Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ардагер энергетиктер мәжілісіне қатысушылардың біріккен коммюникесі



Дата09.06.2016
өлшемі32.5 Kb.
#124316
Астана қ. 2007 жылғы 22 қараша
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ардагер энергетиктер мәжілісіне қатысушылардың біріккен коммюникесі
22 қарашада Астана қаласында ТМД ардагер энергетиктерінің мәжілісі болды, қорытындысында делегация басшылары Біріккен коммюникеге қол қойды. Төменде құжаттың толық мәтіні беріледі:

2007 жылғы 22 қарашада Астана қаласында ҚР Президентінің әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының және «KEGOC» АҚ қолдауымен ТМД энергетика саласы ардагерлерінің кезекті мәжілісі болып өтті, оған Ресейден, Украинадан, Беларусиядан, Молдовадан, Өзбекстаннан, Қырғызстан және Қазақстаннан делегация қатысты.

Мәжіліске мемлекеттік орган билігіндегі және ұлттық компания өкілдер қатысты – ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Владимир Школьник, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Баталов, ҚР Парламенті сенатының депутаты Леонид Бурлаков, «KEGOC» АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиев, «Самрұқ-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Есберген Әбітаев.

Достастық, сындарлы, іскери жағдайда мәжілісте ТМД елдеріндегі электр энергетиканың жағдайы мен болашақтағы дамуының өзекті мәселесі кеңінен талқыланды. Делегация басшылары энергетиканың аға буынымен жинақталған ғылыми-гуманитарлық әлеуетін кеңінен және тәжірибелік қолдану қажеттігі туралы ортақ пікірлерін айтты.

Мәжіліске қатысушылар ТМД елдері экономикасының дамуының оң серпінін есепке алғанда энергияны тұтынуды ұлғаюының тұрақты беталысының жанжақты қадағаланатынын және жаңа энергетикалық объектілерді жаңғырту мен құрылысы мәселесінің ерекше өзекті болатынын нақтылай түсті.

Мәжіліске қатысушылар Қазақстандағы энергетика салысының реформалану үдерісін мемлекетке ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндігін беретін табысты және алдыңғы қатарлы деп сипаттады.

Ардагерлер ұйымының бұрынғы кездесулері нәтижесін жүзеге асыру үшін, делегация басшылары зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, оларды нарықтық үдерістерге тарту және ірі энергетикалық объектілердің құрылысы мен пайдалануында, жобалану кезінде олардың көмегінің қажеттігі туралы айтып жеткізді.

Кездесуге қатысушылар өздері сөз алғанда аға буынға ілтипат пен қамқорлық деңгейін көтеру қажеттігіне, энергетикалық кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары жағынан ардагер энергетиктер ұйымына қолдан келгенше көмек көрсетуге назар аударды.

Заманауи энергетиканың алдында тұрған міндеттердің өзектілігін сезініп, ТМД электр энергетикалық саласында болашағы үлкен жобаларды іске асыру кезінде ардагерлердің тәжірибесін іс жүзінде кеңінен қолдану қажеттілігі туралы жалпы пікір айтылды.

Мәжіліске қатысушылар кездесудің жемісті, тиімді болғанын және электр энергетика аясында ТМД елдерінің өзара тиімді ынтымақтастығының әрі қарай тереңдеуі мен кеңейуіне мүмкіндік туғызған жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін бірауыздан атап өтті.

Астана қаласындағы ТМД елдері ардагер энергетиктерінің мәжілісі қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:


  1. Байланысты жандандыру, ақпаратпен алмасу, саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибені жүйелендіру мақсатында ардагер ұйымдарының жұмысын жалғастыру.

  2. ТМД Электр энергетикалық кеңесінің Атқарушы комитетіне реттелген түрде ардагер ұйымдары басшыларының жұмыстық кездесулерін өткізу мен үйлесуін қарастыратын 2008-2009 жылдарға арналған мемлекетаралық шаралар жоспарына ТМД энергетика саласының ардагерлер ұйымын қосу жөнінде өтініш ету.

  3. Астана қаласындағы кездесу нәтижесін насихаттау және БАҚ-да материалдардың кеңінен жарық көруі мен жариялануына себептесу.

  4. Қазақстандағы кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдіру.

  5. 2008 жылы Тәшкент қаласында ТМД энергетика ардагерлерінің келесі кездесуін өткізу туралы ұсыныспен Өзбекстан Республикасының басшыларына өтініш ету.

Делегация жетекшілері:


Ресейден

«Ресейдің БЭЖ» РАО ОАО ардагерлер

кеңесі төрағасының бірінші орынбасары А.И.Майорец
Украинадан

Украинаның Аға энергетиктер кеңесі

Басқармасы төрағасының орынбасары И.И.Магда
Беларусьтан

Беларусь энергетикалық жүйесі

ардагерлер кеңесінің төрағасы В.В.Герасимов
Молдовадан

Молдованың Ардагер энергетиктер

кеңесінің мүшесі А.М.Костылев
Өзбекстаннан

Өзбекстанның Ардагер энергетиктер

кеңесінің төрағасы Г.М.Толмачев
Қырғызстаннан

Қырғыз энергетиктер Қауымдастығының

Хатшысы К.А.Оморов
Қазақстаннан

Энергетиканың ардагері, ҚР



дербес зейнеткері С.С.Нұрпейісов
Қазақстанның Электр энергетикалық

Қауымдастығы атқарушы директорының м.а. Р.У.Спанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет