Кураторлық сағАТ



Дата03.09.2023
өлшемі66.03 Kb.
#476430
бМ-11,1,09,202023


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коледжі» МКҚК

Бекітемін


Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары_______Заманбекова.А.З
20__ж “___”__________


КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ
Тақырыбы:Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт
Тобы: БМ-11
Топ жетекшісі: Шуматова Алуа Мұратқызы
Мамандығы: 01140100 «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілігі: 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
Көкшетау 2023

Н08.3.03 Басылым №3


ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Күні: 01.09.2023
Тобы: БМ-11
Қатысқандар: 25
Қатыспағандар:-
Оқытушы: Шуматова Алуа Мұратқызы


Тақырыбы: «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт»


І.Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты: Студенттерді қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; 


Міндеттері: Жаңа оқу жылының басталуына
байланысты білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, біліміне деген оң көзқарас, ұлтжанды, мінез-құлқы негіздерін қалыптастыру.

ІІ.Жаңа материалды баяндау


Оқытушы: Кіріспе сөз.
Құрметті студенттер! Бүгінгі біздің ««Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт»» атты кураторлық сағатына қош келдіңіздер!


Танысу. Шаттық шеңбері.

Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт мақсаты - білім беруді цифрландыру, ұлттық білім берудегі деректер қоры, мектептегі интернет, білім берудегі оқыту ресурстары, ақпараттық-коммуникативтік технология, электронды оқулықтар, мультимәдениетті орта қалыптастыру және мемлекеттік қызметтегі автоматтандыру.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінен үзінді ...
Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. Ұлтымыздың бірегейлігі бұл – оның табысты болуы деген сөз. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады. Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек.
Қазіргі кезде саналы ұрпақ тәрбиесі болашағымыз үшін ең асыл мұра, ең қымбат құндылық. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің қуатына тең келетін басқа пәрменді құралды да, рухани күшті де табу өте қиын. Ұрпақ тәрбиесіне жұмсалған күш-жігер, уақыт, еңбек – болашаққа деген ең маңызды инвестиция, ең ұтымды үлес.

Саналы ұрпақ – өзіндік және ұлттық сана сезімдері дамыған, ұлттық рухы жоғары, отбасылық, жалпыадамзаттық құндылықтарды жоғары бағалай алатын, әлемдік жаңалықтарға ашық, интеллектуалды әлеуеттері жоғары, бәсекеге қабілетті, еліне адал қызмет етуге дайын, ұлт болашағына жауапты ұлтжанды ұрпақ.

Миға шабуыл:
1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (БІ.Алтынсарин)
2. «Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан» өлеңінің авторы кім? (А. Кұнанбаев)
3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
4. Тілдер күні қашан тойланады? (22 кыркүйекте)
5. Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл Төлегенқызы)
6. Қазақстанның астанасы қай кала? (Астана каласы)
7. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан)8. Қазақтың педагог - ағартушы, алғашқы рет Қазакстанда қыздарга арнап
училище ашқан кім? (БІ Алтынсарин)
9. Қазак әліпбиінің негіздеуші кім? (А. Байтұрсынұлы)
10. Мемлекеттік рәміздер? (ту, елтаңба, әнұран)

ІІІ. Жаңа материалды бекіту


Викторина

- Білімге неге ұмтылу керек?


- Әділетті Қазақстан дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адалдық дегеніміз не?
- Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек?
- Табысты ұлт тураыл ойларыңыз?

Қорытынды
Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты. Міне, «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»» тақырыбындағы ой түйінді жалпы ел жастарына бағыттаймыз! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде еркін сөйлеп, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!
Рефлексия
Білім не үшін керек екен?
Білім, еңбекқорлық және отаншылдық деген ұғымдардың өз ара байланысы неде?
Білімді адам ғылым болады, еңбекқор адам – мысалы, жақсыспортсмен болады, ол алдымен адамның өзіне керек, екіншіден - еліне әкелетін пайдасы өте зор.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет