Терінің аллергиялық аурулары. Дерматит



Дата01.11.2023
өлшемі17.48 Kb.
#482087
Терінің аллергиялық аурулары


Терінің аллергиялық аурулары.
Дерматит.
Дерматит – терінің жедел қабынуы. Оның дамынуына себеп болатын мәнбірлерге механикалық, физикалық, химиялық агенттер жатады. Тітіркендіргіштердің әсері біткен соң жедел дерматит тез қайтады,бірақта агенттер қайтадан әсер етсе ауру да қайталайды.
Жедел дерматиттің екі түрі болады. 1) жанасқан қарапайым дерматиті дамытатын облигаттық тітігендіштер: қышқылдар, сілтілер, ауыр металлдың тұздары. 2) аллергиялық дерматитт» дамытатын факультативтік (шартты) тітігендіштер: скипидар, формалин, хром қосындылары, лактар, бояулар, пластмасс т.б. Қарапайым дерматитке кәсіптік дерматиттер жатады. Аллергиялық дерматитке аллергенге жоғары сезімі бар аурулар жатады.
Жалпы емі.
Тітіркендіргіштерді тауып, оларды жою.
Гистаминге қарсы – пипольфен
Десенсибелизивті дәрілер
Жергілікті ем.
Ылғалдандырғыш фурациллинмен 1 : 1 000, SolutionsAcidiborici 2%, чаймен.
Гормональды май + ланолин майы.
Қышымаға қарсы қоймалжыңдар.
Химиялық заттардың әсерінен болған күйікте 15 мин.сумен жуып, кейін ылғалды-кебетін таңғышты қолдану.
Токсикодермия.
Тітіркендіргіштер ағзаға тыныс жолдарымен түскенде, ішкенде, көк тамырға тері астына, бұлшық етке жібергенде ағзаға жалпы әсерін тигізгеннен пайда болатын тері аурулары токсикодермия тобына жатады. Ауырудың дамуы аллергиялық әсерінен болады.
Қауіпті кездер: тұқым қуалау, аллергиялық аурулар, ас қорту мүшелерінің аурулары, дәрі-дәрмектер, сапасыз өнімдер.
Екі түрі бар: оқшауланған түрінде денеде әр жерде топталып орналасқан таңба,түйіншек пайда болады Қышыну мазалайды. Жайылған түрінде науқастың жалпы жағдайы нашарлдайды. Токсикодермияның ауыр түрі Лаел синдромы деп аталады – токсикалық эпидермалдық некролиз. Денеде екінші, үшінші дәрежелі күікке ұқсайтын үлкен көпіршіктер пайда болады. Дене қызуы 40градусқа дейін көтеріледі, комотоздық жағдай дамып өлім қаупы туады. Емдеу негіздері. Аллергенді тоқтатып оны ағзадан шығару. Десенсибелизациялық, гистаминге қарсы, зәр шығаратын,іш жүргізетін дәрілер, кортикостероидтар, емдәм, сұйықтықтар,, дәрумендер. Жергілікті ем. Қабынуға қарсы, залалсыздантыратын, эпителизацияны дамытатын. Өлген тканді хирургиялық әдіспен алып тастау. Ауыр түрінде жан сақтау бөлімінде емделеді.
Экзема.
Экзема жедел басталып, кейін созылмалы түрде дамып, қайталанатын ауру. Ол қыртыс қабат пен нағыз терінің қабынуы.
Экзема – өзгеше қабынған эритемоевезикулездық, терінің қышитын зақымдануы, жедел басталып, кейіннен созылмалы түрде дамиды, қайталануға жиі бейім. Экземада шығатын ұсақ көпіршіктер қайнап жатқан судағы ауа көпіршіктерінің тез жаралуы еске түсіреді. Рессейлік дерматология мектебінің іргесін қалаушы А.Г.Полотенов терінің рецепторлардың функционалдық өзгерістеріне экземаны дамуына үлкен мағына береді. А.Г.Полотеновтың зерттеулерін жалғастырушы И.В.Головановтың көрсетуінше терінің әр түрлі сегіштік қасиетті экзематоздық бөрпелердің пайда болуына әкеледі. Экземамен ауырған адамдардың бүкіл организмнің аллергиялық реакцияларға. Орталық жүйке мен эндокриндік системасының функциональдық жағдайын және ішкі органдарының патологиясын зерттеп білу қазіргі уақыттағы дерматологиядағы тән нәрсе. Қазіргі заманғы клиникалық дерматология үшін экземаның алдын алу және тиімді емдеу тәсілдері мен патогенезін бақылау маңызды мәселе болып отыр.
Этиологиясы: экземаның дамуында экзогенді роль ойнайды (химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, ас - тағамдар және бактериальді аллергендер), сонымен қатар эндогенді (антигенді дитерминанты микроорганизмдер созылмалы инфекция ошағынан шыққан). Негізгі экземаның түрлері: нағызғы, микробты, себорейлі, мамандығына сай экзема, балалар экземасы.
Клиникалық көрінісі: нағызғы экземаның басталуы өте тез және барлық жастарда кездеседі. Жиі рецидивпен өтеді және созылмалы түріне көшеді, қайталанып өршу сатысына дейін барады.
Микробтық экзема екіншілік экзематизация пиодермия ошағынан, микоздардан, инфицирленген жарақаттардан, күйгеннен, свиштардан, трофикалық бұзылыстан, трофикалық жарадан аяқтардағы, лимфостаздан пайда болады.
Себорейлік экзема Pityrosporum ovale – мен бірге жүреді. Антигенді рольді кандида топты және стафилакокты шақырылады. Бұл кезде бастың шашты аймағын, маңдайды, құлақтың артындағы қыртысты, көкіректің жоғарғы бөлігін, екі жауырын ортасын, қол аяқ буындарын зақымдайды.

Шағымы: қышыну, бөртпе..
Орналасатын жерлер: аяқ пен қол
Себептер: Стрестер, жүйке жүйенің ж.ішкі аурулар, эндокринді аурулар,тұқым қуалаушылық, ілеспелі аллергиялық аурулар, індет ошағы, жағымсыз жүктілік, тиімсіз тамақтандыру.
Сыртқы тітіркендіргіштер, дәрі-дәрмектер, жоғары ж.төмен температура, әр түрлі сәуллер, метеорологиялық себепкер.
Кезеңдері: Эритематозды(қызару); 2. Папулезды(түйіншекті); 3. көпіршікті; 4. сулану ;
5.қабыршақтану; 6. түлеу .
Созылмалы түрінде тері қалыңдап қатаяды. Тері түлеп жарылады. Инфекция қосылып асқынуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет