Байланыс ақпараты: Әл-Фараби алаңы 1, спорт зал - академияның қосымша ғимаратында,жаттығу залы – жертөледе. Тел- 40-82-22 (5118)
Пәннің саясаты: 1. Студенттер жеке бас тазалығын сақтауы қажет.
2. Спорттық киім: үстіне - ақ футболка, астына - қара түсті трико.
3. Спорт киімдері жыл мезгіліне сәйкес, дене пішіне сай болуы керек, ілмек, имек заттар қолданылмайды.
4. Спорттық аяқ киім аяққа жайлы, жеңіл, иілгіш болуы керек.
5. Студент асыл бұйымдарын өз қалтарына салып алуы керек немесе
оқытушысына өткізу керек.
6. Тырнақ ұзын болмасын.
7. Жолдан өткенде өте мұқият болып, қатардан шықпауы керек.
Тыйым салынады: 1. Оқытушысыз спорт және тренажер залдарында шұғылдануға
болмайды.
2. Спорттық киімсіз, аяқ киімсіз залға кіруге болмайды.
3.Спорт залда және оның алаңында темекі шегуге тыйым салынады.
4.Сабақ барысы кезінде сағыз шайнауға болмайды.
5.Сабақ кезінде шашқа темірден жасалған ілмектер тағуға болмайды.
6.Сабақ кезінде әшекей бұйымдар тағуға болмайды.
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы
044 -59/15
11 беттің – 3 беті
«Дене шынықтыру» пәні бойынша силлабусы
2.1 Кіріспе Дене шынықтыру - дене даярлығын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтымен саналы түрде жүру қажеттілігін тәрбиелеу жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру құралдарының бірі, денсаулықты нығайтудың факторы.
2.2 Пәннің мақсаты «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты білімдер жүйесін меңгерту, дене қабілетін жетілдіру мен денсаулығын нығайта түсуді қамтамасыз ететін практикалық біліктіліктер мен дағдыларға, жоғары кәсіби шығармашылықты белсенділікке дайындау болып табылады.
2.3 Оқыту мақсаттары - дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысу қажеттілігін саналы түрде түсінуді тәрбиелеу;
- өзін-өзі бақылау бойынша білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру;
- дене даярлығы деңгейін көтеру;
- дене қасиеттерінің дамуындағы өзгерістерді бағалау;
- кәсіби-қолданбалы дене даярлығы.