Курчатов қаласының 2006 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата01.07.2016
өлшемі106.34 Kb.
#169166
Курчатов қаласының 2006 жылдың 1 жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық дамуы
Курчатов қаласында 2006 жылдың 01 қаңтарындағы есеп бойынша тұрғындардың саны 10169 адамды құрайды, олардың ішінде 5001-і ерлер мен 5168-і әйел адамдар.2006 жылдың қаңтар-ақанында туған адамдар саны - 28, қайтыс болғандар 11 адамды құрайды. Табиғи өсім 17 адамды құрады. 14 неке тіркелсе, 5 неке бұзу жағдайлары тіркелген. 2006 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша Курчатов қаласында меншік нысаны, көлемі мен қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 113 кәсіпорынды құрайды, олардың ішінде шағын кәсіпорын саны - 99, орта кәсіпорын -10және 4 ірі кәсіпорын. Меншік нысаны бойынша тіркелген кәсіпорындардың жалпы санының 39-ы мемлекеттік меншік нысанындағы, 72-і жеке меншік, ал 2-і шетелдік меншік нысанындығы кәсіпорындар. Меншік нысаны, қызмет түрі мен көлемі бойынша әрекеттегі заңды тұлғалар саны 82 кәсіпорынды құрайды, олардың ішіндегі 68-і шағын, 10-ы орта және 4-і ірі кәсіпорындар. Меншік нысаны бойынша әрекеттегі кәсіпорындардың жалпы санының 36-сы мемлекеттік меншік нысандағы, 44 - і жеке меншік, ал 2-і шетелдік меншік нысандағы кәсіпорындарды құрайды.

Өнеркәсіп. 2006 жылдың қаңтар-наурызында салыстырмалы бағамен 77,6 млн.теңге сомасында тауарлық өнім өндірілді, өнеркәсіп өнімдерінің жеке көлемінің индексі 2005 жылғы деңгейге қарағанда 110,7 пайызды құрады. Тауарлық өнім қолданыстағы бағада 77,6 млн.теңге, сонің ішінде:

•өңдеу өнеркәсібі - 16,9 млн.теңге, өткен кезеңмен салыстырғанда 100,2 пайыз.;

•электр қуатын, газды және суды өндіру мен бөлу 60,2 млн.теңге, өткен кезеңмен салыстырғанда 113,2 пайыз.

•шағын бизнес 17,4 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,0 пайыз.



Ауылшаруашылық. Ауылшаруашылығының жалпы өнімін шығару ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 3,4 млн.теңгені немесе өткен жылдың осыған сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 165,0 пайызды құрады.Қала тұрғындарының шаруашылықтарымен 2006 жылдың 1 тоқсанында бордақыға 2106,0 мың теңге сомасында тірі салмақта 14,0 тонна мал мен құс сатылды, бұл көрсеткіштің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 254,5 пайызға өскендігін көрсетеді. 1168 мың теңге сомасында 47,4 тонна сүт сатылды (2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда 101,5 пайыз).15,8 мың теңге сомамен 1,9 мың дана жұмыртқа сатылды (100,0 пайыз). Ет және сүт өнімдерін өндіру мөлшері өнімді мал табыны мен құстың өсімі есебінен өсті. 2006 жылдың 01 сәуіріне мал басының саны: ірі қара мал - 1347 басты, олардың ішіндегі 469-ы сиыр, 188-і шошқа, 1436-сы қой-ешкі, 315-і жылқы, 10-ы түйе, 791 құс, олардың 280-і мекиен тауық.

Тұтыну нарығы. 2006 жылдың 1 тоқсанында бөлшек тауарайналым көлемі 105,5 млн.теңгені құрады, соның ішінде тұтыну тауарларын сату жеке тұлғалармен 101,2 млн.теңге есебінде, ал барлық меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдармен 4,3 млн.теңге есебінде болды. Барлық сату орындары бойынша бөлшек тауарайналым көлемінің өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 103,8 пайызды құрады.Көтерме тауарайналым мөлшері 2 млн.теңгені құрады.

Еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер. 2006 жылдың қаңтар-ақпанында Курчатов қаласында қала кәсіпорындары мен ұйымдарында жалдамалы жұмысшылар саны 3290 адамды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 107,6 пайызды құрады. 2978 адамға еңбек ақы есептелді, өткен жылдың бұл сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,4 пайыз. Орта және ірі кәсіпорын жұмысшыларының орта айлық еңбек ақысының мөлшері 40087 теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 126,2 пайызды құрады.

Инвестиция. Курчатов қаласы бойынша негізгі қорға инвестицияларды игеру 2006 жылдың қаңтар - наурызында 423,6 млн.теңгені құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,3 есеге өсімді құрады. Кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен 388,4 млн.теңгені құраса, шетел қаражаттары есебінен 35,2 млн.теңгені құрады. Негізгі қорға жалпы көлемдегі ивестициялардың үлесті салмағы 2,6 пайызды құрайды. Құрылыстық - жөндеу жұмыстары 163,7 млн.теңге сомада болды, бұдан өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 496,3 есе көп болғандығын көруге болады.

Құрылыс. 2006 дылдың қаңтар-наурызында Курчатов қаласы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу 421 шаршы метрді құрады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары бойынша 2005 жылы Курчатов қаласы бойынша экономикалық белсенді тұрғындар саны 5718 адам, экономикалық белсенділік деңгейі 73,2 пайыз. Жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 5318 адам, соның ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 4708 адам болса, өз күштерімен жұмыспен қамтылғандар саны 610 адамды құрайды. Жұмыссыздар саны 400 адам, жұмыссыздық деңгейі 7,0 пайыз. Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар саны 2096 адам, экономикалық белсенді емес тұрғындар деңгейі - 26,8 пайыз.

Қоғамдық - саяси жағдай

Есеп беру уақыты

Елбасының тапсырмаын орындау үшін жаңа жылды қала әкімінің атқарылған жұмыстар жөніндегі тұрғындармен есептік кездесуінен бастау дәстүрге айналды. Тәжірибе көрсеткендей, дәл осындай кездесу түрлері атқарушы билік органдарының жұмысын бағалаудың басты белгілері болып табылады. Осындай кездесулерді ұйымдастыру мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының сапалы да жаңа кезеңінің куәсі болып табылады және жүргізіліп отырған саясат туралы халықты дұрыс ақпараттандыруға, қаланың өзекті мәселелеріне дер кезінде тұрғындардың назарын аударуға мүмкіндік береді. 8, 10 және 15 ақпанда қаланың білім беру, денсаулықсақтау және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық сияқты жүйелерінің өкілдерімен үш есептік кездесу болды. Қала әкімі Әнуәрбек Мұхтарханов өз есебінде тұрғындарды қала дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен, сондай-ақ Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыспен таныстырды, өткен жылғы қала халқының өтініш - тілектерінің қалай орындалғандығы жайлы айтты. Жақсы, жаман жақтарын атап көрсетті. Күнделікті көкейтесті мәселелерден бір сәтке арылған қала әкімі өткен жылдағы басты жаңалық - еліміздің Президент сайлауы туралы, жаңа үкіметтің құрылғандығы және алдағы жылдарға экономикалық даму жағдайлары белгіленгендігі жайлы атап өтті.

Біздің қаламыздың қазіргі өміріне қатысты мәселеге келсек, қала дамуындағы маңызды көрсеткіштер қатарының елеулі түрде жақсарғандығын айтуға болады. Шағын бизнес кәсіпорындарының көпшілігінің қаржылық жағдайы тұрақтана бастады. Нарықтық экономика өсімінің тұжырымдарын көрсететін шағын кәсіпкерлік субъектілерден салықтық түсімдердің жалпы көлемі өсті. Бұл жағдай әлеуметтік индикаторлардың жақсаруына әсер етпей қойған жоқ, мәселен, қалада орта айлық еңбек ақы 16,2 пайызға өсіп, 34 мың 898 теңгені құрады.

Сонымен қатар, қала жұртшылығын елді мекенді абаттандыру мәселелері, тұрмыстық-коммуналдық аруашылық мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызмет тарифтері, қазақ мектебін ашу, ҰБТ өткізу, сауда жәрмеңкелерін өткізу және т.с.с. сұрақтар толғандырады.

Ең өзекті мәселе - тұрғын үй мәселесі. Бұл жағдайда да алға басушылық байқалады: 2005 жылдың соңында жалпы аумағы 634 шаршы метр болатын 4 үй пайдалануға енгізілді; 30 үйдің арматурасына тексеру жүргізіліп, кейбіреулері ауыстырылды. Тұрғын үй қорының 27 пәтерлерінде сумен жабдықтау жүйесі ауыстырылды; екі үйдің шатырларының бөліктері ауыстырылды (Ленина 17, Олимпиада 2 көшелері); 20 үйлердің үй астылары қоқыстардан тазартылды; 20 үйдің кіре беріс алаңқайлары жөнделді; жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруге жатқызылған 6 тұрғын үйлер консрвацияланды; көшені жарықтандыру бойынша қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда; сел арналарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (1,2 млн.теңге). Әрине, тұрғындар назары жол жағдайынан да тыс қалған жоқ. Бұл қала үшін нағыз апаттың өзі. Көп жылдар бойы шешімін таба алмаған жол мәселелері көлікті де, уақытты да қалалықтардың жүйкесін де аямай келеді. Ағымдағы жылы қала жолдарына 6 мың шаршы метрден артық жерлердегі жол шұңқырлары жөнделді, сенбілік әдісімен "Курчатов - Семей" бағытындағы жолдың 12 км теліміне қиыршық тас төгу жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда, кездесуге қатысушылар әкім жұмысына және қаланы дамыту мен тұрғындар өмірін жақсарту мәселелерінің тиімді түрде шешілуіне оң баға берді.

Әкімнің халықпен кездесуі атқарылған жұмыстар туралы жай ғана есеп беру емес, ашық сұхбат болды. Барлық көтерілген мәселелер мен тілектер ескерілетін болады.

Интернационалист – жауынгерлер Жыл сайын Қазақстанда 15 ақпанда Ауғаныстаннан Кеңес әскерін шығаруға арналған еске алу күні атап өтіледі. Содан бері 17 жыл өтті. Біздің қаламызда 17 интернационалист - жауынгерлер тұрады. Сол жауапты, жүректі, батыл адамдармен қала әкімі Әнуәрбек Мұхтарханұлының кездесуі болып өтті. Кездесу ерекше бір жылылықпен, достық ілтипатпен өтті. Жанға жайлы көптеген сөздер мен игі тілектер айтылды. Біздің жауынгерлерге арнап шағын көңіл көтеру бағдарламасы әзірленді. В.Иванник ауған соғысындағы жағдайларға арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Интернационалист - жауынгерлер ауған соғысының сұрапыл жолдарынан өтті. Сол үшін де келер ұрпақтың сый-құрметіне ие болды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық олимпиадасы Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық шығармашылығын жаппай дамыту, педагогтер біліктілігін жетілдіру мақсатында Курчатов қаласының мектеп-гимназиясында олимпиада өткізілді. Оған орыс - қазақ мектептерінің бастуыш сыныптарынан барлығы 20 мұғалім қатысты.

Олимпиада педагогика, психология, оқыту әдістемелерінің, білім сапасын басқару (тестілер), сондай-ақ педагогикалық тапсырмаларды шешу сұрақтарын қамтыған. Сынақ қорытындысында әділқазылар олимпиада жеңімпаздарын анықтады: мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқытушысы Богомолова Л.И. (79 балл), мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқытушысы Топорова О.В. (73 балл). Олар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар (қазақ мектебінен 1 адам және орыс мектебінен 1 адам) облыстық олимпиадаға қатысады.

Қазіргі уақытта оқытушыға қойылатын талаптар өте жоғары. Бұл кең ой-өріс, көптеген ғылым негіздерін білу, түрлі педагогикалық технологияны меңгеру, барлық бастамаларды шығармашылық көзкараспен бастау. В.А.Сухомлинский оқуға деген қызығушылық сәттіліктен, жетістіктен туындаған шабыт бар жерде ғана болады дейді. Сол сәттілік пен жетістікке қалай жетуге болады? Қазіргі балалардың оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға, баланың ойлануын, пайымдауын, дәлелдеуін, келісуін, өз көзқарасында тұру мінезін қалай қалыптастыруға болады, бір сөзбен айтқанда жеке тұлғаны қалай тәрбиелеуге болады? Барлығын - мықтыны да, әлсізді де қалай үйретуге болады? Осы сұрақтар 2006 жылдың 1 ақпанында мектеп-гимназияда өткен семинарда қойылды. Әрбір бала талантты дейді психологтар, ал бізге берілген тапсырма оларға қоғамдағы өз орындарын табуға, өз қабілеттерін дамытуға көмектесу.

Олай болса, білім жүйесінің ақпараттандыру мен компьютерлендіру дәуіріне көшу кезеңіндегі көптеген қиыншылықтарға бой бермей, туған еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеуге шын мәнінде көңіл бөлуіміз керек. Тіл үйрен және оны құрметте 


13-18 наурыз аралығында № 3 орта мектепте "Тіл үйрен және оны құрметте!" ұранымен қазақ тілінің апталығы болып өтті. Апталық өте қызықты болды. Бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы, Наурыз мейрамына арналған қойылым, "Сәлем, Наурыз!" атты сазды бағдарлама және 9-10 сынып оқушылары арасында қабырға газеттерінің байқауы мектеп оқушылары мен ұстаздар ұжымының көңілін аудармай қоймады.

Алтыншы сыныптар арасында ұйымдастырылған "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" және жоғары сыныптар арасында өткізілген "Брейн ринг" конкурстары мемлекеттік тілді оқып үйренуге оқушылардың қызығушылықтары жыл сайын арта түскендігін байқатты.

А.С.Сыдыкова дайындаған көркем сөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы конкурсы асыл сөздің қадірін білетін бірқатар талантты балаларды анықтады.

Апталықтың шарықтау шегі Ұлы Абайдың 160 жылдығына арналған әдеби-сазды композиция болды. Сұрақ-жауап, ән, би, өлең, қара сөз оқу, М.Әуезовтың "Абай жолы" романынан алынған "Ақынның жастық шағы" атты қойылым жерлесімізге деген үлкен құрмет пен махабаттың куәсі болды.

Апталық тәжірибелі, шығармашылық шеберлікпен жұмыс істейтін қазақ тілі пәнінің оқытушылары Л.С.Атақанованың, К.К.Ахметжанованың, Ж.А.Алтынбекованың, С.М.Кенжебекованың, Д.Е.Қаржаубаеваның және жас маман А.С.Сыдықованың еңбектерінің арқасында ойдағыдый өтті.Мемлекеттік тіл күннен - күнге өмір қажеттілігіне жарап, маңызды қарым-қатынас тіліне айналып келеді. № 3 орта мектеп оқушылары қазақ тілін оқып үйренгілері келеді және оған толық мүмкіндік бар. Бұған қызу да қызықты өткен тіл апталығы куә.

Әр мектепте - лингофонды кабинет 28 қаңтарда мектеп-гимназияда "МЕRITs" жүйесімен жарақтандырылған мультимедиалық лингофонды кабинеттің ашылу салтанаты болды. Қаламыздың мектептеріне компьютерлер, интернет, жүздік байланс жүйелерінің енгені қашан. Оқушылар күннен-күнге жаңа технологияларды меңгеріп, өз білімдерінің жаңа көкжиектеріне қол жеткізіп келеді. Бұл кабинеттерде білім беру сабақтарымен қоса, семинарлар, тренингтер, факультативтер, оқытушылар, ата-аналар мен оқушылар үшін тренингтер өткізілетін болады. Мультимедиалы кабинеттер СD-дискілеріндегі электронды оқулықтармен жарақтандырылған, бұған қоса 7-11 сынып оқушылары үшін орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде бағдарламалар бар.

Қазақстан мектептерін толықтырған мультимедиалы лингофонды кабинеттер техникадағы және технологиядағы соңғы жаңалықтар болып табылады. Осы жоба еліміздегі көптілділікті дамытудың мемлекеттік тапсырмаларын жүзеге асыруда қажетті ашралардың бірі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өткен жылдың соңында республиканың әр мектептерінде "Каз - СТ ИнжинирингБастау" құрған "МЕRITs" кең ауқымды, тиімді мультимедиалық интерактивті оқыту жүйесі орнатылған болатын.

Қазақстандық және сингапурлік мамандар үш тілде - ағылшын, қаза, орыс тілдерінде оқытатын жалпы күрделілігі 210 сағаттық бағдарламасын жасады. Осындай сабақтар оқу үдерісіне оқушылардыңң өздерінің кеңінен қатысуларына мүмкіндік береді. "МЕRITs" жүйесі тілдерді үйренуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар түрлі мектеп пәндерін оқыта алады.

Үстіміздегі жылы № 3 орта мектепте осындай жүйелі кабинет ашу көзделіп отыр.

Мұндай жаңалықтар қоғам өмірінің қажеттілігімен санаса отырып дамып келе жатқандығын тағы бір мәрте дәлелдей алады. Еліміздің гүлденуі жолына жұмсайтын тың идеялар мен жоспарларын жүзеге асыру үшін балаларымыздың алдында үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр.

Біз өз күшімізге сенеміз Атом өнеркәсібін дамытудың басымдықтары Қазақстанның тұрақты дамуының мүддесіндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және қорғаныс тапсырмаларды шешу үшін ядролық қуатты пайдалану мен игерудегі жаңа мүмкіндіктерді ашатын алдыңғы қатарлы инновациялы технологияларды меңгерумен байланысты. Атом энергетикасын құру дегеніміз бірнеше атом электростанцияларын салу деген сөз емес. Қазақстан ғылымы мен техникасын, өнеркәсіп технологиясын атом энергетикасының талабына сай деңгейге дейін жеткізу қажет. Талап етілетін инфрақұрылымды құру, атом энергетикасы мен өнеркәсібі үшін жоғары деңгейдегі кадрлардың дайындығын қамтамасыз ету қажет. Осы мәселеге үлкен қызығушылық танытып, атом энергиясы институтына келген көптеген жас мамандар мұны жақсы түсінеді. Атом энергиясы институты КСРО орта машина жасау Министрлігінің Подольск ғылыми-зерттеу технологиялар институтының бұрынғы Біріктірілген экспедициясының базасында құрылған болатын. Кеңес Одағы құлаған жылдардағы тоқырауға қарамастан атом ғылымы саласында жұмыс істеген және осында қалған ғалымдардың үлкен тәжірибелерімен өзінің бай қоржынын толықтыра түсті. Прогресс ешқашан бір орында тұра бермейтіні көпке мәлім, сондықтан әрбір ғылыми кәсіпорын өзінің сәтті дамуы үшін тәжірибесі жоқ, бірақ жаңа білім мен біліктілігі бар жас мамандармен толығып отыруы тиіс.

Атом энеригясы институтының жас мамандары - бірегей құбылыс. Олардың бірегейлігі көптеген адамдардың іс әрекеттері қазіргі өмірдің қатал шарттарына байланысты ақша көзін ғана іздесе, бұл жастар тобы отандық ғылымды дамыту мен жетілдіру мақсатындағы күрделі жолды таңдады. Әрине, олар альтруистер, бірақ, өмірдің мәні тек ақшада ғана емес екендігін түйсінетін адамдар. Ғылыми жұмыспен шұғылдану, жаңалықтар ашу, атом саласындағы тәжірибелер мен зерттеулердің барлығының да олар үшін маңызы зор. Олардың нағыз талантты мамандар екендігінің айқын көрінісі Ұлттық ядролық орталықтың институттары арасындағы байқауларға қатысып, жас ғалымдар конкурсының жеңімпазы атағын иеленулері болып табылады. Соңғы байқау жеңімпазы ҚР ҰЯО ЯФИ жас маманы А.Мигунова. Олардың арасында жастығына қарамастан өз тәжірибелерімен бөлісіп, шетелдерде бірнеше рет дәріс оқыған А.Акаев бар, сондай-ақ ғылыми дәрежеге ие болғандар да бар. Олар О.Соколова (ГЗИ), А.Жұбаев, М. Гусев (ЯФИ), А.Гулькин (АЭИ). Олар өмірде де белсенді, қуатты, жігері жанып тұрған жастар. Олар өздерін ғылыми тұрғыдан да, жеке басына қатысты да толғандырып жүрген көкейтесті мәселелерін шешу үшін Ұлттық ядролық орталық базасында Жас ғалым мамандардың кеңесін құрды. Таяуда Кеңес Институттардағы жас мамандар арасында әлеуметтік сауал жүргізген болатын. Сол сауал арқылы жастардың өз мамандықтарын таңдағанда қателеспегендіктері, бірақ еңбек ақы төлемері толық қанағаттандырмайтындғы белгілі болды. Сондай-ақ осы Ұлттық ядролық орталықтың олардың өз біліктіліктері мен білім әрі қарай дамыту үшін толық мүмкіндік жасап отырғандығын үлкен ризалықпен жеткізді. Оларды толғандыратын басты мәселелер - отбасы денсаулығы, тұрғын үй және қаржылық мәселелер.



Соған қарамастан олар Қазақстан ғылымының дамуына үлестерін қосып, қаланың әрі қарайғы гүлденуіне ықпал етеді деп сенім арта отырып, адам факторы мен ғылыми қуаттылық - қадір тұтатын зор байлық демекпіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет