғаларға жеке меншікке сатып беруді өндіріске енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылы 4 шаруашылық құрылым басшысына 80,3 гектар жер телімі 608,4 мың теңгеге жеке меншікке сатылып берілді. Сондай-ақ, елді-мекендер аумағынан 2015 жылы 1,4 гектар жер телімі 10 коммерциялық құрылым иелеріне 1 млн. 77 мың теңгеге жеке меншікке сатылды.

Жалпы 2015 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 11,1 млн.теңге қаражат түсті.



Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 айда 1 млрд. 939,9 млн. теңгені құрады.
Инвестиция
Аудан экономикасына 11 айда 2 млрд. 203,4 млн теңге инвестиция тартылды.
Шағын бизнес
«Қазақстан-2050» стратегиясында шағын және орта бизнесті қолдау мен ынталандырудың кешенді шараларын атқара отырып, кәсіпкерлікті ұлттық экономиканың жетекші күшіне айналдыру тапсырылған. Ауданда өнеркәсіп тауарлары мен азық-түлік тауарларын сату, жолаушы және жүк тасымалдау, тұрғындарға қызмет көрсету және тағы басқа істерді толығымен шағын және орта бизнес өкілдері атқарады.

Кәсіпкерлік субъектілерді нығайтуға, бизнес қауымдастықтарды ынталандыра отырып, қолдаудың тиімділігін арттыруға септігін тигізу үшін кәсіпкерлердің ұлттық палатасының ауданда филиалы ашылды.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2015 жылдың 1 желтоқсанына шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1941. Оның ішінде: заңды тұлғалардың саны – 76, патентпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны – 540, жалпы режим бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар – 65, шаруашылық қожалықтары – 929 және жеңілдетілге декларация негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар саны – 331 адамды құрады.

Күршім ауданында 169 азық-түлік дүкені, 89 шаруашылық тауарлар дүкені, 3 сауда базары, супермаркет, 3 сауда үйі жұмыс істейді. Оның ішінде: 4 сауда дүкені, супермаркет 2015 жылы ашылды.


Ауылдық жерде кәсіпкерлікті несие беру арқылы дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы жеңілдіктерді ауданның 2 кәсіпкері пайдалануда. Қалжыр ауылындағы «Мадияр» және Ұрунхайка ауылындағы «Береке» шаруа қожалықтары алған несиелерінің пайыздық үстемеақысының 50 пайызы субсидияланып, қойылған кепіл мүліктерінің жартысына мемлекеттік кепілдеме берілді.

Бөлшек сауда
Бөлшек сауда айналымының көлемі 11 айда 4592,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өсіп, нақты көлем индексі 100,8 пайызды құрады.


Инженерлік инфрақұрылым, құрылыс
Күршім ауданы бойынша 301 км аудандық маңызы бар, 551 км облыстық маңызы бар, 76 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бар.

Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолындағы 114-124 шақырым жолына жөндеу жұмыстары, облыстық маңызы бар «Күршім-Қалжыр» автомобиль жолының 55-115,2 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы 53 елді мекеннің 66 пайызы, немесе 35 елді мекені жолаушы тасымалымен қамтылған.

2015 жылы Күршім ауылында, 18 көше жолдарына 1900 м2 шұңқырларды жамау, Тоқаев көшесіне 3 шақырым орташа жөндеу, Исабекова көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары, Б.Момышұлы, Абылайхан көшелерін абаттандыру, жол кеңейту, тротуар орнату жұмыстары жүргізілді. Теректі ауылы Заречная көшесінің 1 шақырымына ағымдық жөндеу, Абылайхан көшесінің абаттандыру, тротуар салу жұмыстары жүргізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Күршім ауылына Барақ батыр ескерткіші орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Күршім ауданы халқын таза ауыз сумен қамту басты назарда. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде сапалы орталықтандырылған ауыз су пайдаланатын елді-мекен саны – 21 немесе тұрғындардың 61,3% құрайды. Орталықтандырылмаған су көздерінен ауыз су пайдаланатын халықтың үлесі – 35,7%, ашық су пайдаланатын халықтың үлесі - 3%.

Аудан бойынша 1671 км электр желілері, 18 дана-подстанциялар, 391 дана-ТП және КТП-лар бар. 2015 жылы аудан бойынша 94,8 шақырым электр желілер жөнделді. Аудан орталығында 29 энергоүнемдейтін шамдар, аудан бойынша 104 жарық шамдары орнатылды. Электр желілеріне қосылмаған елді-мекендерінен шалғай жатқан фермаларда, жайлауда шағын күн сәулелі шатырлар қолдануда.

Ауданда соғыстан оралмай қалған боздақтар мен із түзсіз кеткен шейттерге арналған «Даңқ меморалы» ашылды. Күршім ауданы бойынша 5315 Ұлы Отан соғысынан қайтпай ерлік үшін қаза болған аталарымыздың есімдері жазылған тақталармен бірге ауданнан шыққан кеңес одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртістер, генералдар, профессорлар, облыста, республикада басшылық қызмет атқарған қайраткерлер есімдері жазылған 42 тақта орнатылды. Бұл «Даңқ меморалы» елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлердің ерлігін бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағы ешқашан ұмытпау, мәңгілік есте сақтау үшін қойылып Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып ашылды.

2015 жылы ауданда Ақжайлау ауылындағы 80-орындық мектеп және Сарыөлең ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді.

2015 жылдың қаңтар-қараша айларында 1880 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, құрылыс жұмыстарының көлемі 1562,6 млн.теңгені құрады.
Ішкі саясат
Күршім ауданында барлығы 14 мешіт тіркелген, барлығының бағыты - дәстүрлі ислам діні. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 2012 жылы барлық мешіттер мемлекеттік тіркеуден өткен.

Ағымдағы жылы аудандық және облыстық ақпараттық-насихат тобы мүшелері радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына ұшырамаған тұрғындар, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ, бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуының алдын алу мақсатында, 2015 жылы ауданның 20 елді мекенінде болып, барлығы 33 кездесулер өткізді. Кездесулерге жоғарғы сынып оқушылары, жастар, әскери бөлім сарбаздары, аудан активі, мекеме, ұйым қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, оралмандар, жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер қатысып, барлығы 2140 адам қамтылды. Атап айтқанда, биылғы жылы Күршім, Сарыөлең, Бірлік, Барақ батыр, Бурабай, Қойтас, Ақбұлақ, Алтай, Қарой, Қайнарлы, Теріскей-Бөкенбай, Қаратоғай, Боран, Қарашілік, Былғары-Табыты, Қалжыр, Оң жақ Қалжыр, Ақши, Қазақстан, Жаңаауыл, Алғабас, Теректі ауылдарында ақпараттық топ түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Күршім ауданындағы 14 мешіттің 11-інде бүгінгі күні 12 имам қызмет атқарады.

Дәстүрлі құндылықтарға дағдыландыру, діни тұрақтылықты сақтау, қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруды бұқаралық құралдары арқылы насихаттау мақсатында аудандық «Рауан»-«Заря» газетінде «Имандылық» атты айдар ашылып, онда айына 1 рет тұрақты түрде мақалалар жариялануда. 2015 жылы барлығы 32 мақала газет беттерінде, аудан әкімінің веб-сайтында жарық көрді.


Қоғамдық ұйымдар
Ауданда қоғамдық кеңес, ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, «Жан шуағы», «АРС» сияқты қоғамдық ұйымдар барлық шараларға белсене қатысып ат салысып отырады.

Күршім ауданында 4060 зейнеткер бар, оның 3945-і аудандық ардагерлер ұйымының құрамында, оның ішінде: ҰОС-на қатысушылар – 3, тыл ардагерлер – 610, жалғызбастылар – 340, оның 87-сі әлеуметтік қызметкерлерге бекітілген.

Аудандық ардагерлер ұйымының құрамын 47 бастауыш ұйымы құрайды, оның 7-уі еңбек ұжымдарында, 40 елді-мекендерде.

Аудандық ардагерлер ұйымы өз жұмысын аудандық әкімшілік, «Нұр Отан» партиясы, аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімдері, ауылдық округтер, еңбек ұжымдары, мекеме басшыларымен тығыз байланыста жүргізеді.

2015 жылы аудандық ардагерлер ұйымы Кеңесінің отырысы 8 рет өткізіліп, онда 22 мәселе қаралды. Атап айтқанда: Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талдау, «Аудандық ардагерлер ұйымының 2014 жылғы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралардың орындалуы», «Бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп-беру жиналыстарын өткізу», «Қарттар айлығын өткізу», «Ардагерлер ұйымдарында өткен есеп-беру жиналыстарының қорытындысы», «2016 жылдың баспасөзіне жазылу туралы» т.б. мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ұлттық телеарна
Бүгінгі күнге аудан бойынша сандық спутниктік қабылдағыштар орнатқан отбасылар саны 3654-ке жетті. Бұл пайыздық көрсеткішпен жалпы аула санының 52 пайызын құрайды. Оның ішінде 3631-і жеке тұлға болса, 23-і заңды тұлғалар. 2015 жылдың басынан бері 636 абонент қосылды. «Сұр тарелкалар» саны-38. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Күршім аудандық филиалы бойынша «ID TV» қосқандар саны-205.

«Қазақстан Республикасының сандық телетаратудың ұлттық желісі» жобасымен бекітілген 2013-2017 жылдарға «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Құйған радиотелевизиялық бекетінде және Теректі, Боран, Маралды, Ақбұлақ, Үшбұлақ, Бурабай, Қыстаукүршім ауылдарында сандық тарату құрылғысы орнатылған.

Ауданның «Қазақстан», «Хабар» ұлттық телеарналарын көрсетпейтін елді мекендерінің барлығына «Қазтелерадио» АҚ ұйымдастырған акциялар арқылы арзандатылған бағамен «OTAU TV» орнатылған. Бүгінге «Қазақстан», «Хабар» телеарналарын көрсетпейтін елді мекендер жоқ. «OTAU TV» ұлттық телеарнасын насихаттау бойынша 4 баннер ілініп, аудандық газетте 5 мақала жарық көрді.
Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарына негізделеді. Жастар орталығының мақсаты - жастарға дұрыс тәрбие беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, жастар арасындағы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында жастар қоғамдық ұйымдарындағы, білім мекемелеріндегі және еңбек коллективіндегі жастарды іс-шараларға тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Күршім ауданында халық саны 27315, оның ішінде 14-29 аралығындағы жастар саны - 6424, яғни халық санының 23 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде ер балалар -3782, қыздар - 2462. Осылардың ішінде 3250 жас аудан орталығының өзінде тұратын болса, 3174 жас ауылдық округтерде тұрады. Жас мемлекеттік қызметкерлер саны 25, жас кәсіпкерлер саны 38, жастар басқаратын шаруа қожалықтар саны 17. Күршім ауданы бойынша 12 ауылдық округте 12 жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар жұмыс атқаруда.

Ауданда «Жас Отан» жастар қанаты, «АРС» (ауылдың рухы самғасын) үкіметтік емес жастар ұйымы бар. «Жас Ұлан» ұйымына -2936, «Жас қыран» ұйымына-1314 мүше қабылданды.
Мәдениет саласы
Күршім ауданы бойынша 28 клуб, 22 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Сондай-ақ аудандағы мәдениет мекемелерінде барлығы 104 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Соның ішінде 48 үйірме балалар мен жасөспірімдерге арналған. Аудан бойынша 10 «халықтық», 2 «үлгілі» атағы бар ұжымдар жұмыс істейді. Жыл көлемінде 1725 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 298219 көрерменді қамтыды.

Аудан кітапханаларындағы кітап қоры 179129 дана, оның ішінде қазақшасы 97368 дана. Кітап қоры 3020 жаңа кітаптармен толықтырылды.

Биылғы жыл еліміз үшін айтулы мерекелерге толы жыл. Ол, Қазақстан Республикасы халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы. Күршім ауданы әкімінің 16 ақпан 2015 жылғы №5-ө өкімімен бекітілген «Тарихи-тағылым-болашаққа мұра» атты аудандағы мектеп оқушылары арасындағы көркемөнерпаздар байқауы ақпан-сәуір айларында барлық округтер мен орта мектептерде болып өтті. Осы айтулы даталарға байланысты ережеде көрсетілгендей жанрдың барлық түрлері концерттік бағдарламада толығымен қамтылды.

Аудандық және ауылдық кітапханалар мен клубтарда айтулы мерекелерге байланысты әртүрлі тақырыптағы кездесу кештері, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер және концерттік бағдарламалар өткізілді.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес 2015 жылы 18 іс-шаралар өткізілді.
Білім саласы
Ауданда барлығы 43 мектеп бар, оның ішінде 23 орта, 17 негізгі орта, 3 бастауыш мектептер.

2014-2015 оқу жылында 11 сыныпты 256 оқушы бітіріп, 177 оқушы Ұлттық бірыңғай тестке қатысты. Мектепті «Алтын белгі» төсбелгісіне 5 түлек, «Үздік аттестатқа» 4 түлек аяқтады. ҰБТ қорытындысы бойынша аудан көрсеткіші 87,6 баллды құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 11,2 баллға жоғарылады. Биылғы түлектердің 227-сі оқуға түсті, олардың ішінде жоғары оқу орындарына – 123, колледждерге – 104 оқушы. 128 түлек мемлекеттік грантқа ие болды.

Білім беру саласын материалдық-техникалық жабдықтау басты назарда. 2005-2015 жылдары аудан бойынша 112 жаңа кабинет сатып алынды, мектептердің жабдықталуы 65,5 пайызды құрайды. Оның ішінде физика – 30, мультимедия – 34, химия – 25, биология – 23 кабинет.

2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Қаратоғай, Ақбұлақ, Сарыөлең орта мектептерінің ғимараттары ағымдағы жөндеу жұмыстарына, Мөнекей орта мектебінің спортзалының шатыры мен еденін ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат Бірлік негізгі орта мектебі, Күршім № 5 орта мектебі, Балалар шығармашылық үйі, Күршім балабақшасы, «Болашақ» балабақшасы ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалды.

Ағымдағы жылы Ақжайлау негізгі орта мектебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қолданысқа берілді, Үшбұлақ орта мектебінің құрылысы жалғастырылмақ.

Білім беру сапасы сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады. 2015-2016 оқу жылында білім беру сапасын жаңа көзқарас тұрғысынан түсіне отырып, ауданда 853 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде 740 мұғалім жоғары, 113 арнайы орта білімді. Аудан мектептерінде 81 жоғарғы, 331 бірінші, 230 екінші санатты мұғалімдер қызмет етеді. 141 оқытушы деңгейлік курстан өтіп, сертификат алды.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 4384 оқушы толық ыстық тамақпен қамтылды.

«Ел болашағы – білімді жастардың қолында» деген қағида негізінде 2015 жылы 27 жас маман аудан мектептеріне жұмысқа орналасты. Олардың алтауы аудан әкімінің грантымен жоғары оқу орындарын тәмамдаған.

Сонымен қатар осы бағдарлама аясында 147 спорттық үйірмелерге 2834 оқушы тартылған. Аудан мектептеріндегі 11 хоккей қораптарында 160 оқушы спортпен айналысады.

«Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 4 балабақшада 470 бала, 38 шағын орталықта 915 бүлдіршін мектепалды тәрбиемен қамтылған. Шағын орталықтардың 23-і толық мерзімдік, 15-і қысқа мерзімдік. Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы барлық 1385 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Биылғы жылы Ақсуат орта, Жаңаауыл, Шеңгелді негізгі орта мектептеріндегі қысқа мерзімді шағын орталықтар толық мерзімді шағын орталықтарға ауыстырылды.

Ауданда 1652 аз қамтылған жаңұя балаларының ішінде 25 жетім, 41 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 33 патронаттық тәрбиедегі балалар бар. «Мейірім» акциясы аясында білім беру мекемелеріне, ауылдық округ әкімдеріне, жеке бөлімдерге, кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге осы санаттағы 61 бала қамқоршылыққа алуға бекітіліп беріліп, балалардың тұрғын үй жинақ банктегі есепшоттарына қаржы аударылып отыр.

Сонымен бірге «Ризашылық» акциясы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 1,4 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

Жаз айларында демалыс пен сауықтырумен 4407 бала, туристік саяхаттармен 4890 бала, еңбекпен 3260 бала қамтылды.


Денсаулық сақтау саласы
Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасы, Теректі ауылдық ауруханасы, 9 дәрігерлік амбулатория, 38 медициналық пункт, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 2 елді мекенде үйде көрсетілетін медициналық мекемелерде 66 дәрігер, 239 орта медицина қызметкері тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2015 жылы емдеу мекемелері 3 дәрігермен және 2 медбикемен толықтырылды.

Жас бөбектер өлімі көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 25 пайызға азайып, 1 баланы құрады. Туберкулез ауруының асқынған түрі, туберкулезбен өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Профилактикалық тексеру қорытындысы бойынша 2015 жылы тексеруге жатқызылған адамдар 100 пайызға тексерілді.

Денсаулық сақтау саласына 2015 жылы 776,4 млн.теңге бөлінді. 29,8 млн. теңгеге медициналық қондырғылар алынып, қамтамасыз етілу деңгейі 78,6 пайызды құрады (2014 жылы - 76%).

Тұрғындарға 10 дәріхана, 34 елді мекендегі медициналық пункт арқылы 95 млн.теңгенің тегін дәрі -дәрмектері таратылды.

2015 жылы ауруларды ерте анықтау мақсатында балаларды, ересектерді профилактикалық тексеру, скринингтік зерттеу жалғасуда. Ересектер қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруына, глаукомаға, асқазан-өңеш қатерлі ісігіне, сүт безі, ішек, қуық асты қатерлі ісіктеріне тексеріліп, сауықтыру шаралары жүргізілуде.



Спорт
Бүгінгі күні ауданда спортпен халықтың жүйелі түрде шұғылдануы үшін, қолжетімді 195 спорт объектісі бар. Оның ішінде: 34 спортзал, 11 хоккей қорапшасы, 2 стадион, 4 жасанды жабындысымен кіші футбол алаңдары және 143 жазық жердегі спорттық құрылғылар бар. Аудандағы білім мекемелеріндегі 28 спортзал сабақтан тыс мезгілде және сенбі, жексенбі күндері тұрғындардың спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін тегін беріледі.

2015 жылы осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 8263 адамды, яғни аудан халқының 30 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың деңгейнде қалды.

Аудан спортшылары 2015 жылдың 12-16 маусым аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен ХІХ облыстық халықтық ойындарға спорттың 22 түрінен қатысып, спортшылар жүлделі орындарға ие болды. Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында аудан командасы 1 орында иеленді.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтармен түрлі спорттық жарыстар өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы жұмыстар нәтижесінде республика біріншілігінде параолимпиадалық ойындарда пауэрлифтингтан жерлесіміз А.Құнапиев Қазақстан чемпионы атанып, бүкілдүниежүзілік параолимпиадалық ойындарға жолдама алып, Ресейдің Сочи қаласында 3 орынды иеленді.

Елбасымыз алға қойған салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табуда. Кешкі мезгілдерде аптаның әр күніне бекітілген кестелер бойынша спорттық үйірмелер, секциялар жұмыс істеуде. Осы үйірме, секция жұмыстарын жүргізуге ауылдық округтердегі 12 спорт нұсқаушылары, 74 дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, 33 балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары тартылды. Аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін биылғы жылдың 12 айында 160 спорттық шара өткізілді. Мектептердегі спорт үйірмелерінде 2834 оқушы спорттың волейбол, футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, стол теннисі, тоғызқұмалақ, шаңғы, шайбалы хоккей, гір спорты, қол күресі, қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес түрлерімен шұғылданады.

Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 988 бала спорттың 9 түрімен шұғылданады.

2015 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне орай аудан орталығында балалар-жасөспірім спорт мектебінің негізінде күніне 384 адам қуаттылығымен спорт кешені ашылып, жұмыс істеуде.
Әлеуметтік сала
Жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1186 адам келіп, 1059-сы тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 89,3% құрады (2014 жылы -68,1%) жылдық жоспар асыра орындалды. 2015 жылға барлығы жұмыспен қамту картасы бойынша 633 жаңа жұмыс орнын ашу межеленіп, 683 жаңа жұмыс орны ашылды (2014 жылы -928). Жыл көлемінде 540 адамды ақылы қоғамдық жұмысқа жіберу жоспарланып, 540 адам жіберілді (2014 жылы -540). 01.01.2016 жылға тіркелген жұмыссыздар саны -105 адам (01.01.2015 жылы -105). Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,6% құрады (2014 жылы -0,6%). Кәсіптік даярлыққа 30 (жоспар-30), жастар практикасына 26 (жоспар -20), әлеуметтік жұмыс орындарына 22 (жоспар -22) жұмыссыз жіберілді.

Күршім ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының 1864 мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 19450,8 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.

2015 жылы аз қамтылған 470 отбасының 1302 баласына 23,4 млн.теңге балалар жәрдемақысы, 17 отбасына (72 мүшесіне) 2,9 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 474 отбасына 11,4 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда балалар жәрдемақысын алушылардың саны 78 отбасына немесе 14,2 пайызға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3 отбасына немесе 15 пайызға, тұрғын үй көмегін алушылардың саны 55 отбасына немесе 10,4 пайызға ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздардың тұрақты жұмысқа орналасуы, өзін-өзі қамтитындардың қосалқы шаруашылықтарының дамуы, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына белсене қатысуының арқасында азайып отыр.

Аз қамтылған 77 адамға, туберкулез аурумен ауыратын 24 адамға 3,2 млн.теңге біржолғы материалдық көмегі төленді. «Өрлеу» бағдарламасына 23 отбасы қатысқан 122 адамға 9,4 млн.теңге ақшалай көмек көрсетілді.

Ауданда бүгінгі күні 1193  мүгедек, оның ішінде: 1 топтағы - 80, 2 топтағы - 537, 3 топтағы - 491 және 85 бала жастан мүгедектер бар.

Елді мекендерде арбамен жүретін - 42, көздері нашар көретін - 38, құлағы естімейтін - 23, протездік –ортопедиялық жабдықтарды қажет ететін - 30 мүгедек тұрады.

37 интернационалист-жауынгерлерге, Чернобыль апатына қатысқан 16 адамға, ядролық сынақтан зардап шеккен 3 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төленіп берілді.

697 Батыр ана мен 326 көп балалы аналарға 10949,2 мың теңгенің материалдық көмегі төленіп берілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы құрметіне арналған біріңғай мерекелік медаль ҰОС ардагерлеріне, ардагер жесірлеріне, Ерен Еңбегімен марапатталғандарға, ҰОС жылдары тылда 6 айдан жоғары жұмыс істеген тыл ардагерлеріне барлығы 561 адамға тапсырылды.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына орай аудан бойынша:

-ҰОС қатысушылары мен мүгедектері – 3 адамға 500,0 мың.теңге;

-соғыс уақытында қаза тапқан 1 жауынгердің жесіріне 160,0 мың теңге;

-соғыстан кейін қайтыс болған 32 жауынгерлердің жесірлеріне 25,0 мың теңгеден;

-«Ерен Еңбегі» үшін бұрынғы КСР Одағының медалімен марапатталған – 25 адамға 58,0 мың теңгеден;

- ҰОС жылдары тылда 6 айдан жоғары жұмыс істеген тыл ардагерлері – 488 адамға 25,0 мың теңгеден төленді.

Отбасын әлеуметтік және демографиялық дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 2015 жылы төртінші баласын дүниеге әкелген 40 анаға 50,0 мың теңгеден біржолғы жәрдемақы төленіп берілді.

Мүгедектер мен зейнеткерлерге денсаулықтарын түзеп, демалуларына шипажайларға жолдама беріледі. 2015 жылдың 12 айында 45 зейнеткер, оның ішінде – 4 мүгедек, 35 тыл ардагері, 6 Батыр ана иегері емделіп келді.

Жүріп тұруы қиын 1 топтағы 11 мүгедекке 3 жеке көмекші жекелей қызмет көрсетеді.

Күршім ауданы бойынша жыл басынан бері 15 протезді ортопедиялық құралдар, 2 бөлмелік арба, 7 серуен арба, 1 мүгедек балаға көпфункционалды арба, көзі нашар көретін 8 мүгедекке -тифлосағаттар, 7-тифлотаяқ, 6-ұялы телефон, 2 мүгедек балаға видеокомпьютер, 1 телефакс, 8 тифломагнитафон, 3 сурдосағат, 6 диктофон, 57 мүгедекке гигиеналық жабдықтар берілді.
Әкім грантында оқитын студенттер туралы
Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында әкім грантымен оқып жүрген студенттер саны 28, оның 20-ы Семей медициналық университетінде, 8-і Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы университетте оқиды. Оқу бітіріп, ауданымызға келіп, өз мамандығы бойынша 7 дәрігер, 34 мұғалім жұмыс істеп жүр.

2015 жылы медициналық университеттен 2 дәрігер, педагогигалық университеттен 6 мұғалім жоғарғы оқуларын бітіріп, барлығы 8 адам ауданға жұмыс істеуге келді.

Оқуға, стипендияға, жатақханаға қаражат бөлінген, толығымен төленіп берілді.
Жұмыспен қамту орталығы
Күршім ауданына 2011-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 333 жобаның ашылуына 398 адамға 885,3 млн.теңге шағын несие беріліп, 523 жұмыс орны ашылды. Соның ішінде «Ертіс» акционерлік қоғамынан 27 несие серіктестігі арқылы 337 адамға 728,9 млн.теңге несие берілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 61 адамға 156,4 млн.теңге несие берілді. Бағдарлама арқылы 17 наубайхана, 10 техникалық қызмет көрсету, 20 қызмет қөрсету, 4 шаштараз, 7 тігін цехы, 6 аспазхана, 8 қонақ үй және туризмді дамыту, 8 ағаш өндеу цехы, 11 балық өндеу цехы, 2 май шығару цехы, 2 сүт өндеу цехы, 1 пима басу цехы, 1 ет өндеу цехы, 2 қасапхана, 17 жүк және жолаушы тасымалдау, 4 егін шаруашылығы, 19 омарта шаруашылығы, 20 шағын құс фермасы, 5 қымыз өндіру және 169 мал шаруашылығы дамыту жобаларына несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 12 жас маман жастар іс-тәжірибесіне жіберілді.


Жастар орталығы
Аудан халқының барлық санынан жастардың үлесі 22 пайызды немесе 6424 адамды құрайды.

Еліміздегі жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған Жастар орталығы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін 21 кездесу, 2 акция, 9 дөңгелек үстел отырысы, 15 спорттық жарыстар, 1 дебат, 4 флеш-моб, 6 мерекелік кеш өткізілді. Барлығы 58 іс-шара өткізіліп, оған 8600 жас қамтылды.

Аудан орталығында «Жастар орталығы» ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта Орталық жұмыс жасауда.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 32 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді, оның ішінде: білім саласы бойынша – 28 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша – 4 маман.

Сонымен қатар осы бағдарлама аясында 8 маманға тұрғын үй несиесі беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: білім саласы бойынша - 6 маманға, денсаулық сақтау саласы бойынша - 2 маман.


Қоғамдық тәртіп
Ағымдағы жылдың 11 айында ауданда 238 қылмыс тіркеліп, тіркелген қылмыстың саны 33,7 пайызға өсті. Жалпы қылмыстардың ашылуы 78,1 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға артты.

Сонымен қатар, ауыр қылмыстардың саны 28,6 пайызға өсіп, 16 қылмыс тіркелді, қылмыстың ашылуы 77,8 пайызды құрады. Қоғамдық жерлерде жасалған қылмыс саны 22-ден 24-ке, бұрын сотталғандардың жасаған қылмысы 5-тен 29 қылмысқа дейін өсті.

Жалпы ұрлық, сондай-ақ мал ұрлығы саны азайғаны байқалады. Жалпы ұрлық былтырғы жылмен салыстырғанда 6 бірлікке азайып, 80 қылмысты құрады, мал ұрлығы 4,5 пайызға азайып, 21 қылмыс тіркелді.

2015 жылдың 11 айында есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бағытта бір шама жұмыстар атқарылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексының 296 бабы 3 бөлігімен – 2 қылмыстық іс анықталды, (2014ж.- 2), заңсыз айналымнан 16,420 грамм есірткі «марихуана высушенная» алынды (2014ж. - 2 құқықбұзушылық – 11,890 грам есірткі зат алынған).

Ауданда «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Қару», «Іздестіру», «Қауіпсіз жол» атты әр-түрлі жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. Қылмыстың алдын алу және аудандағы криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында рейдтік іс- шаралар өткізіліп, «Қызыл-Ту» паром өткелінде, «Қара Ертіс көпірінде» тәулік бойы бекеттер жұмысы ұйымдастырылды. Осындай жедел алдын алу іс-шаралар өткізу, аудандағы жедел жағдайдың тұрақтануы, қоғамдық тәртіптің сақталуына және азаматтардың қауіпсіздігіне оң нәтижесін тигізеді.

Көлік жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы жол көлік оқиғасының орын алуына әкеліп отыр. 2015 жылдың 11 айында 28 жол көлік оқиғасы орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 9 оқиғаға азайды. Жол көлік оқиғасынан 5 адам қайтыс болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 адамға азайды. Осы жағдайды түзеу мақсатында күнделікті сағат 16.00-ден сағат 24.00-ге дейін ауданымызда патрульдік жұмыстары жүргізілуде. Аудан тұрғандарын құлықтандыру үшін аудандық басылымдарға жол жүру ережесі бойынша мақалалар шығарылуда, тұрғындарға кітапшалар таратып беріліп, ауылдарда баннерлер ілінді.

Әкімшілік полиция қызметкерлерімен жол жүру ережесін бұзу деректері бойынша 2775 әкімшілік хаттама толтырылды (2014ж- 2742), оның ішінде 40 мас күйде көлік басқарғаны үшін (2014ж-69).

Қызмет көрсететін 835 шақырым жол бар, оның ішінде 77 км республикалық, 699 км облыстық, 59 км аудандық маңызды жолдар.

Бүгінгі күні аудандағы жолдарда тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша 43 нұсқама жолданды. Оның ішінде 14 аудандық жолдар, 27 облыстық жолдар, 2 республикалық жолдар бойынша.

Жөндеу жұмыстар өткізу туралы талаптарды орындамағандары үшін 8 лауазымды тұлға ҚР ӘКБтК-ның 631 бабымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Табиғатты қорғау полиция тобы 2015 жылдың 11 айында 125 әкімшілік хаттама толтырды, 88 адамға 911, мың тенге айыппұл салынды, олардың 879 мың тенгесі өндірілді. Заңсыз балық аулап, балық аулау ережесін бұзғандары үшін 78 әкімшілік хаттама толтырылып, 34 материал сотқа, 10 материал ветеринарлық инспекцияға жолданды.

Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің 2015 жылы өткен халықпен есепті кездесулерінде 7 сұрақ бақылауға қойылған.

Аудан әкімінің халықпен қорытынды есепті кездесуінде айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, 7 сұрақ бақылауға алынып, 5 сұрағы орындалды:

1) Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолындағы 114-124 шақырым жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2) Теректі ауылында су құбырларына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оралхан Бөкей көшесіне 420 метр жерге полиэтилен трубалар және 2 колонка, 2 гидрант орнатылды. Сондай-ақ Сейфуллина көшесіне 300 метр су құбыры, 1 колонка орнатылды. Құдайбердиева көшесіне 520 метр су құбырлары және 2 колонка орнатылды.

3) Теректы тірек ауылы бойынша инфрақұрылымды дамыту жөнінде 4 жоба жүзеге асып, 12 жұмыс орны ашылды.

4) Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік, экологиялық сараптама қорытындылары алынып, Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.

5) Теректі ауылдық округінің Мойылды ауылының жанындағы көпір ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Төмендегі 2 сұрақ бақылауда:

1) Боран ауылдық округінің Игілік ауылының атауын Бижігіт би ауылына өзгерту жөнінде барлық қажетті құжаттар жиналып, Шығыс Қазақстан облысының тілдер дамыту Департаментінің кезекті облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданды. 2015 жылғы 12 ақпандағы Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасы бойынша нысаналардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын өзгерту жұмыстары 2016 жылға дейін уақытша тоқтатылды.

2) Қажетті бюджеттік қаржының бөлінбеуіне байланысты Маралды ауылдық округінің Үшбұлақ аулының 80 орындық орта мектебінің құрылысының аяқталу мерзімі белгісіз. Облыс әкімінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 1/226 хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2016 жылға мектеп құрылысын жалғастыруға қаржы бөлу бойынша бүгінгі күні нақты шешім шыққан жоқ. Осы мәселені шешу бойынша облыс әкімінің орынбасары Д.Гариковке 2015 жылғы 9 желтоқсанында №6981 хат жолданды. 2015 жылдың 30 қарашадағы сот шешімі бойынша құрылысқа 196,0 млн.теңгенің қажеттілігі анықталды, шешім заңды күшіне енгеннен кейін облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік сұраныс жіберіледі.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет