|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы
Морфологиялық пәндер кафедрасы
|
044 -31/15-
044-42/15-
40 беттің -беті
|
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу Пән: жалпы патология ңегіздері
Мамандық: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
|
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу
Пән: жалпы патология ңегіздері
Пән коды: ООP-2217
Мамандық: 5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің): 90 сағат (2 кредит)
Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр
2014 жылы
Әдістемелік өндеу кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді
_____ _____________ 2014 ж. Хаттама № _____
Каф. меңгерушісі _____________ доцент Жолымбекова Л.Д.
Кредит №1
Әдістемелік өндеу №1
1.Тақырыбы: Ауру тұралы ілім. Жалпы этиология. Жалпы патогенез және морфогенез.
2.Мақсаты: типтік патологиялық үрдіс немесе патология түрлерін бағалауда және патофизиологиялық қорытындалауда жалпы нозология түсініктерін пайдалануды үйрету.
3.Оқыту мақсаты
-
патологиялық үрдістердің моделдеу және эксперименттік терапияның маңызы және мүмкіншіліктері зерттеу;
-
нозология туралы негізгі түсініктерді зерттеу;
-
патологиялық типтерінің немесе нозологиялық түрлерінің патофизиологиялық анализінде жалпы нозология туралы түсінік және сипаттарының қолдана алуы.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Патологиялық физиология пәні және мақсаттары; басқа да медициналық ғылымдарының арасындағы орны.
2.Патологиялық физиология негізгі бөлімдері.
3.Патофизиология әдістері.
4.Эксперименттің маңызы. Медико-биологиялық эксперименттерді құрастырудың жалпы ұстанымдары және олардың нәтижелерінің интерпретациясы.
5.Жалпы нозологияның негізгі түсініктері.
6.Қалыптылық, денсаулық, ауру алды жағдай, ауру.
7.Аурудың кезеңдері. Аяқталуы. Толық және толық емес сауығу.
8.Этиология. Анықтамасы.
9.Себеп және жағдайдың ауру дамуындағы ролі және олардың өзара байланысы.
10.Аурудың негізгі экзогендік және эндогендік топтары.
11.Сыртқы орта факторларының әсерлері және жіктелуі.
12.Зақымдану патогенездің негізгі тізбегі ретінде.
13.Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастары.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.
Тәжірибелік жұмыс
Мақсаты: эксперименттер нәтижелерінің патофизиологиялық анализді жүргізу.
Лабораторлық жануарды (тышқан, егеуқұйрық) шағындау барокамераға кіргізеді. Қысымын 170-180 мм.с.б. (23-24 кПа) төмендете отырып 2-3 мин ішінде барокамерадағы ауаны сыртқа шығарады. Атмосфералық ауасы аз ортада 0,5-1 мин ішінде жануарда тынышсыздану белгілері байқалады: аяқтарымен тырмалап, тұмсығын қасылап, барокамера ішінде жүгіре бастайды; тағы да 2-3 мин кейін қалтырау, зәрін жіберіп қоюы байқалады, жануар бір шетімен жатып сирек терең «тыныс» (ақтық тыныс «гаспинг») алады. Соңынан ты-ныс толығымен тоқтап, жануар өледі. Сонымен атмосфералық ауасы аз ортада жануардың өмір сүру ұзақтығы 3-4 мин құрайды.
Сұрақтар
1.Берілген экспериментте жануар қандай патогендік факторлардың әсеріне ұшырады?
2.Көрсетілген факторлардың қайсысы дамыған патологиялық үрдістің (гипабариялық гипоксияның) себебі болып табылады?
3.Ұсынылған болжамдарды эксперимент арқылы қалай тексеруге болады?
6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7.Бақылау
Тесттер
1.Патологиялық физиология – ... зерттейтін ғылым.
А) аурудың пайда болуының жалпы заңдылықтарын, ағымын және ауру аяқталуын
В) физиологиялық жағдайлардағы организмнің тіршілік әрекетін.
С) аурудың жіктелулері мен номенклатурасын
Д) аурулардың клиникалық көріністерін
Е) адам организміне дәрілік заттардың ықпал жасауын
2.Патологиялық экспериментте міндетті болып саналады ... .
А) адам ауруларының моделін жануарларда алу
В) функционалдық көрсеткіштерді зерттеу
С) морфологиялық көрсеткіштерді зерттеу
Д) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу
Е) аурудың клиникалық белгілерін зерттеу
3.Абсцесс дегеніміз – бұл ... .
А) патологиялық жағдай
В) патологиялық серпіліс
С) патологиялық үрдіс
Д) патологиялық активация
Е) патологиялық супрессия
4.Күйіктен кейінгі терідегі тыртық ... жатады.
А) патологиялық жағдайға
В) патологиялық реакцияға
С) патологиялық үрдіске
Д) патологиялық активацияға
Е) патологиялық супрессияға
5.Ауру дамуындағы себебі мен себепкер жағдайлары туралы ілім ... деп
аталады.
А) нозология
В) патогенез
С) этиология
Д) патология
Е) валеология
6.Аурудың себебі болып табылатын фактор ... .
А) аурудың пайда болуына септесетін
В) ауруды тудыратын және арнайы ерекшеліктерін анықтайтын фактор
С) аурудың арнайы емес ерекшеліктерін анықтайтын
Д) аурудың пайда болу жиілігіне әсер ететін
Е) аурудың ауырлығын анықтайтын және даму ұзақтылығына әсер ететін
7.Ауру даму үшін ... .
А) бір себептің әсері жеткілікті
В) себептің әсерінсіз тек жағдайлар жиынтығының әсері қажет
С) міндетті түрде тұқым қуалауға бейімділік қажет
Д) ауруды дамытатын себеп те жағдайда қажет
Е) себептер жиынтығының әсері қажет
8.Патогенез – бұл ... ғылым.
А) ауру себептері мен даму жағдайлары жайлы
В) ауру туралы
С)аурудың даму механизмдері туралы
Д) организм реактивтілігі туралы
Е) организм тұқым қуалаушылығы туралы
9.Аурудың патогенезін зерттеу ... сұраққа жауап береді.
А) ауру неге туындады?
В) ауру туындауының себебі қайсы?
С) ауру дамуына не әкеледі?
Д) ауру дамуына не кедергі?
Е) ауру қалай, қандай жолмен дамиды?
10.Патогенездегі алғашқы тізбегі болып ... табылады.
А)екіншілік бүліністер
В) аурудың асқынуы
С) созылмалы түрге айналуы
Д) біріншілік бүліністер
Е) айналып соғу шеңбері
Жағдайлық есеп
Науқастын II дәрижеде 25% денесі температуралық қүйіктен жарақатталынды. Жағдайы ауыр. Науқас қоздырылу, күрделі шөлдеу, пульсы жиы, жене оның кернеу мен толтыруы әлсіз. Қан қысымы 100/60 с.б.
Сұрақтар
1.Науқастың жағдайын қалай түсіндіруге болады?
2.Патофизиологиялық негізгі емдеу шарттары қандай?
Әдістемелік өндеу №2
1.Тақырыбы: Организімнің рактівтілігі мен резистенттілігі. Жасушаның жалпы патологиясы.
2.Мақсаты: организм реактивтілігінің сыртқы және ішкі факторларының әсерін түсіндіруді үйрету; организм реактивтілігінің құрылуының негізгі механизмдерін түсіндіру. Жасуша деңгейінде патологиялық үрдістердің дамуы және аяқталуының механизмдерінің пайда болу себептерін тұжарымдауды үйрету.
Оқыту мақсаты
-
реактивтілікті анықтайтын факторларды зерттеу;
-
ауруды емдеу және алдын алуда реактивтіліктің бағыттама өзгерістерінің
мүмкіншіліктерін зерттеу;
-
организм реактивтілігінің құрылуының негізгі механизмдерін түсіндіру;
-
жасушалық деңгейде зақымданудың анықтауы, коррекциялау және алдын алу әдістері мен ұстанымдарын зерттеу;
-
әр түрлі ауруларда цитолиздік синдроммен байланысты жағдайда білімін қолдана алу.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
1.Реактивтілік және резистенттілік. Түсініктердің анықтамасы.
2.Реактивтіліктің түрлері, олардың сипаттамасы.
3.Реактивтілікті анықтайтын факторлар: генотиптің, жастың, жыныстың, конституцияның атқаратын ролі.
4.Патологиялық реактивтілік. Анықтамасы. Сипаттамасы.
5.Ауруды емдеуде және алдын алуда индивидуалдық және топтық реактивтіліктің бағыттық өзгерісі.
6.Иммунитет, оның түрлері.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.
Тәжірибелік жұмыс
Мақсаты: жылдамдық және шыдамдылық жұмысына адам организмінің адаптациясын үйрену.
Сынаманы орындау барысында тексерілуші үш күштемені орындайды. Біріншісі 30 сек ішінде 20 рет отырып тұруы керек. Екінші күштеме – бар күшімен бір орнында тұрып жүгіру 15 с – бірінші сынамадан 3 мин кейін орындалады. Үшінші күштеме – 180 қадам минутына атқарылатын бір орнында жүгіру 3 мин – екінші күштемеден 4 мин өткенде орындайды. Әрбір күштеме соңынан зерттелуші жүрек соғысының жиілігін (жсж) және артериялық қысымымен (АД) өлшеп регистрациялауы қажет. Бұл көрсеткіштердің регистрациясы күштемелер арасындағы демалу барысында және үшінші күштемеден 5 мин өткенде жасалынып отырады. Пульсті 10 сек интервалымен есептеп отырады. Зерттеудің нәтижесі бойынша 4 таблицаны толтырамыз. Серпілістің нормотониялық типі әр түрлі дәрежеде сынамаға сипатталады:
Уақыты, с
|
Күштемеге дейінгі пульсі
|
Әрбір күштемеден кейінгі пульсі
|
1-ші күштеме
|
2-ші күштеме
|
3-ші күштеме
|
1\ 2\ 3\
|
1\ 2\ 3\ 4\
|
1\ 2\ 3\ 4\ 5\
|
10
20
30
40
50
60
|
|
|
|
|
АҚ сист
АҚ диаст
|
|
|
|
|
Пульстің жиілеуімен, систолалық қысымның көтерілуі және диастолалық артериялық қысымның төмендеуімен. Ең маңызды критерий болып ЖСЖ және АҚ қалыпты жағдайдағы деңгейіне дейін қайта орнына келуі: бірінші күштемеден – 2 мин өткенде, екінші күштемеден кейін – 3 мин өткенде, үшінші күштемеден кейін – 4 мин өткенде демалысында тексеріп отыру қажет. Гипертониялық түрі систолалық АҚ 180-220 мм с.б. кенеттен көтерілуі мен сипатталады. Диастолалық қысым өзгермейді немесе аз ғана көтеріледі. ЖСЖ өте сылбыр қалпына келуімен жоғарғы пульстік реакция байқалады. Гипотониялық серпіліс түрі систолалық қысымның білінер-білінбес көтерілуімен, ал пульс екінші және үшінші күштемеден кейін 170-190 соққыға дейін жиілеуімен сипатталады.
Қайта қалпына келу уақыты созылады. Бұл өзгерістер систолалық көлем-нің азырақ көтерілгенімен жүрек жиырылуының жиілігінің есебінен минуттық көлемнің жоғарылауына байланысты болуы мүмкін. Дистониялық серпіліс түрі екінші және үшінші күштемеден кейін 0 – ге теңелетін диастолалық АҚ төмендеуімен сипатталады. Мұны біз «тоқтаусыз ағым феномені» дейміз. Бұл кезде систолалық АҚ ең жоғарысы 180-200 мм с.б. көтеріледі.
6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
7.Бақылау
Тесттер
1.Биологиялық (түрлік) реактивтіліктің көрінісі ... болып табылады.
А) мезгілдік анабиоз
В) зооноздар
С) қабыну
Д) аллергия
Е) антропоноздар
2.Реактивтілікті анықтайтын жүйелерге ... жүйесіні жатқызады.
А) иммундық
В) жүрек-тамырлық
С) жүйелік
Д) қан
Е) эндокриндік
3.Реактивтіліктің жүйке жүйесі жағдайын сипаттайтын көрсеткіштеріне ... жатқызады.
А) хронаксияны
В) комплемент титрін
С) АКТГ/СТГ гормондарының арақатынасы
Д) шартсыз рефлекстердің күшін және жылдамдығын
Е) гипофиз гормондарының концентрациясын
4.Эндокринді жүйе жағдайын сипаттайтын реактивтіліктің көрсеткіштеріне ... жатқызады.
А) қандағы гормондардың концентрациясын
В) қозғыштығын
С) зәрдегі гормон концентрациясын
Д) нысана жасушадағы гормондарға рецепторлардың саны
Е) қандағы пирогендер концентрациясы
5.Иммундық жүйе жағдайын сипаттайтын реактивтіліктің көрсеткіштеріне ... жатады.
А) лимфоциттердің саны
В) АКТГ/СТГ гормондарының арақатынасы
С) лимфоциттердің популяция және субпопуляциясының арақатынасы
Д) қандағы пирогендерконцентрациясы
Е) тері бактерицидтік қасиеті
6.Арнайы емес тосқауылдардың жағдайын сипаттайтын реактивтіліктің көрсеткіштеріне ... жатқызуға болмайды.
А) иммуноглобулиндер концентрациясын
В) терінің бактерицидтік қасиетін
С) асқазан сөлі қышқылдығын және құрамын
Д) биологиялық сұйықтықтарда лизицим концентрациясын
Е) нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігін
7.Арнайы емес физиологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.
А) шок
В) кома
С) мезгілдік анабиоз
Д) иммунитет
Е) аллергия
8.Арнайы физиологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.
А) шок
В) кома
С) иммунотапшылық
Д) мезгілдік анабиоз
Е) туа пайда болған иммунитет
9.Жоғары арнайыланған патологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.
А) гуморалды аллергия
В) иммунитет
С) шок
Д) иммундық тапшылық
Е) иммундық депрессиялар
10.Төмендеген арнайы патологиялық реактивтіліктің көрінісі ... болуы мүмкін.
А) гуморалды аллергия
В) иммунитет
С) шок
Д) иммундық тапшылық
Е) иммундық депрессиялар
11. ... жасушаның гендік бағдарламасының өзгеруі нәтижесінде жасушаның зақымдануы мүмкін.
А) Патологиялық гендердің экспрессиясында
В) Қалыпты гендердің репрессиясында
С) Гендердің транслокациясында
Д) Гендер құрылымының өзгерісінде
Е) Негізгі систосиымдылықты комплекс гендерінің экспрессиясында
12.Ишемиялық зақымдануда жасушадағы иондар және судың тепе-теңдігі
бұзылыстарының көріністеріне ... жатады.
А) К + жиналуы
В) Na + жиналуы
С) Cl – деңгейінің төмендеуі
Д) PO -4 жиналуы
Е) H + деңгейінің төмендеуі
13.Жасуша зақымдануының механизмдерінің бірі нәтижесінде ... жасуша ішілік үрдістердің реттелуі бұзылыстары болып табылады.
А) жасуша рецепторларымен биологиялық активті заттардың өзара әрекеттесуінің бұзылыстары
В) гормондар мен енйромедиаторлардың әсеріне жауап ретінде түзілетін екінші-аралық заттардың әсерінің блокадасы.
С) циклдік нуклеотидтермен реттелетін зат алмасулық үрдістердің тежелуі
Д) жасуша ферменттердің шектен тыс белсендірілуі
Е) эндоплазмалық ретикулумда кальций иондарының циклдік транслокациясы
14.Жасуша мембранасының зақымдану механимздері ... болып табылады.
А) бос радикалды және липопероксидті серпілістердің интенсификациясы
В) цитозольге лизосомдық гидролазалардың шығуы
С) жасуша ішілік және мембраналық фосфолипазалардың активациясы
Д) жасушаға глюкоза транспортының активациясы
Е) жасуша және жасуша ішілік құрылымдардың осмостық гипергидратациясы
15.Энергия қамтамасыз етуі бұзылысына байланысты жасуша зақымдануы ... дамуы мүмкін.
А) митохондрияларда тотығу үрдістерінің бұзылыстарында
В) гликолиз төмендеуі
С) КФК және адениннуклеотидтрансфераза активтілігінің төмендеуі
Д) плазматикалық мембранадағы Ка+, К+ - АТФ аза активтілігінің төмендеуі
Е) креатинин деңгейінің төмендеуі
16.Апоптоз некроздан айырмашылығы – ... .
А) жасушалық мембраналардың айқын зақымдануы дамиды
В) физиологиялық жағдайда «артық» жасушалардың жоюын қамтамасыз етеді
С) қабынуды қайталайды
Д) жасушаның «бүрісуімен» бірге жүреді
Е) механизмнің реализациясында лизосомды ферменттердің маңызы зор
17.Бос радикалдардан жасушаны қорғайтын заттарға ... жатады.
А) токоферолдар
В) екі валентті темір ионы
С) СОД
Д) сульфатаза
Е) пероксидаза
18. ... жасуша мембранасына детергентті әсеретеді.
А) Май қышқылы
В) Лизофосфолипидтер
С) Кетондық денелер
Д) Лактат
Е) Өт қышқылы
19.Бос радикалдық және асқын тотықтық серпілістердің шектен тыс активациялануы ... шақырады.
А) жасуша мембранасының липопротеидті комплексінің конформациялық өзгерістері
В) ақуыз сульфгидрильді тобының инактивациялануы
С) фосфолипаза активациясы
Д) тотығу-фосфорлану үрдісінің төмендеуі
Е) Na+, Са +, трансмембраналық алмасу механизмі активтілігінің төмендеуі
20.Жасуша антимутациялық жүйесінің ферменттеріне ... жатады.
А) рестриктаза
В) гистаминаза
С) гиалуронидаза
Д) ДНК - полимераза
Е) креатинфосфаткиназа
Жағдайлық есеп
Клиникаға түскен емізулі екі монозиготты егіздердің бауыр ұлғаюы анықталған, аш қарынға қан сарысуында көмірсу деңгейі төмендеген, адреналинді енгізгенде глюкоза деңгейі аздап қана көтеріледі, бауыр жасушаларында фосфорилаза фктивтілігі төмендеген және гликоген мөлшері жоғарылаған.
Сұрақтар
1.Егіздерде қандай патологиялық үрдіс дамыды?
2.Бұл патологиялық үрдістің қандай себебі болуы мүмкін?
3.Гепатоциттердегі берілген патологиялық түзілу механизмі қандай?
4.Гепатомегалия, гипогликемия және адреналиннің әлсіз гипергликемиялық әсерінің даму механизмі қандай?
Жағдайлық есеп
Антибиотикті инъекция түрінде жасап, 20 минуттан кейің, балтыр флегмонасымен аурыатын науқас шағым айтты: қорқыныш сезімі,мазасыздық, бетінің қызаруы, қан қысымы 180/90 мм.с.б.
Ендігі 20 минуттан кейін науқастын жағдайы нашарлады: әлсіздік,есінің шатасуы,қалтырау,қан қысымы 75/55 с.б.
Сұрақтар
1.Пациентте қандай жағдай дамиды?
2.Ем жолдары қандай?
Әдістемелік өндеу №3
1.Тема:Организмнің зақымдануға жалпы жауабы. Су-электорлит алмасуының бұзылыстары.
2.Мақсаты: организмнің зақымдануға жалпы серпілістерінің қорғаныстық-бейімделік және патогендік көріністерінің дифференциациясың үйрету. Су-электролиттер алмасуының бұзылыстарымен байланысты клиникалық және модельді жағдайларының патофизиологиялық анализің жүргізуді үйрету.
3.Оқыту мақсаты
-
су мен электролит алмасуының реттеу механизмдерінің бұзылыстары;
-
ағза мен су балансының ортаның және негізгі электролиттерінің сыртқы ортамен байланыстың бұзылыстары.
-
сыртқы су балансының және ағзаның ішкі ортасында судың таралу бұзылыстары негізгі түрлерін сипаттау;
-
дизгидрия патогенезіндегі жиі көріністерін және этиологиясын сипаттау.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары
1. Күйзеліс: анықтамасы, түрлері, этиологиясы, патогенез.
2. «Селье триадасы», түсініктіме.
3. Адаптация және күйзеліс түрлері, этиологиясы, патогенез.
4. «Адаптациялық аурулар» туралы түсініктіме.
5. Күйзеліске қарсы пайда болатын механизмдер.
6. Жедел фазасының жауабы: анықтамасы, жалпы сипаттамасы, ңегізгі медиаторлар, белгілері.
7. Жедел фазасының нәруыздары. Өспеге қарсы резистенттіліктін қалыптасуында және жедел инфекцияға қарсы организмді қорғау кезінде жедел фазасындағы жауабының ролі.
8. Экстремалдық жағдай: анықтамасы, түрлері, жалпы этиологиясы, сатылары, терминалдық жағдайдан айырмашылығы.
9. Шоктың, команың, коллапастың жалпы сипаттамасы.
10. Ағзада сыртқы су балансы мен ішкі ортада судың таралу бұзылыстарының себептері.
11. Ісінудің патогенездік факторлары және Старлинг заңы.
12. Ағза ішкі ортасында Na+, K+, Ca2+, Mg2+ иондарының құрамы және бұзылыстарының негізгі механизмдері және шақыратын себептері.
13. Су-электролиттер алмасуының бұзылыстарының негізгі түрлерінің этиология мен патогенезі.
14. Ағзада су және электролит алмасуы бұзылыстарының метаболизмдік және функционалдық ауытқулары.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есепті шешу.
Тәжірибелік жұмыс
Мақсаты: лабораторлық егеуқұйрық гемодинамикасына катехоламиндер әр түрлі дозасының фармакологиялық әсерін үйрету.
Егеуқұйрықтың 1 г массасына шаққанда 0,004 мл 0,1 % адреналин ерітіндісін т/і енгізеді. Тері астына адреналинді жіберген сәтте тері жамылғысы және кілегей қабаты бозарып, АҚ 120-70 тен 210/175 мм с.б. көтерілді, экстрасистолиямен қабаттасып тахикардия пайда болды, тынысы жиілеп, РаО2 өзгеріссіз, ал РvCO2 күрт төмендеді. Бірақ 12 мин кейін гипервентиляция фонында тері жамылғысы сұр түске айналып, артериялық қанның газдық құрамы өзгерген жоқ, РvO2-нің біртіндеп төмендеуі байқалады. 3-4 мин ішінде сыртқы тыныс бұзылыстарының белгісі дамыды, соңынан тыныс алуы ырғақсыз, ауыр, ылғалды сырылдар пайда болуымен өзгерді. АҚ төмендеді, пульстік қысымы азайды, аритмия дамыды. Бұл кезде РаО2 төмендейбастады, ал РаCO2 жоғарылады. Соңғы 20 минут ішінде клоникотонустық қалтырау, агональдық тыныс, аузы-мұрнынан ақ көпіріктер бөліне бастады, жануар өлді.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым мен қорытынды жасайды.
1.Жануар өлімінің себебі қандай?
2.Қандай белгілер өкпе шеменінің дамуын көрсетіп отыр?
3.Берілген сынамада жедел өкпе шеменінің патогенезі қандай?
6. Әдебиет: № 1 қосымшаға кара.
7. Бақылау:
Тесттер
1. Ортостатикалық коллапс..... пайда болады.
-
көлденен орналасуынан тік жағдайға кеннеттен ауысқанда
-
үқы безінің мыжылуынан
-
тыныс алу ауасында оттегінің мөлшері жедел төмендеуінде
-
ішек инфекцияларда
-
көлемді қансырауда
2. Iсiну – бұл ... .
-
тiндер мен тiнаралық кеңiстiктерде сұйықтық жиналуы
-
серозды қуыстарда сұйықтың жиналуы
-
лимфа түзiлуi артуы
-
тамыр iшiлiк сұйықтың артуы
-
жасуша iшiлiк сұйықтың артуы
3. Iш шеменi ... деп аталады.
-
асцит
-
гидроперикардиум
-
гидроторакс
-
перитонит
-
гидронефроз
4.Сумен улану ... кезінде дамиды.
-
организмге судың артық түсуi және оның аз шығарылуы
-
организмге судың аз түсуi
-
тұздар артық түскенде
-
организмнен судың артық шығарылуы
-
амалсыз теңiз суын iшу
5.Терiс су балансы ... байқалады.
-
қантсыз диабетте
-
жүрек жеткiлiксiздiгiнде
-
бауыр циррозында
-
нефроздық синдромда
-
жедел диффузды гломерулонефритте
6.... ісінудің патогенездік факторы болып табылады.
-
Ұлпалардағы осмостық және онкотикалық қысымның жоғарылауы
-
Қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі
-
Тамыр қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі
-
Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
-
Альдостерон түзілуінің төмендеуі
7.Қабынулық және аллергиялық ісінулердің дамуында ... жетекші рөлді атқарады.
-
қантамырлар қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы
-
қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
-
қанның онкотикалық қысымының төмендеуі
-
лимфаның ағып кетудің қиындауы
-
веналық қысымының жоғарылауы
8.Бауырлық ісінулердің дамуында ... жетекші рөлді атқарады.
-
қанның онкотикалық қысымының төмендеуі
-
қантамырлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы
-
қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
-
лимфа ағысының төмендеуі
-
қанның веналық қысымының жоғарылауы
9.... ісінудің қорғану-бейімделу қасиеті болып табылады.
-
Қанды уытты заттардан тазарту
-
Жүйке талшықтарын қысу
-
Қоректенуді бұзу
-
Ұлпаны зақымдау
-
Токсиндерді аккомодациялау
10.Сусыздану кезiнде ... байқалады.
-
қанның қоюлануы
-
қанның онкотикалық қысымының төмендеуi
-
орталық веналық қысымның жоғарылауы
-
артериялық қысымның жоғарылауы
-
айналымдағы қан көлемiнiң көбеюі
Достарыңызбен бөлісу: |